«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 256
рефлексия
«Филология» мамандығының студенттерінің жауаптарының нәтижесі, олардың
100% үшінші топқа жататындығын дәлелдеді. Аталған нәтижелер бойынша диаграмма
жасап, төмендегідей көрсеткіштерді анықтадық:
Тіл білімі ғылымында рефлексия ұғымымен қатар рефлексивтілік, рефлексивті
қабілеттер, рефлексивті мүмкіндіктер, рефлексивті талаптар, рефлексивті мәдениет,
рефлексивті құзіреттілік деген сияқты атаулар да кездеседі.
рефлексивтілік
рефлексивті мүмкіндіктер
Рефлексивті мәдениет
рефлексивті құзіреттілік
Рефлексивті қабілеттер
Рефлексивті мәдениет дегеніміз не? Бұл біздің рухани жан дүниемізде туындап
жатқан толассыз сұрақтар; сол сұрақтарға жауап іздеу мақсатында көрінетін
рефлексивті қабілеттер бар; сол қабілеттерді дұрыс пайдалана білушілік –
рефлексивтілік бар; осы рефлексивтілік арқылы адам бойында пайда болатын
рефлексивті құзыреттіліктер бар; және рефлексивті мәдениет қалыптастыру үшін адам
мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас деңгейін өлшейтін рефлексивті
мүмкіндіктер бар. Ал, осы арақатынастарды анықтаудың түпкі алғышарттары – тіл
мен сана мүмкіндіктерінен байқалады.
Тіл – жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз – бір қарағанда, тілдік норманы
сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз
мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт
мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап,
сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу
кезеңі жатыр. Сол қиындықтардың салдарынан бүгінгі таңда өз тіліміздің мәртебесін
әлі де болса қажетті деңгейге көтере алмай жатырмыз. Олай дейтін себебіміз, кез-
0
0,2
0,4
0,6
0,8
1
1,2
1 топ
2 топ
3 топ
Филолог-студенттердің пандемия кезіндегі тілдік
рефлексиясын анықтау
ҚТӘ
ФҚ
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции