«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет264/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
244 
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау. 
- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында 
не үйренгенін салыстырады. 
- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске 
асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады. 
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды. 
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз 
бетімен жаңа идеяларды ойластырады. - кластер құру 
- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер 
толтырады. 
- түйін сөздерге қайта оралу. 
- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу. 
- рефлексивті сұрақтар 
- пікір алмасу. 
- шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б. 
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша 
жүргізіледі.Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданамыз. Оқытуда 
жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың 
мазмұнына қарай пайдаланамыз. Мысалы:
 «Венн диаграммасы». 
Венн диаграммасының негізгі мақсаты-оқушыларды салыстыра ойлай білуге, 
заттар мен жағдаяттардың немесе арнайы ақын-жазушылардың өмір деректерінің өзара 
айырмашылығы мен ұқсастығын табу арқылы сыни ойлауға дағдыландыру болып 
табылады. Венн диаграммасының басты ерекшелігі: білім алушыларға арнайы сызбаларды 
көрсете отырып, салыстыра сыни ойлаудың жалпы парагдигмасын қалыптастырамыз. 
Венн диаграммасының тиімділігі: оқушылар салыстыру сызба-жұмыстары арқылы екі 
түрлі заттың, я болмаса, жағдаяттар мен тұлғалардың айырмашылығы мен ұқсастығын 
оңай таба алады. Сонымен қатар, аталмыш тәсіл оқушылардың салыстыра-сыни ойлау 
жүйесін бейнелік ес тұрғысынан дамытады. Осыған байланысты мен 3 топқа түрлі кесте 
беремін сол бойынша оқушылармен кері байланыс жасап, пікірін тындаймыз. 1-топқа, 
«есімдік-айырмашылығы-етістік», 2-топқа «өздік есімдігі-ұқсастығы- өздік етіс», 3-топ 
«өздік есімдік жалғаулары-ұқсастығы-өздік етіс жұрнақтары». Осы бойынша оқушылар өз 
тобымен венн диаграммасын плакатқа сызады. Ортаға шығып қорғайды. Ойтолғаныс 
немесе қорытынды бөлім бойынша оқушылар сабақтан түйген ақпаратын 
қорытындылайды. Бұл кезде мен оқушылармен кері байланыс жасаймын. Бұл тұрғыда мен 
«INSERT» әдісін пайдаланамын. «INSERT»- оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, 
ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Ол бойынша оқушылар тақырыпты 
қорытындылау барысында «білемін», «жаңа білім», «білмедім, түсініксіз», «таң қалдым, 
зерттеймін» сұрақтарына өз бетімен жауап береді. Мен әрбір оқушыға стикер үлестіріп 
беремін, осы әдісті пайдаланып оқушылар ой қорытындылайды.Ойымды жүйелей келе
сыни ойлау технологиясының мұғалім үшін де, оқушылар үшін де өте тиімді екеніне 
көзімізді жеткіздік. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, 
суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай 
қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту 
әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын 
тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, 
болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау – өте күрделі 
маңызды құбылыс деп білеміз. 
ӘДЕБИЕТТЕР:
 
1.
Құрман Ж.Н. Қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері. — Алматы, 2009. — 28-б. 
2.
Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. - Алматы, 2013. – 448 б. 
 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет