«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет273/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

Мақаланың мақсаты мен міндеті: 
Ғылыми зерттеуіміздің мақсаты – филолог-
студенттердің тілдік рефлексиясын анықтау мәселесін тіл білімінде қарастырудың еш 
жерде жарияланбаған, тың жолдарын, ерекшеліктерін анықтау.
Міндеті: Әлемдік ғылымда елеулі орны бар ғұлама ғалымдардың ғылыми 
тұжырымдамаларына сүйене отырып, жаңа идея ойлап табу, сол жаңалықтың қоғамға 
қажеттігін дәлелдеу.
Мақалада қолданылған әдіс-тәсілдер:
Ғылыми мақала жазуда келесі әдістер 
қолданылды: индукция, дедукция, жалпылау, аналогия, модельдеу әдістері.
Кіріспе 
Тілдік рефлексия - адамның қоғамдағы іс-әрекетінің тілдік көрінісі, адамның тілдік 
нормаға сәйкес сөйлеуі арқылы өзінің тілдік мәдениетін, тілдік әдебін қалыптастыра 
отырып, жекелеген тілдік дәйектерді, тілдің құрылымын тануы.
Жалпы адам баласының тілдік рефлексиясын біз қалай анықтаймыз? Кез-келген 
адамда тілдік рефлексия бірден қалыптасып кетпейді. Тілдік рефлексия – өзіңнің және 
өзгенің сөзіне сын көзбен қарау, сөздік қорыңды байыту, сөйлеу мәдениетін 
қалыптастыру. Қандай ортада болмасын, адам өзінің және өзгенің сөзіне рефлексия жасай 
алуы керек. Ол үшін ең алдымен өзінің іс-әрекетіне рефлексия жасауы керек.
Рефлексия адамның адам болып қалыптасуына тікелей әсер ететін құбылыс. Ұлы 
Абайдың «адамның мінезін өзгертуге болмайды дегеннің тілін кесу қажет» деген 
сөздерінде үлкен мән жатыр [1, 195]. Әр адам өзінің табиғат берген мінезіндегі 
кемшіліктерді рефлексия арқылы түзете алады. 
Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда дайын жауап жоқ. 
Оны іздеу керек, жобалау мен жоспарлау керек, болжам жасап, жаңалық ашу керек. 
Рефлексия күмәндану мен терең ойлауды қажет етеді [2, 1]. Егер адам өзінің ойсыз 
сөйлеген сөзін ұлағатты адамдардың сөздерімен салыстырып, кітап оқу арқылы сөздік 
қорын байыта алса, қай ортада қалай сөйлеу керектігін түсініп, сөйлеу мәдениетін 
қалыптастыра алса, ол адамның тілдік рефлексиясының дамығандығын көрсетеді.


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет