«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет265/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   321
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
245 
ӘОЖ 378.016:81 
 
ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
(ҚАРАКЕМЕР ОРТА МЕКТЕБІ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ) 
 
Талапқызы Д.
, 4-курс студенті 
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ.,
Е-mail: 
talapqyzy@mail.ru
 
Ғылыми жетекшісі: PhD 
Шүкенай Г. 
Мақалада қазіргі мектеп оқушыларының құндылықтар жүйесі қарастырылған. 
Құндылықтар жүйесін зерттеудің ғылыми негіздері айқындалған. Қазіргі оқушылардың 
құндылықтар жүйесіне сипаттама беру үшін Қаракемер орта мектебі оқушыларымен 
жүргізіліген эмпирикалық зерттеу нәтижесі талданған. 
Тірек сөздер: тұлға, құндылық, қажеттілік, құндылықтық бағдар. 
 
В статье рассматривается система ценностей современных школьников. 
Определены научные основы исследования системы ценностей. Проанализированы 
результаты эмпирического исследования, проведенного с учащимися Каракемерской 
средней школы для характеристики системы ценностей современных школьников. 
Ключевые слова: личность, ценности, потребности, ценностные ориентации. 
 
The article deals with the system of values of modern schoolchildren. The scientific basis 
for the study of value systems is determined. The results of an empirical study conducted with 
students of the Karakemer secondary school are analyzed to describe the system of values of 
modern schoolchildren. 
Key words: personality, values, needs, value orientations. 
Тұлғаның құндылықтық бағдарлар жүйесі өмір барысында өзгеріп, толықтырылып, 
жаңа түрге еніп отырады. Оның қалыптасуы мен дамуына, адам, азамат ретінде 
қалыптасуының, дара тұлға ретінде сомдалуына тигізетін әсері мол. 
Негізінен құндылықтық бағдарлар тұлғаның қоғамдағы және әлеуметтік топтағы 
белгілі бір орнын анықтауға әсерін тигізеді, сонымен бірге топтағы адамның ойлауын, 
оның қоғамдық келбетін анықтайды. 
Сократтың айтуынша, өмірлік құндылықтар негізінде адамгершілік мінез-құлық 
жатады. Этиканың негізін салушы Сократ антикалық философияның негізін қалай тұра 
«жақсылық, адамгершілік және сұлулық не?» деген сұрақтарға жауап табуға тырысқан. 
Оның пікірі бойынша, осы негізгі өмірлік құндылықтарға білім арқылы жетудің негізі 
рухани мінез-құлықта жатыр. Сократ бойынша жақсылық адамның мақсат қоюына сәйкес 
анықталады. Сократтың осы айтқандарынан құндылықтарға жетудің бірден-бір жолы – 
білім екенін және ол руханият негізінде ғана мүмкін болатындығын аңғарамыз. Сондай-ақ 
Сократ адамның мақсатына қарай оның алдындағы жақсылық пен жамандық 
айқындалады дегенді меңзейді. 
Психологиялық пәндер аясында "құндылықтық бағдар" адам мінез-құлқы мен іс-
әрекетін сипаттайтын механизм санаттарымен байланысты. 
Құндылықтық бағдарларды зерделеген: Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.И. Донцов, 
Л.И. Анцыферова, В.С. Мухина, А.А. Бодалев, Г.Г. Дилигенский, В.Г. Алексеевалар.
Л.И. Анцыферова адамның белгілі бір құндылығын, құндылықтық бағдарларын қоғам 
қалыптастырады, қоғам адамға құндылықтың нақты бір жүйесін ұсынады деген пікір 
айтады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет