«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 154
былайғы қалыптасу жолына Тұрысбек қажының «Мамания» жәдид медресесінің
ашылуының елеулі ықпалы болғандығын Шара Кыяхметованың медресе тарихына
қатысты медресенің ашылуы, белгілі, беймәлім жайларды жас Ілиястың елдегі өмірімен
сабақтастыра
баяндауы
негізінде
Ілияс
Жансүгіровтің
тұлғалық
деңгейінің
қалыптасуындағы осы бір Жетісудағы озық өнеге туғызған медресе, мұсылмандық
ағартушылықпен астасқан рухани нәр тұрғысында жаңа бір болжамдарға жол ашады.
ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі алдыңғы қатарлы татар медреселерінің оқыту
бағытында ашылған «Маманияның» төңірегінде шоғырланған тарихи тұлғалар тағылымы
туралы біршама жүйелі мәлімет берілген.
Монографияда Алаш қайраткерлерінің осы медресе жұмысына қолдау көрсету
өнегесі де арнайы тілге тиек болған. Сол бір күрделі кезеңдердегі ағартушылық мұраттар
тоғыстырған ел тұлғаларының есімдері ілтипатпен аталып, замана бағдарларын бүгінгі
уақыт деңгейінде танып, бағалауды толықтыра түсетін өмір реңктері
келтіріліп отыруы
зерттеушінің ілиястануды ұлт руханияты ауқымында зерделеу ұстанымындағы алғырлығы
мен алымын даралай түседі. Ілияс өмірбаянын әдеттегі таптаурын, тұлғаға қатысты
біржақты, бірізді құрғақ деректермен шектелу қасаңдығына жол бермей, заман, дәуір
беталыстары ауқымында таныту әдеби мұра, шығармашылық тұлға тағдырына қатысты
ақпараттық - танымдық өрісі ауқымды, ғылыми әлеуеті мығым, қажетті бір зерттеу болып
ғылыми айналымға қосылды.
«1911 жылдан бастап мектепті Астрахань губерниясының тумасы, Каир
университетінің заң мамандығын бітірген, сегіз елдің тілін білетін ағартушы-демократ,
әдебиет зерттеушісі, тарихшы, шежіреші Ғабдулғазиз Мұсағалиев басқарады.
1912 жылы мектептің оқу мерзімі тоғыз кластық болып ұзартылды. Мектеп
жұмысының жандануына Барлыбек
және Тұрлыбек Сыртановтар, Отыншы Әлжанов,
Жақып Ақбаев, Мұхамеджан Тынышбаев, Көлбай Тоғысов, Мұхамедсәлім Көшімов
сынды білімді азаматтар да өз үлестерін қосады» [3, 8].
Қазақ зиялылары дала өміріндегі елеулі жаңалық – Қапалдағы мектеп туралы
«Айқап» журналында бірнеше мақала жариялайды. Шара Кыяхметова бұл елеулі
деректердің де Ілияс өскен орта, ол қалыптасқан кезең үшін аса маңыздылығын ескерген.
«Жақып Ақбаев Тұрысбек туралы былай деп жазды: «Марқұм Маманов Тұрысбек
қажы қазақтар арасында асқан данышпан адам да саналған еді.
...Тұрысбек 18 жыл болыс болған, осы уақыт ішінде пәре алмаған, өзгенің атын
мінбеген, қазақтардың бірде-бір қойын жемеген, оларды зорлық-зомбылық жасап
жылатпаған, халқын ақшаға сатпаған»... («Айқап», 1913,№7,) [3, 9].
Шара Кыяхметованың Ілияс өмірбаянына қатысты ілгеріден жаңсақ беріліп келе
жатқан қайсыбір деректерді түгендеп, түзетіп отыратындығы - зерттеушінің өз ғылыми
бағытындағы ізденістерін ұдайы пысықтап дағдыланған ыждаһаттылығы.
2012 жылы жарық көрген ұжымдық авторлықтағы «Ілиястану» оқу құралындағы
Шара Кыяхметова жазған тарауларда келтірілген ғұмырбаяндар, мағлұматтар
монографиялық еңбекте толыға түсіп, сәйкес толыққанды тың тоқтамдармен жан-жақты
таным талқысына тартылған.
Ілияс Жансүгіровтің «Әнші апама» атты Майра Уәлиқызына арнаған өлеңі
ақынның көптомдық жинақтарында 1909 жылы шығарылған деп жаңсақ беріліп
жүргендігін – 1910 жыл деп, нақтылы деректерге сүйеніп, түзету енгізеді.
Монографияда ақын өмірі шығармашылық бастау, өлеңдерінің жазылу себебі,
дерегімен тұтастықта, XX ғасырдың I жартысындағы әдеби даму кең қамтылып,
толықтырылып, қорытыла жинақталған ақындық ғұмырбаян соншалықты бай
мазмұнымен, тұлғаның даралық сипаттарының қанықтығымен қазіргі әдебиеттанудағы
жеке шығармашылықты тану мен игерудің жаңа бағыттарын айқындай түскендігін айтар
едік.
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции