«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет190/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   321
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
179 
Көрінер қыздар сұлу шашбауымен 
Бұрылып кейін сілтеп тастауымен. 
Шашбау дегеніміз-өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс 
тиындар, кейде маржан тағылған, ызылған бауы бар сәндік бұйым. Егер шашбауға алтын 
тиындар қолданылса, оны «тіллә шашбау» деп атаған. Мысалы: Заманында тағыпсың, 
Тіллә шашбау жар-жар,-деген ұғымды «Алпамыс батыр» жырынан кездестіреміз. Ертеде 
қыз жеңгелері қайын сіңлілерін шашбаулым, үкілім деп атаған. 
Қазақ зергерлері әсіресе, әйелдердің әшекейлі сәндік бұйымдарын асқан 
шеберлікпен, зор талғаммен жасай білген. Олар; білезік, сақина, жүзік, шолпы, шашбау, 
ілгек, қапсырма, алқа, түйме, өңіржиек т.б. Ал, ендеше осы әшекейлердің сөзжасамдық 
мағынасына түсінік бере кетейік. Сөз тудыратын жұрнақтар түбірге жаңа лексикалық 
мағына үстейтіндіктен, өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға 
айналдырады. Сөздердің түбірі бір болғанымен, олардың әрқайсысы басқа мағыналарды 
білдіреді де, грамматикалық мағынаны да қоса қамтиды. 
Білезік. Білекке тағатын жүзік деген мағынаны береді. Бұл сөздер ерте замандарда 
көнеріп, кірігіп жаңа туынды мағана берген. Мұндай кіріккен сөздер түбір мен қосымша 
арасында кірігіп, тілімізде қалыптасқан болатын. 
Ғалым А.Ысқақов ерте замандарда көнеріп, туынды сөздердің құрамына еніп, ол 
құрамнан бөлінбейтіндей күйге жетіп, жаңадан сөз тудырарлықтай түбірге айналған 
осындай көнеленген сөздерді көнеленген түбірлер деп атайды [2, 118-122]. 
Шолпы-синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөз.Бұл тәсіл арқылы жасалған сөзде 
жұрнақ негізгі мүше болып саналады. Яғни туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық 
жұрнақ арқылы жасалады.Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды 
түбір деп аталады. Мысалы, шолпы. Қазақтың байырғы кезде жиі қолданған,әйелдерге 
арналған сәндік бұйымы болып табылады. Қазіргі кезде бір заттың атауы болып 
қолданылып жүр. Қыз баласы осы сәндік бұйымды таққанда жүрісін, қимылын жөндеу 
үшін қоңыраулы шолпыны қолданған. Қоңыраулы шолпыны таққан қыз баланың келе 
жатқанын естіген үйдегі үлкендер қалжыңын қоя қалса, бұл дыбыс жастарды елең еткізіп, 
жинақы отыруға тәрбиелеген, әрі үлкен құрметті білдірген. Жалпы, шолпының 
денсаулыққа тигізер пайдасы зор. Ауыр шолпыны таққанда бас ауырмайды әрі салмағына 
байланысты оны таққан бойжеткен кеудесін тік ұстаған. Шолпының түрлері; үзбелі 
шолпы, көзді шолпы, қозғалы шолпы, шынжырлы шолпы, қос үзбелі шолпы сияқты 
түрлері бар.
 
Шашқап – аналитикалық тәсілмен жасалған сөз. Сөзжасамда өнімді қызмет 
атқаратын аналитикалық тәсілдің сөзқосым түрі арқылы жасалған. Лексикалық мағыналы 
сөз,яғни, негіз сөзі-шаш. Түркі тілдерінде бұл тәсіл көне замандардан келе жатыр. 
Аналитикалық тәсіл қазіргі түркі тілдерінде де кеңінен қолданылып жүр. Шашқап-шашты, 
бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайтын арнайы тігіліп, ою-өрнепен желкені 
жауып тұратын бұйым. Шашқапқа маржан, меруертті қадаған.Оның төменгі жиегін күміс 
салпыншақтармен әшекейлеген. Қазақ қыздары өткен ғасырдың 40-шы жылдарына дейін 
жеті бұрыммен, 13-18 жас аралығында қос бұрыммен жүрген екен. Ал, тұрмысқа 
шыққанда қос бұрымды түбінен қосып өрген. Өйткені, бұрын бір бас болса, енді екі бас 
бірікті деген ұғымды білдіреді, яғни екі жарты бір бүтін болды. Ерте кезде қазақ қыздары 
той-жиында, сауық-сайранда осы әшекейлерді тағып барған. 
Қапсырма-синтетикалық сөзжасамдық жұрнақ жалғану арқылы жасалған екіншілік 
мағынаның туындауы арқылы жасалған сөз. Қапсырма сөзінің құрамындағы мағыналық 
рең 
денонттық(заттық) 
ұғыммен 
тығыз 
байланыста. 
Қазақ 
әйелдерінің 
камзол,қажекей,кеудеше тәрізді киімдерінің екі өңірін қаусырып тұратын,іш жағында 
ілгек арқылы бекітілген металл. Жалпы, қапсырма сөзінің мағынасы қаусыру, бекіту 
сөзінен алынған. Қапсырманың бетіне ою-өрнек не асыл тастардан көз салынып 
жасалатын түрлеріде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет