«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет262/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   321
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
242 
боламын. Сыни технологиясы оқушы үшін де, мұғалім үшін де ең тиімді әдіс тәсіл. Оны 
ойлап тапқан американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер [2]. 
Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс 
шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы. 
Сыни ойлаушы: 
Өз ойын қалыптастыра біледі; 
Әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады; 
-
Тақырып бойынша мәселені шеше біледі
-
Дәлелді пікірталас құра алады; 
-
Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды; 
-
Кез келген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген 
факторлардың әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады: 
-
қызығушылықты ояту; 
-
мағынаны ашу; 
-
ой толғаныс. 
Осылайша оқушыларды сыни ойлау технологиясын таныстыру арқылы сабағымды 
бастаймын. Бұған кем дегенде 5 минут бөлемін. Ең алдымен «өздік етіс» тақырыбына 
байланысты ортада слайд көрсетіледі.
Өздік етіс тақырыбына көшпестен бұрын есімдікті еске түсірейік.
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ 
солардың зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз табы. Есімдіктер 
белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мензеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің 
нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына 
қарай айқындалады. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді: 
1.жіктеу есімдіктер; 
2.сілтеу есімдіктер; 
3.сұрау есімдіктер; 
4.өздік есімдіктер; 
5.белгісіздік есімдіктер; 
6.болымсыздық есімдіктер; 
7.жалпылау есімдіктері; 
Бүгін біз есімдіктің «өздік есім» түрін өтеміз.. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, 
өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген түрде қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, 
баланың өзі, оқушылардың өздері, біздің өзіміз, сіздердің өздеріңіз т. б. Кейде өз есімдігі 
өзі орнына жүретін жіктеу есімдігі мен зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады. Мысалы: 
мен өзім айттым, біз өзіміз айттық. Өз есімдігінен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзімен-
өзі, өзді-өзі деген қос сөздер дефис арқылы жазылады. Ал өздік етіс іс- әрекетті 
орындаушының өзі істегенін білдіреді. Өздік етіске әр тұлғадағы сөздер жатады. 
Жұрнақтары: -ын, -ін, -н. Өздік етістік тәуелдеулі, көптеулі, септеулі түрде қолданылады 
да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады Осылайша оқушыларға 
жаңа тақырыпты түсіндіремін.Оқушылар жаңа тақырыпты жете меңгеруі үшін жазбаша 
жұмыстар , тапсырмалар беріледі.
1- жаттығу. Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар. 
Сүй - ін - ді, ки - ін - ген, ки - ін - іп, бу - ын - ып, түр - ін - іп. 
2 - жаттығу. Өлеңді оқып, өздік етістердің қалай жасалғанына көңіл аударыңдар. 
Оларды мәтіннен теріп жазыңдар. 
Көр - ін - ді, бүл - ін - ді, түй - ін - дік, тара - н - дық, қара - н - дық, ки - ін - іп, сый - 
ын - ып, без - ін - бей, ұр - ын - бай, тағ - ын - бай, жаста - н - бай, баста - н - бай... 
1. Етістің түрлерін ата. 
2. Өздік етістің жұрнақтарын ата. 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет