Филологическая серия



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата12.02.2017
өлшемі3,54 Mb.
#3945
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

238
239
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
«Алаш» сөзі ақын өлеңдерінде мейлінше жиі жұмсалады. Елін жан-
тәнімен сүйіп, өз ұлтының мүддесін қарақан басының қамынан биік қоюдан 
жаңылған жоқ. Әйтпесе, тар қапаста жатып:
… Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес, көркейер
Істей берсін қолдарынан келгенін…
– деп жазар ма еді?! Бұл нағыз патриотизмнің шынайы үлгісі.
Мағжан Алашына адал, азаттықты аңсап, отаршылдыққа қарсы қайсар 
поэзия тудырған өр ақын ретінде тарихта аты мәңгі қалады. Ол табиғатты 
тірі  жан  иесі  ретінде  алады.  Табиғат  пен  адамның  жан  дүниесі,  бітім 
болмысының  бірге  жырлануы,  мінездеудің  басымдығы,  абстракциялық 
ой-толғамдардың мықтылығы, лирикалық субьетінің табиғатпен астасып 
бірігіп кетуі, табиғаттың адамсыз, адамның табиғатсыз күн кеше алмауы 
–  ақын  шығармаларының  басты  белгісі.  Нені  жырласа  да  ақын  бірінші 
кезекте өзінің сезімін, ішкі жан дүниесін білдіреді, сонысымен айнала әлемді 
бірге  толғандырып,  бірге  тебірентеді.  Ақын  романтикалық  күш-қуатқа, 
фантазияға, қиялға, қанатты ойға ерік береді. Сондықтан оның поэзиясы 
тылсым сырларға, сұлу жырларға толы. Терең эстетикалық ләззатқа құрылған 
лирикасы қазақтың сөз өнері үшін жаңа, соны дүние. 
«Пайғамбар»,  «Түркістан»,  «Күншығыс»,  «От»  өлеңдерінде  ақын 
жалпытүрілік идея көтереді. Түркі тектес халықтардың бәрінен үміт күтеді. 
Бұл өлеңінде ақынның туған жерге, өз тегіне, Шығысына деген сүйіспеншілігі, 
перзенттік патриотизмі айқын көрінеді. «Күншығыс» өлеңінде:
Қисық көзді Күншығыс,
Бұл тұруың қай тұрыс?
Серпіл енді, алыбым!
– деп, Шығыс елдеріне ұран тастай отырып, осы ойын әйгілі «Пайғамбар» 
өлеңінде жалғастыра түседі.
Күншығыстан таң келеді, мен келем,
Көк күңіренеді: мен де көктей күңіренем. 
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған, 
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!
Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры!
Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.
Күншығыста ақ алтын бір сызық бар:
Мен келемін, мен-пайғамбар, Күн ұлы.
Өлеңде ақын шабытының ғаламат күші қаншалықты сезіліп тұрса, ақынның 
Шығысқа, оның ұлдарына деген махаббаты мен мақтанышы соншалықты 
жарқырай түскен. Ол Шығыстың, оның ішінде түркі елдерінің кешегі тарихына 
үңіледі. Бір кезде жайлаған мекенін еске алады. «Түркістан» өлеңі соның айғағы. 
Түркістан – екі дүние есігі ғой.
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша – Түркістандай жерде туған.
Түріктің тәңірі берген несібі ғой –
деп  басталатын  өлеңі  ертедегі  Түркістан  жерін  мекендеген  ата-
бабаларымыздың өмірінен елес береді. Ақын Тұранның басын ақ шаштар 
басқан, аспанға асқан тауларын, бауырында ойнақ салған ерке бұлағын, 
теңіздей кемері жоқ көлдерін, Сейхун мен Жейхун дарияларын ғажайып 
көркем  тілмен  суреттейді.  Тұранда  хандық  құрып,  ел  билеген  асқақ 
хандарымыз  бен  дана  билерімізді,  ғұлама  ғалымдарымыз  бен  ер  жүрек 
батырларымызды дәріптейді. Алты алаштың шері мен жері болған Тұранға 
ие болуды аманат етеді. Осы өлеңінің өзінде-ақ небір ажарлы эпитеттер, 
балама бейнелер мен дыбыс үйлесімділіктері шебер өрнектелген. 
Жалынды ақынның поэзиясында «От» сөзінің де символикалық мәнге 
ие болғаны анық. Ежелгі түркі жұртының киелі тотемі саналатын «от» ұғымы 
Мағжанның «От» деп аталатын өлеңінде негізгі ойды білдіріп, өзінің ішкі 
болмысын, рухын танытқандай. Мысалы: 
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын жанамын,
Күнге ғана бағынам.
Өзім – күнмін, өзім – от,
Сөзім, қысық көзім де – от,
Оттан басқа Тәңірі жоқ.
– деп жалындаған. Сөзден сурет салып, жан бітірген Мағжанның кез келген 
өлеңін алсақ та, әсем әрленген, шебер кестеленген бейнелі сөздерді кездестіреміз. 
Ең бастысы, ақын ұлтжандылықты дәріптеген, оның айтқан әрбір сөзінен, әрбір 
дыбысынан ұлттық намысыңды оятатын, жаныңды жігерлендіретін рухты 
сезінеміз. Ақын поэзиясының негізгі идеялық нысаны – азаматтық сенім. Ол 
қазақтың көне тарихын жырлағанда оның артта қалушылығын емес, елдің 
тәуелсіздігі мен бостандығын қорғау жолындағы өшпес ерліктерін, бір жағадан 
бас, бір жеңнен қол шығарған кездегі береке-бірлігін жырлады. Оның көптеген 
өлеңдерінің басты ойы елінің болашағына алаңдау, оны небір зұлматтардан 
сақтап қалсам деген жан айқайы болып табылады. 
Мағжан Абайдан кейінгі қазақ әдеби тілін дамытушы, көріктендіруші 
суреткер. Сәбит Мұқанов: «Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан 
саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетіне жаңа түрлер енгізу 
ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейінгі тіл өнегесінде Мағжаннан 
асқан ақын қазақта жоқ», – деп, ұлы ақынның даралығын ерекше атап кеткен 
болатын.  Шынында  да,  ақынның  шығармаларынан  ағартушы  реализм, 
романтизм, символизмнен басқа, сетиментализм, реалистік әдістердің іздері 
әр түрлі дәрежеде бой көрсетеді. Ол бірде нәзік әуезге, сыршыл ойларға 

240
241
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
берілсе, бірде әр қазақтың жүрегіне намыс отын жағып, батыл әрекетке 
жігерлендіреді, арманына қанат бітіреді. Сондықтан да ақынның айбынды, 
айбарлы поэзиясы бүгінде жүректерге жол тауып, жалындай түсуде. 
Ақын  шығармасында  кездесетін  «Жел»  бейнесі,  бірде  рахат 
тыныштықтың,  бірде  тағдырдың  символы,  енді  бірде  желсөз,  өсек-аяң, 
сыбыс, хабаршы мағынасында да жұмсалады. Енді бірде «жел» образы елде 
болып жатқан жамандықты жеткізуші хабаршының баламасы ретінде де 
алынады. Мағжан Жұмабаевтың фольклордағы қара күш иелерін өлеңдерінде 
символ ретінде пайдалануында өзіндік әдісі бар. Мағжан шығармаларындағы 
қара күш иелері қазақ ұғымына жақын, қазақ топырағына лайық пері, сайтан 
образында алынады. Бұлардың қай-қайсысы болмасын халық сенімінде, 
санасында  иен  далада,  елсіз  мекендерде  жүреді.  Қасына  жақын  барған 
адамдарға қастандық жасайды. Сондықтан ұлттық ұғым бойынша олардың 
қасына ешкім жақындамайды. Мағжан Жұмабаев өзінің өлеңдерінде ұлттық 
санада қалыптасқан бұл түсініктердің қаймағын бұзбайды.
Қараңғылық қаптады,
Қайғы ма басқан, түн бе екен?
Сыбдыр-сыбдыр әлде не, – 
Жел ме?
Жүрген жын ба екен ? –
деп жындардың түнде жүретінін білдіретін ұлттық санадағы ұғымды көреміз. 
Бірақ оны ақын халық басына төніп келе жатқан қатердің хабаршысындай 
етіп, соған балап суреттейді. Елге бір қара түнектің төніп келе жатқанын 
айтуда халықтың өз ұғымына сай, өз түсінігіне ыңғайлы сөздерді қолданады:
Қарашы кейін бұрылып,
Таудай болып созылып
Қала – бір жатқан дәу пері.
Айналасы – тұман, түн,
Дем алысы – от, түтін.
Жарқ-жұрқ етер көздері –
дей  келе,  Мағжан  қолқаны  атқан  көк  түтінге  оранған  қала  тірлігінің, 
ауылдың жұпарлы ауасымен салыстырғанда жан төзгісіз екендігін ауыл 
халқына  түсіндіру  үшін  «қала  –  бір  жатқан  дәу  пері»  деп  оны  ұлттық 
санаға жақындатады. Ұлттық ұғымда дәу, перілер адамдарға тек жамандық 
жасаушы, қара күш иелері. Ендеше қала адамдарының қолқасына еніп алған 
көк түтіннің адамдарға ауру әкелуден басқа жақсылығы жоқ. Міне, осылайша 
ауыл адамдарының санасына қала тіршілігін жеткізеді. Ұлы суреткердің 
шығармашылығында тарих тұңғиығын терең түсіну, болашақты болжай білу, 
бүгінгі өмірдің ақиқатына көз жетізу сияқты терең толғаныстар заманның 
астан – кестен аласапыран жайымен астасып жатады.
Ақынның әр өлеңі интонация заңдылығына бағынады. Әр сөз адамның 
көңіл-күйімен тығыз байланысты, сондықтан «әр сөздің айтылуына қарай 
мың  мағынасы  бар».  Бұл  арада  әр  сөзге  ажар  беріп,  оның  мағынасын 
толықтыратын ең қарапайым тәсіл – интонация (латынша intonate – дауыс 
ырғағы), яки әр сөздің айтылу мәнері [2, 217б.]. Интонация – дауыс толқыны, 
сөйлегенде  сөз  мағынасын  әсерлі  жеткізу  үшін  дауыстың  құбылтып, 
жоғарылап, төмендеп өзгеріп отыруы, сөздің мәнерімен, әр түрлі сезіммен 
айтылуы. Сөздің көтеріңкі леппен, салтанатты түрде, не терең ойға шомып, 
сабырмен, байсалды қалыпта немесе нәзік сыршыл сезіммен айтылуға орай 
дауыс  толқыны  да  бірде  биіктеп,  өршеленіп,  бірде  төмендеп,  бәсеңдеп, 
сөздердің  үнділігін,  саздылығын  ұдайы  өзгертіп  отырады  [3,  79  б.]. 
Мағжанның «Жай әншейін ойын ғой» деген өлеңінде дауыс толқынының 
неғұрлым құбылмалы келіп, түрленіп отырғанын көреміз. Мысалы:
Айт! Құйт! Ха-ха, ха-ау! 
Бітір бер Мәскеу…
Иванов қалқам,
Мә, саған арқам!...
Әй, керек-ау, әй, керек.
Арақ ішсең, асыңа
Май керек!
Төрелерге жем керек.
Оқығанға мен керек! 
Бұл  өлеңді  өзгеше  интонациямен  нақышына  келтіре  оқысақ,  біздің 
ойымызға  ұғым,  көңілімізге  сыр,  көкірегімізге  сезім  ғана  емес,  көз 
алдымызға ойлы сурет пайда болады. Сөздер дауыс ырғағы арқылы, міне 
осылай  ажарланады.  Ақын  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғамдық  ортадағы 
саяси-әлеуметтік келеңсіздіктерді ашып айтуға болмайтын кездерде, жылы 
юмормен немесе астарлы мысқылмен жеткізуге шебер. Тағы да мына өлеңге 
назар аударайық: 
Орман
Тынған.
Белдер – 
Гүлдер.
Күлбір,
Сыбыр.
Тұман – 
Таң, таң!... 
Бұл  өлеңді  әншейін  желдіртіп  оқып  шығуға  болмайды.  Айтар 
ойын жұмбақтап, ыммен, ишарамен жеткізген. Әр сөздің өзінде ерекше 
интонациялық  мән  бар.  Әр  жолға  Мағжан  арнаулы  ырғақ,  леп,  тыныс 
беріп, әр сөзге жан бітіріп тұр. Ол дауыстап айтуға болмайтын, қарыштап 

242
243
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
жазуға келмейтін тұстарда емеурінді керемет бір шеберлікпен үйлестіреді. 
Сондықтан  Мағжанның  поэзиясын  тек  сезімнің  жетегінде  ғана  оқуға 
болмайды, астарлы мағынасына, терең идеясына үңіле отырып зерделеген 
дұрыс. Бұл жерде ақынды, оның айтайын деген ойын өмір сүрген ортасынан, 
тарихи кезеңінен тысқары қарастыра алмайтындығымыз белгілі.
Мағжанның  жыр  маржандарын  тебіренбей  оқу  мүмкін  емес. 
Жырларының  тамырына  қан  жүгіртіп,  жан  бітіретін  мазмұнынан  басқа, 
айшықты тілі мен сазды ырғағы. 
Әлемдік поэзияның сырлы бояуын барынша қабылдап, оны дамыта 
түскен  ірі  дарын  иесі  Мағжан  Жұмабаев  өзіндік  қолтаңбасымен  қазақ 
поэзиясының  алтын  қорынан  өз  орнын  алды.  Рухани  асыл  қазынаға 
өлшеусіз мол поэзиялық өрнек әкелген ақын қазақ әдебиетін жаңа сапаға 
көтеріп, қазақ әдеби тілін жұмсақ та, нәзік, көркем етіп қалыптастыруға 
мол үлес қосты. Уақыт өткен сайын ақын шығармаларының өміршеңдігі 
жойылмайды, тұлғасы жарқырай түседі. Ойымызды «Мағжан поэзиясы мәңгі 
өлмес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржаны 
махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық стихиясының сан алуан тылсым, жұмбақ 
күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып туған, адам жүрегінің 
мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі 
жымдаса  ұласқан,  ықшам,  жинақы,  жұп-жұмыр  жауһар  дүние»[1,  95б.],  
–деген академик Рымғали Нұрғалидың сөзімен түйіндейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Нұрғали, Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана : Күлтегін, 
2002. – 528 б.
2 Қабдолов, З.Сөз өнері. Алматы : Санат, 2003. – 528 б.
3 Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы : Ана тілі, 1998. – 378 б.
4  Мағжан  Жұмабаев.  Өлеңдері,  прозасы  және  әдеби  зерттеулер. 
Құрастырған Ж. Сүлейменов. – Петропавл : Полиграфия, 2006. – 428 б.
5 Қанарбаева, Б. Мағжан символист. Алматы : Эономика, 2007. – 288 б.
Материал 07.11.14 баспаға түсті.
Ж. С. Таласпаева, Ж. Т. Кадыров
Слова-символы использованные в поэзии Магжана
Северо-Казахстанский государственный 
университет имени М. Козыбаева, г. Петропавловск.
Материал поступил в редакцию 07.11.14.
Zh. S. Talaspayeva, Zh. T. Kadyrov
Symbol words used in the poetry by Magzhan
North Kazakhstan State University 
named after M. Kozybayev, Petropavlovsk.
Material received on 07.11.14.
Автор  рассматривает  специфику  использования  слов-
символов,  анализирует  ключевые  слова  лингвокультурологической 
и патриотической интерпретации, выделенные в поэзии Магжана 
Жумабаева. 
The author examines the specifics of гыштп symbol words, analyzes 
the keywords of linguistic and cultural, patriotic interpretation distinguished 
in the poetry by Magzhan Zhumabayev.
ӘОЖ 81’221
Е. Е. Түйте
ф.ғ.к., филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, академик 
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҮДЕРІСІНДЕГІ ПАРАТІЛДІК 
АМАЛДАР
Мақалада қарым-қатынас үдерісіндегі паратілдік амалдардың 
көріністері, паралингвистиканың зерттеу мәселелері қарастырылады. 
Паратіл,  кинесика,  фейсбилдинг,  фонация  сынды  ұғымдарға 
түсініктемелер беріледі. Паралинвистикалық тәсілдердің түрлері 
мен қызметі сөз болады.
Кілтті сөздер: паралингвистика, паратіл, кинесика, фейсбилдинг, 
фонация,  мимика,  пантомимика,  вербалды,  бейвербалды,  дауыс 
модуляциясы,  пауза,  тональділік,  дауыс  қарқындылығы,  сөйлеу 
ырғағы.
Адамдар күнделікті өмірде тек тіл арқылы, яғни сөздермен ғана қарым-
қатынас жасамайды, «сезім тілімен» де   – тілдік емес амал-тәсілдерді де жиі 
қолданады. Қарым-қатынас үдерісінде сөйлеу ғана басты орынға ие болады, 
ал ым-ишара, қимыл, қозғалыс басқа, яғни коммуникативтік қызметі жоқ 
деп ойлау қате болар еді. Бұл екеуі де – адамның ішкі дүниесін, ойлауды 

244
245
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
жарыққа шығарып, түсінікті етіп жеткізудің басты құралы. Адам баласы 
кез келген хабарды көру және есту мүшелері арқылы қабылдайды. Егер 
көру жағдайы есту жағдайынан күштірек болса, онда осы жерден адамның 
сөйлеу әрекетімен қоса, ым-ишараның да ақпаратты жеткізудегі басты құрал 
екеніне көз жеткізе аламыз.
Әңгімелесушінің  қимылына,  қозғалысына,  ым-ишарасына  қарап 
отырып, оның не жайында айтқысы келгендігін және не ойлағандығын оңай 
түсіне аламыз. 
Осындай  тілдік  емес  амал-тәсілдерді  қарастыратын  ілімді 
паралингвистика деп атаймыз. Паралингвистика дегеніміз: 1) хабарланатын 
ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен берілу) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде 
қолданылатын  вербалды  емес  (тілден  тысқары)  амалдармен  берілуін 
зерттейтін тіл білімінің саласы; 2) сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды 
емес тәсілдердің жиынтығы [1, 213]. Паралингвистикалық амалдар   – тіл 
жүйесіне жатпайды және тіл бірліктері де болып табылмайды, олар тек 
сөйлеу әрекетімен қоса жүріп отыратын, ақпаратты толық жеткізудің басты 
құралы.
Паралингвистикаға қатысты паратіл, кинесика, фейсбилдинг, фонация 
сынды терминдерді білген дұрыс.
Паратіл (грек, para – жанында, сыртында) – сөйлеумен қоса жүретін, 
бірақ вербалдық емес, дауыс қаттылығы, кідіріс (пауза), дауыс модуляциясы, 
ым-ишара,  қимыл,  сөйлесушілер  арасындағы  көру  қатынасы  және  т.с.с. 
паралингвистика қарастыратын ұғым [2]. 
Паратіл  –  «вербалдық  емес  дауыс  белгісі,  сөйлеуді  әрлейтін  – 
тональділік, дауыс қарқындылығы, сөйлеу ырғағы, кідіріс (пауза) және дем 
алу (шығару) сияқты мәліметті, ақпаратты толықтырып тұратын ұғым болып 
саналады. Паратіл не айтылғанға емес, қалай айтылғанға байланысты болады. 
Паратілдің  аз  қолданылатын  түрі  үнсіздік  немесе  үнсіз  қалу  болып 
табылады. Үнсіздік арқылы адамар бір-біріне деген сенімсіздікті, жауласуды, 
қаталдықты, сонымен қатар құрмет пен жақсылық, ұялу сияқты қатысымық 
әрекетті де біледі. Мысалы: 
«– Ұрқияш, бері келші, – деп, ... Не көрсек те енді жазу біреу, көрдік, 
көндік. Солай емес пе қалқам! Басымды ажалға тіктім! Қолымнан беріп, 
қоншымнан басып тіршілік етер енді менде хал жоқ... Қалған өмірім сенімен 
ғана өтпек.
Ұрқия да көзі мөлдіреп, Ақанға қарап оның сөзін құптағандай жымиып 
күлді» (С. Жүнісов, «Ақан сері»). Бұл жерде Ұрқияның үнсіз жымиып күлу 
әрекетінен «иә» деген келісімді аңғаруға болады.
Кинесика  (грек.  kinesis  –  қозғалыс)  –  дененің  қозғалысы,  адамдар 
арасында сөйлесу кезінде қолданылатын (сөйлеу аппаратының қозғалысынан 
бөлек) амал-тәсіл. Мысалы: 
«Ал намаз уақыты болып қалыпты. Ендігі әділ билік Сұрекеңде, – деп 
орнынан тұра берген Нұртаза інілеріне «бері жүріңдер» деген белгі беріп, 
үшеуі жұрттан бұрын тысқа шығып кетті» (С. Жүнісов, «Ақан сері»). 
Бұл жерде «бері жүріңдер» деген белгі – «қол бұлғау, бас изеу» қимылы 
арқылы беріліп тұр.
Фейсбилдинг (ағылш.face – түр, бет-әлпет, building – құру, жасау) – екі адам 
арасындағы сөйлесуде қолданылатын бет-әлпет қимылының техникасы мен 
әдісістемесін меңгертеді. Мұны қуаныш, ашу, таңқалу, қорқыныш, жеккөру 
және т.б. психикалық жай-күйлерден көруге болады. Мұнда басты назар 
адамдар көздеріне, бет-қимылына аударылады. Көздеріне, бет-қимылына қарап 
отырып, қарым-қатынасты әрі қарай өрбітуге болатыны, болмайтыны белгілі 
болады. Фейсбилдингпен әртістер, педагогтар, әкімдер, тележүргізушілер және 
т.б. айналысады. Бұл арнайы паралингвистикада зерттелінеді.
Фонация (грек. phone – дауыс, дыбыс) – сөйлеу дыбысының құрылуының 
физикалық  үдерісі,  естумен  түсінілетін,  дыбыс  мүшелерінің  белсенді 
үндестігі, дауыс құрылымын жабдықтаушы (артикуляциялық аспект) және 
дыбыстың акустикалық үндестігі. Дыбыстың жасалуы және қабылдануы кері 
байланыс әсерімен ерекшеленіледі: белгілі бір қарым-қатынас жағдайында 
дыбыс жасалуы кезінде баяншының белсенділігі үлкен рөл атқарады, ал 
дыбысты қабылдау кезінде ақпарат тыңдаушының есту (көру) мүмкіндіктері 
арқылы өздігімен толықтырылады (саралау, сараптау арқылы).
Паралингвистика ғылыми тұрғыдан ХХ ғасырдың 60 жылдарында дами 
бастады.  Бұл  тіл  білімінің  тілді  тек  құрылымдық-жүйелік  жақтан  қарап 
қоймай, басқа да қырларын зерттеу қажеттігінен туындады. Паралингвистиа 
ұғымын американдық лингвист А. Хилл 1940 жылдардың аяғында енгізді, 
алайда Н. В. Юшманова 1930 жылдардың өзінде-ақ бұл ұғым жайында айтып 
өткен болатын. Бұған ғалымның «Экстронормальная фонетика» еңбегі дәлел 
бола алады.
Экстронормалық фонетика (лат. extra – жоғары, сырттай) – фонетиканың 
бөлімі,  қарым-қатынасты  жүзеге  асыратын  қалыпты  емес  сөйлеу 
жағдайындағы дыбыстың ерекше жасалуын зерттейді. Бұған одағайларда 
кездесетін ерекше дыбыс үндестігі (аһһ), жануарларға бұйрық беру (кіш, шу), 
жануарларды шақыратын дыбыстар (кә-кә, әукім-әукім) немесе балалардың 
жүйесіз сөйлеуі, былдыры, сонымен қатар, жылдам әрі мағынасыз сөйлеу 
де жатады.
Экстронормалық фонетиканың элементтері көркем шығарма тілінде 
де экспрессивті-көркемдеуіш құрал ретінде қолданылуы мүмкін, мысалы, 
құстардың ән айтуын сипаттау кезінде т.с.с. 
Қазіргі  кезде  паралингвистика  –  қолданбалы  ғылым.  Оны  Оксфорд 
қаласында шешендік шеберлік курсы үшін оқытады, сонымен қатар, әртүрлі 
психологиялық тренингтер кезінде де қолданады. 

246
247
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Паралингвистикалық тәсілдердің 3 түрі бар:
–  Фонациялық  –  ырғақ,  тембр,  дауыс  қаттылығы,  кідіріс  орнына 
жұмсалатын  дыбыстар  (мысалы,  е-е,  м-м),  сөйлеу  мәнері,  жергілікті, 
әлеуметтік немесе идиолектілі дыбыстардың жасалуының ерекшеліктері;
– Кинетикалық – дене қимылы, сөйлеушінің бет-әлпетінің қозғалысы;
– Графикалық – жазу (почерк) ерекшелігі, әріптер мен тыныс белгілері 
қолтаңбасының түрлері, әріп таңбасын айырбастайтын қосымша символдық 
белгілер ( &, § және т.б.) [1].
Тілдік амалдарға қарағанда, тілдік емес амалдар күтпеген жағдайлардан 
орын  алуы  мүмкін  және  қарым-қатынас  үдерісінде  нақты  қандай  түрде 
қатынасатындығын  алдын  ала  білу  қиын.  Алайда,  екеуі  де  ақпаратты 
жеткізудің  (хабарды  білдірудің)  басты  құралы  болып  табылады. 
Паралингвистикалық амалдарды біз қолданғанда алдын ала жоспарламаймыз, 
олар  күтпеген  жағдайлардан  орын  алуы  мүмкін.  Мәселен,  сіз  кездесуді 
жоспарлап,  оның  ойдағыдай  өтетініне  сенімділік  танытып  қойсаңыз, 
шындығында, бұл сіз ойлағандай болмауы мүмкін. Осы жағдайдан түрлі 
паралингвистикалық амалдарды көруге болады.
Біз  дауысымызды  қарым-қатынас  жағдайында  өзгерткен  жағдайда 
хабарламамызды толықтырып, сөйлеу мәнерімізге әсер береміз, сөздердің 
екімағыналылығын (екіұшты) ерекшелейміз. 
Осыған қатысты дауыс сипаттамасының мынандай түрлері болады.
1. Дауыс жоғарлығы (высота голоса) – бұл оның үні. Дауыс жоғарлығы 
оның  қаттылығымен  бірге  өзгереді.  Адамдар  ашу  үстінде  дауыстарын 
көтереді, ал сабырлы тұрған кезінде, керісінше, ақырын сөйлейді.
2. Дауыс қаттылығы (громкость голоса). Адамдардың сөздерді қатты 
немесе жай айтуына байланысты болады. Кей адамдар қатты сөйлейді, ал 
екінші біреулері керісінше жай сөйлейді. Сонымен қатар, дауыс қаттылығы 
жағдаятқа және әңгімелесу баянына қарай өзгереді.
3. Ырғақ (темп) – бұл адамның сөйлеуінің жылдамдығы. Адамдар көп 
жағдайда,  әсіресе  олар  бақытты  болғанда,  шошынғанда,  қобалжығанда, 
толқығанда жиі жылдам сөйлейді, керісінше белгілі бір мәселенің шешімін 
баяндағанда немесе басқа бір тақырыпқа ауытқығанда жайырақ сөйлейді.
4. Дауыс тембрі (тембр голоса) – ол оның айтылуы. Әр адам дауысы 
өзіндік  тембрге  ие.  Осылай,  дауыстар  салдырлаған,  сыңғырлаған  және 
қарлыққан болуы мүмкін. Бұдан бөлек, дауыс тембрі көңіл-күйге байланысты 
да  өзгереді.  Кейде  біздің  вокалдық  мәнеріміз  (вокальные  привычки), 
адамдардың бізді дұрыс түсінбеуіне әкеліп соқтырады. Мысалы, адам ашу 
үстіндегі тембрге ие болып, басқаларын жалған нәрселермен сендіруі мүмкін, 
алайда шындығында олай емес. Бұл жағдай тек жекелеген адамдардың өз 
мүддесі үшін жасалған әрекеті болып саналады.
Қарым-қатынас жағдайында вокалдық кедергілерге ерекше көңіл бөлген 
жөн (вокализаторлар, кідірісті толықтырғыштар). Көп жағдайда адамдар 
вокалдық  кедергілерді  жиі  қолданады.  Вокалдық  кедергілер  –  сөйлеу 
мәнерін  бұзатын  артық  дыбыстар  немесе  сөздер.  Бұл  кедергілер  артық 
саналып, өзіңе назар аудартып, тыңдаушыларға айтылған хабарламаның 
мәнін түсінуге кедергі жасайды. Күнделікті өмірде біздің сөйлеу мәнерімізде 
көптеп  кездесетін  мынадай  кедергілер  бар:  «е-е-е»,  «м-м-м»,  «жаңағы» 
және  «түсінесіз  бе?»,  «деген  секілді»  т.б.  Бұл  кедергілер  айтушының 
(баяншының) сөз болып отырған мәселесін толыққанды түсінбегендігінен, 
білмегендігінен  т.с.с.  жағдайларынан  туындайды.  Вокалдық  кедергілер 
осындай жағдайлардың «орнын басатын сөйлем» ретінде, сөйлем арасында 
паузаны  толықтыру  негізінде,  үнсіздікті  жою  үшін  қолданылады,  яғни 
өзімізге қажетті деген «сөзімізді» іздеу үшін немесе ойымызды аяқтамаған 
жағдайда,  әрі  қарай  толықтыру  мақсатында  қолданамыз.  Алайда  бұл 
жағдайлардан  кейін  тыңдаушы  тарап  біздің  сөзімізді  бөлуі  мүмкін  (кей 
адамдар басқалардың сөздерін бөлуі мүмкін, кідіріс көп болса). Дегенмен біз 
бұндай дыбыстарды, яки сөздерді жиі қолдана берсек, не айтқымыз келгенді 
білмей немесе өзімізге деген тыңдаушы тараптан сенімсіздікті тудырып 
аламыз. Бұл әдет кейіннен қолданушыға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. 
Паралингистикалық амалдар мынадай қызмет атқарады:
–  қосымша  ақпарат  беру  (жағдайға  байланысты  бас  изеп  қолдау\
қолдамау, фонациондық сипаттамалар арқылы баға беру т.б.). 
– вербалды элементтің орнына қолданылады (мысалы, басын шайқау 
немесе таңдайын қағу арқылы жағымсыз ым-ишараны білдіру);
–  ортақ  мағынаны  білдіру  мақсатында  вербалды  әдістермен  қатар 
қолданылады  (мысалы,  «Маған  анау  кітапты  әперіп  жіберіңізші»  деген 
сөйлемді сілтеу ишарасы арқылы қол сілтеп көрсетуге болады. Көзге көрініп 
тұрған болса, бұл жерде кітаптың авторын немесе атауын айтып жатудың 
қажеті жоқ [3, 367].
Паралингвистикалық амалдар хабарлаушы (немесе жазушы) жайында 
ақпарат беруі мүмкін, яғни оның әлеуметтік, жыныстық, жастық белгілерін, 
мінез  ерекшеліктерін,  сонымен  қатар  этнолингвистикалық  құрамын 
анықтайды.
Паратілдік көріністер біздің қоғамымызда түрлі жағдайлардан көрінеді. 
Мәселен,  адамдардың  сәлемдесуінің  өзінен  бірнеше  ерекшеліктерді  де 
байқауға болады. Бүгінде ер адамдармен қатар әйел адамдардың да қол 
беріп сәлемдесуі дағдыға айналған. Әйел адамдардың ер адамдармен қатар 
деңгейде қол беріп амандасуы олардың қоғамдағы лауазымды дәрежесіне 
байланысты  екендігін  білдіреді.  Ал  Оңтүстік  Қазақстан  өңірлерінде 
(Шымкенттен жиі байқадым) бұлай амандасу көрші елдердің (?) әсерінен 
де болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет