«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет87/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

Ключевые слова: прагматическая наука, будущее, прогноз, реальная информация, 
примеры, особенности культуры, социальный статус. 
 


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
82 
Given the modern nature of the formation of pragmatic competence in teaching the 
Kazakh language, one can be sure that in the future the relevance of this issue will not decrease, 
if not increase. According to the results of modern research, it is possible to predict the future of 
pragmatics. The use of authentic sources of information and examples of communication in 
teaching pragmatic competencies will become increasingly important. Pragmatic learning can 
also be carried out by using personal examples of students in the classroom. Most importantly, it 
can be assumed that it will be of great importance in the future to take into account the various 
cultural characteristics observed in the territory of Kazakhstan and different social status.
Key words: pragmatic science, future, forecast, authentic information, examples, 
cultural features, social status. 
 
Прагматикалық құзіреттілік ұғымы сөйлеушілер мен қоғамдық факторлардың 
арасындағы маңызды байланыстың көрінісі деуге болады. Себебі, прагматикалық білімі 
толыққан сөйлеуші қоғамда орын алатын түрлі жағдайларды ескере отырып қарым-
қатынас құруға қауқарлы болады. Ал прагматикалық білімі жетілмеген жағдайда 
сөйлеушілер өзге қоғам мүшелерімен келісімге келіп, тиімді әрі нәтижелі қарым-қатынас 
құра алатынына сену қиын. Сондықтан болар, адамдардың бойында прагматикалық 
құзіреттіліктің болуы олардың қоғамдық мінез-құлқынан сыр шертеді деп есептеледі. 
Яғни, прагматикалық білімі бар азамат қоғамдық нормалар, этикет пен ережелерге сүйене 
отырып әрекет етуге тырысады. Сонымен қатар, мұндай адам қоғамның қай мүшесіне қай 
жерде қалай сөйлеу керектігінен де хабардар болады [1]. Мәселен, қарапайым өмірдегі 
күнделікті тіршіліктің өзінде сөйлеушілер өздерінің прагматикалық құзіреттіліктерін 
көрсетіп жатады. Белгілі бір адам сөйлеушіге "қалың қалай?" деген сауал қойса, сөйлеуші 
бұл сұраққа жауап беру үшін қоғамдық контекстке мән беруі тиіс болады. Егер бұл 
сұрақты өте еркін әрі бейресми жағдайда сөйлеушінің досы қоятын болса, ол оған жақсы, 
күшті деп қысқаша жауап бере алады. Ал, бұл сауалды ресми түрдегі қарым-қатынас 
барысында бір лауазымды кісі қоятын болса, сөйлеуші рахметін айтып, өзінің де ізгі 
ниетін, тілегін білдіруі қажет болады. Бұл сұрақты дәрігер қоятын болса, сөйлеуші өзінің 
денсаулығындағы мәселелерімен бөлісіп, өзін физиологиялық тұрғыда қалай сезініп 
тұрғандығын айтуы керек болады. Осы секілді мәселелерге қарай отырып, болашақта 
прагматикалық құзіреттіліктің маңыздылығы артпаса, төмендемейтіндігіне көз жеткізуге 
болады. Сондықтан, бұл мақаланың мақсаты қазақ тілін оқыту барысында прагматикалық 
құзіреттілік қалыптастырудың бүгінгі сипатына қарай отырып, бұл үдерістің болашағына 
болжам жасау болып табылады.
Негізінен, екі адамның арасындағы қатынастың сәтті болуы үшін грамматикалық 
білім ғана емес, прагматикалық қабілеттің де болуы маңызды деп есептеледі. Себебі, 
қарым-қатынас құрушылардың грамматикалық білімі өте жоғары деңгейде болса да, 
прагматикалық білім жетіспей, сөйлеушілер арасында дөрекілік пен ыңғайсыздық 
туындап жатады. Бұл тұрғыда түрлі қоғамдық факторлар мен сөйлеушілердің өзара 
байланысының ерекшеліктерін ескермегендіктен қатынас сәтсіз болады деуге толық негіз 
бар.
Сондықтан, сөйлеушілер арасында қоғамдық қалыптасқан нормалар мен 
ережелерге сәйкес келетін қатынас орнауы үшін сабақ барысында прагматикалық 
құзіреттілікті оқыту маңыздылығы арта түседі. Бүгінгі күні түрлі ғалымдардың 
прагматикалық құзіреттілік аясында жүргізіп жатқан зерттеулеріне сүйене отырып, бұл 
қабілеттті оқыту болашақта әлдеқайда оңай болады дей аламыз.
Болашақтағы прагматикалық құзіреттілікті оқыту сабақтары қазіргі таңда 
жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін қолданып, жетіле түседі деп болжауға 
болады. Хут және Талегани-Никазм сынды ғалымдар тіл үйрету сабақтарында шынайы 
өмірден алынған қарым-қатынас үлгілерін көрсету арқылы мәдени құзіреттілік арта түседі 
дейді. Бұл ғалымдардың зерттеуі аясында сыныптағы оқушыларға екі адамның 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет