«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет280/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   321
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
259 
Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткеннен кейін кеңес халқы соғыстың халық 
шаруашылығына, білім саласына келтірген зиянынның орнын толтыруға ерекше 
жігерлене кірісті. Соғыс жылдарында қиратылған мектептерді қалпына келтіру және жаңа 
мектеп үйлерін салуда, олар үшін оқу-шығармашылық жабдықтарын даярлауда 
мектептерді қамқорлыққа алған өндірістік мекемелер белсене қатысты.
50-жылдардың бас кезінде педагогика ғылымы мектептің оқу-тәрбие жұмысының 
идеялық-саяси деңгейін арттыру мәселелерін зерттеуге және практикалық іс-әрекетке 
оқушыларды даярлауға ерекше мән берді.
Оқу бағдарламаларының мазмұнындағы оқу материалдар мен оқулықтағы берілген 
тақырыпты оқыта отырып, білім мен тәрбие беруді ұштастыру, сабақтастыру, жүйелілік 
тұрғыда ұйымдастырып дамытудағы педагогикалық әрекеттегі үдерістер дидактикалық 
талаптар деңгейінен шыға алмады.
Мәселен, Талдықорған қаласының бастауыш мектептерінде тексеріс барысында 
тарих пәнінен сабақ өткізуде біраз кемшіліктер байқалған. 4 сынып оқушыларына 
тақырыпты мұғалім тек оқулықтағы мәліметтерді мазмұндап, ешбір көрнекі құралдарды 
пайдаланбай, шартты түрде ғана өткізген. Сондай-ақ, №3 бастауыш мектебінде мұғалім 
жолдас Светличная «ХІІ ғасырда көтеріліске шыққан шаруалар зауыт пен фабрикаларды 
өртеп, тас-талқанын шығарды», деген оқушының жауабын түзетпеген. Ол заманда зауыт 
пен фабрикалар қайдан болсын? Дәл сол сабақта мұғалім Мұз шайқасы туралы схемалық 
түрде өте қысқа әңгіме қозғап, оның негізінде ешқандай тәрбие жұмысын жүргізбеді. 
Яғни, бұл жағдайдан мұғалімнің кәсіби шеберлігіне күмән келтіруге толықтай негіз бар 
деген сөз.
№4 бастауыш мектепте мұғалім жолдас Новикова «Куликов шайқасы» 
тақырыбында сабақ өткізе отырып, сыныпта бұл шайқасты бейнелейтін тиісті суретті 
ілмеген. Ол суретті К.Д. Ушинский атындағы мектептен алуға болатын еді. Куликов 
шайқасы мен Дмитрий Донской жайлы мұғалім оқулықтағыдан аз әңгімелеп берді. 
Тақырыптың көптеген тұстары ашылмады. Бұл ауқымды тақырып аясында мұғалім 
тарапынан ешқандай тәрбиелік жұмыс та жүргізілмеген. Соның салдарынан, бұл тақырып 
білімгерлер санасында үлкен тарихи оқиға емес, тек кішігірім эпизод ретінде ғана қалды.
Тарих сабағында көрнекі құралдарды қолдану өте төмен деңгейде. Мектептер, 
әсіресе бастауыш мектептерде тарихи карталар жоқ. Тарихи суреттер өте аз, ал № 4 және 5 
бастауыш мектептерде және жетіжылдық №1 мектепте олар мүлдем жоқ. 
Жаратылыстануды оқытудың басты кемшілігі – көрнекіліктің болмауы. 1952 
жылдың көктемінде Талдықорған қаласының №5 бастауыш және қазақ мектебінен басқа 
барлық мектептерінде мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелер ұйымдастырылды.
Бастауыш мектептерді айтпағанда, №3 жетіжылдық мектепте және Абай атындағы 
мектепте күзге дейін учаскелерден ештеңе қалмады және егін жинау аяқталмады деуге 
болады. №2 жетіжылдық мектепте және К.Д. Ушинский мектебінде жағдай жақсырақ еді, 
онда егін жиналып, экспонаттардың бір бөлігі осы мектептердің биологиялық бөлмелеріне 
түсті. Бұл экспонаттар жаратылыстану сабақтарында оқу құралы және үлестірме 
материалдар ретінде пайдаланылды. 
Сонымен қатар, мектеп аймағында жинақталған тәжірибенің ғылыми сипаттамасы 
өз алдына құнды оқу құралы болып табылады. Биологиялық кабинеттер барлық 
мектептерде болған жоқ. Ең жақсы биологиялық зерттеу кабинеті К.Д. Ушинский 
мектебінде еді. 
Жоғарыда аталған К.Д. Ушинский мектебінде төртінші сыныптағы жаратылыстану 
сабағы нашар өткізілген. Төртінші сынып мұғалімдері кейде бұл пәннің маңыздылығына 
аса назар аудармай, оған жанама қарап, нашар дайындалған, оқулықты тек әңгімелеу 
арқылы жаңа материалды схемалық түрде ғана ұсынған. Оқулықта көрсетілген 
тәжірибелер әрдайым сыныптарда жүргізіле бермеді. Көбінесе балаларға оларды үйде өз 
бетімен жасауға кеңес берілді. №3 бастауыш мектебінің мұғалімі Кремень 4-сыныпта 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет