«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет281/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   321
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
260 
«Ауа қозғалысы» тақырыбында сабақ өткізіп, балаларға стратосфералық шарлар жылы 
ауамен толтырылатынын айтты. Оқушылардың бірі олардың сутегімен толтырылатынын 
байқап, мұғалімді түзетуге тырысқанда, ол таңданып: «Сен не айтып тұрсың? Отыр!», - 
деді. Жаңа материал өте қысқа түсіндірілді. Мұғалім қосымша әдебиеттерді қолданбады.
Абай атындағы мектептің мұғалімі азаматша Гетман, 4-ші сыныпта осы тақырып 
бойынша сабақ өткізу барысында өз тәжірибесін көрсете алмады. Мәселен, дауылдар 
туралы айта отырып, мұғалім суреттерді қолданбай, балаларға тропикалық және 
субтропикалық елдердегі дауыл туралы қандай да бір сипаттама келтірместен, тек 
оқулықты қысқаша әңгімелеп берді. 
Тәрбиелік және ғылыми маңызы зор фенологиялық бақылауларды жаратылыстану 
пәні мұғалімдері мүлдем жүргізбеді. Бұл бақылауларды ұйымдастырудың жоқтығы 
география мұғалімдерінен де байқалған.
Қала мектептерінде географияны оқыту мәселесіне тоқталсақ, мектептерде 
географиялық аудандардың жоқтығын, сонымен қатар, географиялық және өлкетану 
экскурсиялары мөлшерінің өте аз екенін атап өткен жөн [2, 21-24]. 
Орыс тілі сабақтарында білімгерлердің сөздік қоры өте нашар. Олар алған 
білімдерін іс-тәжірибеде пайдалана алмады, сол себепті жазбаша жұмыстарда 
пунктуациялық, стилистикалық және орфографиялық қателерді өте көп жасаған.
Көптеген мектеп директорлары орыс тілін оқытуға тиісті мән бермеді, бақылау 
жасамады және жас мұғалімдерге олардың орыс тілінде сабақ үлгерімін жақсартуда 
практикалық көмек көрсетпеген. Оқушылардың сауаттылығын қамтамасыз ету тек орыс 
тілі мұғалімдерінің ғана емес, мектептің бүкіл педагогикалық ұжымының міндеті. 
Сондықтанда, байыпты қорытынды жасап, оқытуды түбегейлі жетілдіріп, қазақ 
мектептерінде орыс тіліндегі оқу үлгерімін тиісті деңгейге көтеру қажет болды [3, 6-7.].
 
Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты біраз міндеттер алға қойылды. 
Солардың ішінде, мектептердің маңызды міндеттерінің бірі – оқушылардың 
сауаттылығын арттыру үшін бар білімін, күш-жігерін салу. Оқыту оқушылардың негізгі 
грамматикалық анықтамалар мен ережелерді саналы түрде игеріп, берік білуі, оларды 
ауызша және жазбаша сөйлеуде практикалық қолдана алатындай етіп құрылымдалуы 
керек. Ол үшін грамматикаға жауап беру кезінде студенттер оқулықтан мысалдар келтіріп 
қана қоймай, өздігінен ойлап таба білуі маңызды. Көбірек практикалық жұмыстар мен 
жаттығулар жүргізу керек. Тіл сабағында және әсіресе әдеби оқуда оқушылардың сөздік 
қорын байыту, мұғалімдерге түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіру, 
орфографиясы қиын сөздердің сөздіктерін құрастырудан тұратын сөздік жұмысы жүйелі 
түрде жүргізілуі қажет. Оқушыларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйретуге ерекше 
назар аудару керек. Мұғалімдерден сыныптағы және үйдегі барлық жазбаша жұмыстарды 
уақытылы және мұқият тексеріп, жіберілген қателер бойынша жүйелі жұмыс жасауды 
талап ету қажет. Оқушылардың жоғары сауаттылығын ойдағыдай жүзеге асырудың басты 
шарты болып табылатын орфографиялық, пунктуациялық және сөздік жүйесін барлық 
мұғалімдерден орындауды талап ету маңызды. Осы шарттардың орындалмауы аудандағы 
мектептердің төмен көрсеткіштерінің басты себебі болып табылады. 
Алайда, ауданның барлық мұғалімдері бұл күрделі де жауапты міндеттерді түсіне 
қойған жоқ. №3 бөлімше орта мектебінің мұғалімі өзі орыс тілін жетік білмеген. 
Секциялық отырыста ол жиналыс хатшысы болып сайланды және хаттама жасағанда, 
орфографиялық жағын айтпағанда, бірінші парақтағы 48 сөзден 8 қате жіберген. Ол 
төртінші сыныпта орыс тілін қалай оқытып жүр? – деген сұрақ туындайды. Сабақ берген 
мұғалімнің сауатсыздығынан көптеген оқушылар бірнеше жыл бір сыныпта қала берген. 
Көксу кенішіндегі орта мектеп мұғалімі жолдас Сечкареваның орыс тілі 
сабағындағы сөздік қор жұмысын қамтуы өте төмен деңгейде. Ол өзіне көп сұрақтар қою 
әдісін таңдап, жаңа материалды түсіндіруді қысқартып, тек оқулықтағы материалды 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет