«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет84/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
79 
қызметі» [3, 22]- деп анықтаған. Ә.Қалыбаев, «инновация» ұғымына талдау жасап, 
төмендегідей анықтама берді: «инновация –жаңалық енгізу, жаңарту үрдісі, өзгеріс, 
ерекше құрал, қазіргі талапқа сай әдіс». Білім берудегі инновация және «педагогикалық 
инновация» 
терминдерін 
педагогикаға 
ғылыми 
тұрғыдан 
негіздеп 
енгізген 
И.Р.Юсубекова. Ол өзінінің еңбегінде педагогиалық инновацияны өзінің зерттеу 
объектісі, пәні, тәсілі бар педагогика ғылымының дербес саласы ретінде қарастырады. 
Ал С.Көшімбетова инновациялық білім беруге тән қасиет – антропацентризм, өзін-
өзі басқару, профессионализм дегенді ұсынады [4, 22]. Олар бір-бірімен тығыз 
байланысты және олар кәсіби білімнің әлеуметтік қабығын құрайды дей келе, халықтың 
менталитетінің тез өзгеруіне, яғни өмірдегі көп нәрселер олардың өздеріне байланысты 
түсінуге септігін тизізетіндігін дәлелдейді. И.В. Кузьмина: «өз пәнін білу бұл педагогтың 
негізгі кәсіби белгісі болудан қалды. Мұғалімнің өз пәнін білу міндетті, ал бірақ ол әлі 
оның кәсіби маман екендігін білдірмейді» - дегенді айтады. Дәстүрлі педагогикада ерекше 
көңіл конгитивті аспектіге берілетін, ол қазіргі кезде мұғалімге деген талап оның 
шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни жаңа мектепте инновациялық жобаларды 
игеруге, жіберуге қабілеті болуына көңіл бөлініп отыр. 
Педагогикалық үрдістегі «инновация» ұғымының жаңалық, жаңалық енгізу, 
өзгерту деген мағыналарды білдіретіндігін сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жаңа 
мақсатын, мазмұнын, әдісін және формасын және мұғалім мен баланың біріккен жұмысын 
ұйымдастыру, ал «инновациялық процесс» ұғымы жаңалықтарды зерттеу, меңгеру, 
қолдану және кең көлемде тарату бойынша кешенді іс-әрекет деп түсіндіріледі. 
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде оқу-тәрбие үрдісіндегі инновациялық 
процесс жағдайында оқушылардың да, мұғалімдедің де өзін-өзі тұлға ретінде сезініп 
педагогикалық процесте оқытушы мен мектеп оқушылары өзара бесенді байланысы бар 
жүйе қалыптасатындығы толық аңғарылады. 
Н.Қ.Тоқсанбаеваның пікірінше, жеке адамының белсенділігі дегеніміз «серпімді» 
ізденімпаздық, ал ізденімпаздық – тұрақты белсенділік [5, 10]. Танымдық белсенділік пен 
ізденімпаздық әлеуметтік белсенділік ізденімпаздықтың түрлері болып табылады. 
Танымдық қажетсіну – белсенділіктің және ізденімпаздықты дамытудың қайнар көзі. 
С.Н.Савина оқушылардың ерік, күшінің түрлі сипатын айқындайтын оқу-іздену әрекеттің 
мақсатын қоюдың үш нұсқасын бөліп көрсетеді:
1. Оқу-қызығушылық әрекет мақсатын мұғалім қояды. Оқушы бұл мақсатты ат үсті 
қабылдамайды. Мұның өзі ерік, күшінің төмен деңгейде болуына алып келеді; 
2. Мұғалім тапсырманы немесе тақырыпты хабарлайды, осыған сәйкес өзі оқу-
танымдық әрекетті жүзеге асыруға тиіс, сөйтіп осы негізде оқушы мақсатын өзі немесе 
мұғаліммен бірге анықтайды. Мақсаттың қойылуына ізденімпаздық үлесінің көп болуы 
ерік, күшінің неғұрлым жоғары деңгейде екендігін көрсетеді;
3. Оқушы өзінің танымдық әрекетінің мақсатын өз бетінше анықтайды, бұл-өз 
бастамасымен өз бетінше жұмыс істеу болып табылады. Мұндай жағдайда ерік күшінің 
деңгейі неғұрлым жоғары [6]. М.Н. Скаткин, оқушылардың тиісті дайындығы болса, 
зерттеушілік әдісті қолдануға болатынын айтады. Бұл жағдайда оқушылылардың алдына 
қандай да мәселе қойылады да, олар оны өз бетінше шешуі қажет.
Нақты тоқталатын болсақ ол-проблемалы оқыту. Проблемалы оқыту арқылы 
оқушының оқу-жаттығуын белсендірудің мәні стереотипті мектеп міндеттерін шешу 
бойынша қарапайым ақыл-ой белсенділігі мен ойлау операцияларында емес, ол 
проблемалы жағдайларды құру жолымен оның ойлауын белсендіруден, шығармашылыққа 
барабар танымдық қызығушылықты қалыптастыру және ақыл-ой процестерін үлгілеуден 
тұрады. 
Проблемалы жағдайларды жасай отырып, мұғалім оқу уәждерін меңгерудің 
тәсілдерін, оқушылардың мәселеге деген танымдық қызығушылығын табуға тиіс. 
Қызығушылықты қозғаған кезде ол алдын ала немесе бір мезгілде жағдай жасай алады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет