«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет161/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
151 
ӘОЖ 82.015:41 
 
ТҰЛҒАТАНУДАҒЫ ТОЛЫМДЫ ЗЕРТТЕУ 
 
Ф.ғ.д., профессор
 Мадибаева К.К.,
ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор
 Қожекеева Б.Ш.,
ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор
 Мұхамади Қ.Т. 
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ. 
E-mail: 
кapi-51@mail.ru
 
 
Мақалада 
Ілияс 
Жансүгіров 
шығармашылығы 
жайлы 
жазылған 
Ш.Кыяхметованың монографиясы қазіргі тұлғатану бағытындағы толымды зерттеу 
еңбектің бірі тұрғысында қарастырылады. 
Тірек сөздер: Жетісу әдебиеті, ақын, Ілияс Жансүгіров, монография. 
 
В статье рассмотрены научные аспекты монографии Кыяхметовой Ш.А. 
«Духовное наследие Ильяса Жансугурова».
Ключевые слова: литература Жетысу, поэт, Илияс Жансугуров, монография.
 
 
In the article considered the scientific aspects of monograph Sh.A. Kiyakhmetova 
"Spiritual heritage of Ilyas Zhansugurov". 
Key words: Zhetysu literature, poet, Ilias Zhansugurov, 
monograph. 
 
Қызу, қарбалас, дүбірлі XX ғасыр да өтті. Адамзат тарихында айқын таңбасы 
қалған бұл дәуірдің қазақ сөз өнерінің даму бағыттарында да айтулы ықпалы болды. 
Ғасыр басында елдік мүдде, мұраттар тыншытпай, саяси, рухани күрес туын 
көтеріп шыққан Алаш қайраткерлері ұзақ жылдардан соң халқымен қайта қауышқан 
тарихи сәттер ұлтымыздың рухани мұрасын жаңа бір ұстанымдармен жаңғырта бағалап, 
саралау міндеттерін күн тәртібіне алып шықты. Тәуелсіз Қазақстанның XX ғасырдағы 
әдебиеттану ғылымының күрделі жаңа бағыттарының бірі кезінде қазақ кеңес әдебиетінің 
негізін қалаушылар мәртебесінде танылып, бағаланған кеңестік дәуірдегі шығармашылық 
тұлғалар мұрасына қатысты өрістеп, дамыды. 
Қызыл сұңқар аталып, кеңестік жүйенің саяси қабағына қарайлап отырып қана 
дәріптелген Сәкен Сейфуллиннің ұлтжанды болмысы, ұлттық мүдделер жолындағы 
қайраткерлік еңбегі, азаматтық асыл тұлғасы тұрғысында күні бүгінге шейін түгенделіп 
келе жатқан тұтас тарих тұрғысынан қарағанда түкке тұрғысыз әңгімелерге профессор 
Тұрсынбек Кәкішұлы сәкентанудағы қызу жаңа еңбектерімен батыл араласты. 
Қанды жендет Қызыл империяның еліне азаттық әпермегенін ақын айтты. Сәкен 
Сейфоллаұлының ғұмырбаянын, шығармасын кеңестік жүйе талабында біржақты, бетін 
қалқып танып келсек, ендігі заман ақын тұлғасын тұтас қалпында ұғыну беталыстарының 
ұзақ та қиын болатындығын болжатқан... 
Бейімбет... Мырқымбайды да біздер біржақты дәріптедік. Әйтпегенде... 
Мырқымбай болып қалған қазақ Би-ағаңды ғұмыр бойы алаңдатты ғой. 
Аты – Мырқымбай. Заты да Мырқымбай-ау деген көлеңкелі ой көкейден кетпейді. 
Қызылордада, «Еңбекші қазақта» қызметте жүріп қазан төңкерісіне 10 жыл толу 
тойланардан 1 күн бұрын кешқұрым, қаланың қараңғы көшелерінде, бұрыш-бұрышта өріп 
жүрген аш-арық балалар туралы жазғанда, осы көрініске жазушының көңілі көншіп 
отырып еді дей алмаспыз.
Ел арасына шыққан өкіл – қазақтың қазіргі әкім-қараларының арғы атасы 
болғандығына шүбә келтіре алмайсың. Кеңес үкіметі сепкен егіннің ащы жемісі әлі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет