«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет162/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
152 
түшіркендіреді. Ол өкіл – ел қамын ойлап жүрген өкіл емес. Көкейін жігітшілік теседі, 
бірдеңе алсам дейді, кісімсініп, қыр көрсетіп қойқаңдау, қоқаңдаудан қымсынбайды... 
Бейімбет Майлин шығармашылығына жаңа дәуірдің тарихи әділ бағасын беруде 
бейімбеттануда да Тоқтар Бейісқұлов, тағы да басқа зерттеушілер еңбектенді. 
Дүбірлі дәуірдің дүмбілез шикіліктері Ілияс Жансүгіров шығармашылығы 
арқауында да жан-жақты талқыға түсті. Осы бағытта «Ілиястану» орталығының білікті 
мамандары Тұрсын Сыдықов, Мұратбек Имангазинов, Қарлығаш Сарбасова әр жылдарда 
елеулі зерттеулер жасады. «Ілиястану» оқулығы жазылды [1].
Шара Кыяхметова ақынның шығармашылық ғұмырбаянын жазуда өз бағытын 
тапқан зерттеуші есебінде танылды. Қазіргі ілиястануда Ш.Кыяхметова еңбектері 
теориялық та, қолданбалылық та мәнге ие болып отыр. 
Зерттеушілер Қажет Андас пен Мақпал Андас Ілиястың жарияланбаған тарихқа 
қатысты, әдебиет мәселелерін қозғаған қайсыбір мақалаларын жеке жинақ етіп, қазіргі 
жазуға көшіріп басып шығарды [2]. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің осыдан он жыл бұрын 
құрылған «Ілиястану» ғылыми-практикалық Орталығы ақын мұрасын кейінгі уақыт 
мүмкіндіктері аясында зерттеу, оқыту ісінде жеке тұлға мұрасын игеру бағытында өзіндік 
тәжірибе жинақтады. Ілиястану ғылыми мектебінің негізгі шаруаларын жүйелі дамытуда 
оң нәтижелермен байыта түсті. 
Орталық құрылған күнен бастап іргелі ғылыми бағыттың бар міндетін 
ортақтастыра алып келе жатқан жұмысшы ұжымының бір өкілі - ф.ғ.к., профессор Шара 
Әсетқызы Кыяхметова. 
«Ілиястану» арнаулы курсының мазмұндық, әдістемелік жақтан қалыптасып, 
негізделуінде оқу құралын, оқу-әдістемелік еңбектерін жазды. Ұзақ жылғы еңбектер 
барысында қазақ әдебиеті тарихындағы жеке тұлғаның ғылыми өмірбаянын түзудің бай 
тәжірибесін жинақтаған, толып жатқан жаңа, тың деректер тауып, толымды тоқтамдар 
жасап келе жатқан ғалымның таяуда жарық көрген «І.Жансүгіровтің рухани әлемі» атты 
монографиялық еңбегі – қазақ әдебиеттану ғылымындағы тұлғатану бойынша жазылған 
кәделі зерттеулердің бірі [3].
Монографияда Ілияс Жансүгіровтің отандық тарихпен тамырласқан, күрделі 
кезеңдер ақиқатымен астасқан ақындық ғұмырбаяны деректік нақтылық негіздерде, ендігі 
заманның кең қамтып айтуға, ашуға мүмкіндік туған қолайлы ғылыми атмосферасында 
мейлінше толымды, жан-жақты сараланады. Ілияс ақынның дәуір таңбасы түскен 
эпикалық мұрасы, үздік, озық лирикалық жаңашылдық бағыты, драматургиядағы алым-
қарымы, қазақ профессионалды жазба прозасын қалыптастырудағы шығармашылық үлесі, 
сатиралық, публицистикалық, әдеби-зерттеу т.б. дәуір беталыстары жедел қажет еткен 
ұйымдастырушылық, педагогикалық бағыттағы қысқа ғұмырда қыруар іс атқарып кеткен 
ғұмыр тағылымы тұрғысында жыл өткен сайын кешенді зерттеулерге ұласып бара жатқан 
рухани мұрасын ендігі ұрпаққа таныту, оқу үдерісіне оңтайлы әдістемелік негізде енгізу 
міндеттерінде Шара Әсетқызы тиімді зерттеу нетижелеріне қол жеткізу, оңтайлы
әдістемелік тәсілдер түзу бағытында тынбай еңбектеніп келеді.
«XX ғасыр басындағы қазақ әдбиеті», «XX ғасыр басындағы қазақ әдеби сыны» 
таңдау курстарын «Ілиястану»
пәнімен
дәуірдің саяси беталыстары, көркемдік 
ұстанымдарымен тұтас жүйеде, тарихи негізде сабақтастыра оқыту тәжірибесі 
білімгерлердің мамандық біліктілігін қалыптастыруда оң нәтижелерін көрсетіп отыр. 
Шара Кыяхметованың қазіргі ілиястанудың уақыт міндеттеп отырған өзекті зерттеу 
мәселелерін жаңа танымдық кеңістікте, өткен кезеңдердің саяси ұстанымға телінген 
ғылыми кері нәтижелерін ықтиятпен зерделеп, тың дерек-дәйектермен талқыға тартып 
толықтыру бағытында жазылған жаңа монографиялық еңбегі «Ілияс Жансүгіровтің 
шығармашылық өмірбаяны», «Ілияс Жансүгіров шығармашылығының зерттелуі», «Ілияс 
Жансүгіровтің шығармашылық туындылары жаңаша таным тұрғысынан», «Ілияс 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет