«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 234
Жыраудың жақсы мен жаман мәселе турасында толғауының өзіндік сыры бар. Сол
кезеңдегі қоғам, тәрбие, адамдардың болмысы осыны терең аңғартады. Жақсы мен
жаманның ішкі мінездемелерін ашуда Шалкиізден асып жырлаған ақын жоқ деп санауға
болады. Енді осы туындының көркемдігіне назар салсақ. Ең алдымен Шалкиіз жырау
туындыларына шұбыртпалы, ерікті, кезекті ұйқастар тән болып келеді. Автор өз идеясын
жеткізуде мағынасы бір-біріне қарама-қарсы түрдегі ұғымдарды паралельді түрде
қолданады. Оның өлеңдері тек көркемдігімен ғана емес, пәлсапалық ойлау жүйесімен де
ерекшеленеді.
Жалпы, Шалкиіз ақынның Би Темірге арналған жырларында кеңес, ақыл айту
түрінде жақсылыққа бой алдырып, жамандықтың, кесапаттың алдын алып отыруға
шақырады. Бұл тек Шалкиіз ақынның мұрасына ғана емес, жалпы жыраулар поэзиясында
кездесетін сарын. Сол кезеңдегі елді басқару, жақсы амалдарды жасау, хан қандай болу
керек деген сұрақтарға мүдірместен, дәл, тура айту – қазақ жырауларына тән қасиет.
Шалкиіз ақын Темір биді халықтың басын құрған, өте әділ төре етіп суреттейді.
Шалгез бейнелеуінше Темір кетсе, «етектеп жиған көп халыққа» ие жоқ.
Темір еді биіміз
Теңіз еді халқымыз,
Тебірлерге қалғанда,
Теңселер сойды ауыр ноғай
Жұртыңыз! – деп егіле тебіренеді.
Жырау өмірінің жарқын кезі Темір би сарайында өткен. Ол заманда Шалгез өзі би,
өзі батыр, өзі шешен, өзі жырау болды. Демек, Темір Шалгездің қамқоршысы болса, ал,
Шалгез Темірдің мәртебесін өсіріп, жұртты аузына қаратқан жалынды тілі, аузы дуалы
абызы болды [3, 17].
Шалгездің «Арық хан», «Боз үстіне от жаққан», «Ғизмат иям би Темір», «Мен
иемнің күнінде» толғауларында жырауы Азике, Мансұр дейтін шонжарларға тап болған
мүшкіл халдегі кезінде Темірді аса қатты аңсап жырлайды.
Боз үстінде от жаққан,
Бұзмай бұлан пісірген,
Мен иемнің бөрлі ала тасы едім.
Иә, ием, сенің сырың мен білмем,
Менің ием би Темірдің әрі өзім,
Жау көрген күн жүрегінің басы едім.
Шалгез аталған жырларда Азике, Арық хан, Мансұр сияқты мырзаларды Темір
образына қарама-қарсы бейнеде суреттейді. Бұған қарағанда жырау Азике мырзаға Темір
өлгеннен кейін тап болғанын көреміз.
Жыраудың бізге жеткен шығармаларының бәрі азаматтық, әлеуметтік лирикаға
жатады. Ол өзінің қай толғауында болмасын, өмір заңдылығын, заман үрдісін қатар
суреттеп отырады.
Шалкиіздің ерлікті, батырлықты дәріптейтін көлемді шығармаларының бірі – «Ер
Шобан» дастаны. Жырдың қысқаша мазмұны былай болып келеді.
Ноғайлының Ер Шобан деген батыры біраз жолдастарымен Қабардыдан Биғазы
дегеннің екі жүздей жылқысын айдап қайтады. Арттарынан көп кісімен Биғазы қуып
келгенде Ер Шобан айтады:
Саф арғымақ сайлаған,
Найзасына жалау байлаған,
Қабардының Биғазы
Жүйрігіне шыдамай,
Желпіп шықты көк тауға.
«Қайт! Қайт! Деймін қайтпайды,
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции