«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет260/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   321
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
240 
«Соңғы көш» роман-дилогиясының бірінші кітабы «Қарсаңда», «Қат-қабатта», 
«Сарыжайлау», «Ақпанда» деген төрт бөлімнен, екінші кітабы «Қара қақпа», «Киелі қан», 
«Кісен ашқан» деген үш бөлімнен тұрады. Сырқы композицияның элементі ретінде
қызмет атқарып тұрған бұл тақырыптардан суреттеліп отырған дәуірдің басты сипатынан 
хабардар еткендей болады.
Қ.Жұмаділов ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы өзі көзімен көріп, құлағымен 
естіген, өзімен бірге жүрген адамдардың тағдыр-талайын суреттеу арқылы дәуір сипатын 
жаңа қырынан ашады. Қ.Жұмаділовті өз тұрғыластарынан даралайтын ерекшелік – 
біріншіден, оның оң-солын танып білгенше, қаймағы бұзылмаған қазақтың қалың 
ортасында қалыптасуы, екіншіден, қызыл империяның тұсында «түрі ұлттық, мазмұны 
социалистік» деген идеяны негізге алмай, ешкім бармаған тың тақырыпқа баруы. 
Үшіншіден, көзбен көріп, қолымен ұстаған өмірдің өзін қағазға сол қалпында түсіруі. 
Өмір ағысы шекараның екі бетінің көркемдік сипаты сияқты болып көрінгенімен, 
екі романдағы кезең, кеңістік, уақыт қана емес, қазақтың сол кездегі тұрмыс жағдайы, 
өмір сүру салты, ұлттық дүниетанымы мен дәстүрі ортақ. Шекараның қай бетінде болса 
да, қазақ ұлтының рухани және мәдени өмірі мен тарихын оның ұлттық болмысынан бөліп 
қарауға болмайтындығын, біз ең алғаш Қ.Жұмаділов шығармалары арқылы танып-білдік. 
Қ.Жұмаділов арғы беттегі өмірді ғана сипаттап қоймапты, ол қазақ әдебиеті тарихындағы 
ақтаңдақ беттерді толтырыпты. 
Ал «Соңғы көш» романының көркемдік әсерінің қуаттылығы жағынан келгенде, 
оның ешкімге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы, образ сомдау даралығы, қат-қабат 
оқиғаларды жинақтап берудегі нақтылығы мен аз сөзге көп мағына сыйғызатын 
поэтикалық ерекшелігі бүгінгі күн тұрғысынан кеңінен талдануы қажет. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі /құрас. З. Ахметов, Т. Шаңбаев. – Алматы: 
Ана тілі, 1996. – 240 б. 
2.
Жұмаділов Қ. Таңғажайып дүние. – Алматы: Тамыр, 1999. – 623 б. 
3.
Тілешов Е. Елімайлап өткен өмір. Х.Оралтай. //Кітапта: Нұрғали Р. Жеті томдық 
шығармалар жинағы. Қазақтың 100 романы.– Астана: Фолиант, 2005. – 6 т.– 532 б
4.
Қазақ. Жинақ. (Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы). 
– Алматы: Білім, 1994. – 175 б. 
5.
Тебегенов Т.С. Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор 
дәстүрі – Алматы: Білім, 2001. – 332 б.; Бектасова Г. Халықты ащы да, қасіретті тарихпен 
тәрбиелеу керек // Түркістан. – 2007, желтоқсан-13. – Б.5.
6.
Зайкенова Р.З. Қ. Жұмаділов шығармашылығы: тарихилық, деректілік және 
көркемдік шешім. Филол.ғыл. докт.дисс., Көкшетау, 2010-276 б. 
7.
Жұмаділов Қ. «Соңғы көш» осылай туған. // Қазақ әдебиеті. – 1981, қазан-2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет