«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет88/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
83 
арасындағы диалог ұсынылады. Берілген диалогты тыңдау арқылы оқушылар қарым-
қатынасқа әсер ететін түрлі мәдени факторлармен таныса отырып, сөйлеушілердің 
қолданатын тілдік құралдарына да ерекше назар аударады [2]. Яғни, шынайы өмірден 
алынған коммуникативтік қатынастың барысында сөйлеушілердің өздерін ұстауы, арнайы 
сөздер мен сөз тіркестерін қолдануы және түрлі интонацияда сөйлеуі тыңдаушылардың 
прагматикалық құзіреттілігін қалыптастыруға көмектеседі. Демек, жақын болашақтағы 
қазақ тілі сабақтарында прагматикалық құзіреттілік қалыптастыру сыныпта шынайы 
өмірдегідей орта дайындаумен сипатталады деуге болады. 
Болашақта прагматикалық құзіреттілікті оқыту барысында қолдануы мүмкін 
делінген тағы бір әдіс сыныптағы оқушылардың жеке мысалдарын таныстыруға 
негізделеді. Сыныптағы оқушылар тілдің практикалық қолданысы мен прагматикалық 
құзіреттіліктің шынайы өмірдегі көрінісінің айқын дәлелдерін ұсына алады. Себебі, кез 
келген адам күнделікті қарым-қатынаста прагматикалық білімнің таяздығынан ұялып 
қалып, қатынасын тоқтатуға мәжбүр болып жатады. Сәйкесінше, мұндай ұятқа қалдырған 
оқиғалар адамдардың есінде ұзақ уақытқа сақталып қалады. Демек, сыныптағы кез келген 
оқушыда прагматикалық құзіреттіліктің қажеттілігіне қатысты кем дегенде бір мысал 
болатыны сөзсіз. Оқушылар сыныпта осындай шынайы жағдаяттық ситуацияларды 
талқылау арқылы болашақта мұндай жағдайды болдырмауға дағдыланады. Бұл тұрғыда 
шынайы мысалдарды қарастыру негізінде прагматикалық құзіреттіліктің қалыптасу үрдісі 
табиғи түрде жүзеге асады деуге болады. Сонымен қатар, шынайы қатынас үлгілері мен 
мысалдарынан бөлек арнайы тапсырмалар орындау да оқушылардың прагматикалық 
құзіреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Мәселен, сыныптағы оқушыларға арнайы 
жағдаяттық тапсырманың мынадай үлгісі ұсынылды делік: Сіздің жақын құрбыңыздың 
тойына бару үшін жаңа көйлек сатып алуға ақшаңыз болмады. Сіз өзіңіздің екінші бір 
құрбыңыздың көйлегін сұрауға мәжбүр болдыңыз. Бұл екінші досыңызға қалай өтініш 
айтар едіңіз? [3] Бұл тапсырма дискурсты аяқтау тесті деп аталады, яғни мұнда оқушылар 
ұсынылған кейске өзіндік шешімдерін ұсыну барысында өздерінің прагматикалық 
құзіреттіліктерінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан, болашақта аталған тест арқылы сандық 
және сапалық ақпарат жинақталып, прагматикалық құзіреттілікті бағалау тесті ретінде 
қолдану мүмкіндігі бар дей аламыз. Ең маңыздысы, оқушыларға мұндай тапсырмалар 
барысында түрлі қоғамдық айнымалылар да таныстырылады. Мысалы, жоғарыда 
ұсынылған тапсырмада оқушыларға келесідей қоғамдық параметрлер ұсынылады: 
-сөйлеуші мен тыңдаушының қоғамдық статусы 
-сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы қоғамдық және психологиялық қатынас 
-қарым-қатынастың интенсивтілігі немесе қарқыны 
Оқушылар тапсырманы орындау барысында жоғарыда ұсынылған параметрлерді 
жеке-жеке ескере отырып, прагматикалық құзіреттілік қалыптастыруға мүмкіндік алады.
Қазақ тілін оқытуда прагматикалық құзіреттілік қалыптастырудың тағы бір әдісі 
қазақ халқында кездесетін түрлі мәдени факторларды салыстыра отырып оқыту әдісі 
болуы мүмкін. Яғни, сыныптағы оқушыларға қарым-қатынасқа әсер ететін түрлі мәдени 
факторларды өзара салыстыру арқылы ұсыну әдісі қолданылуы мүмкін. Мәселен, бір 
Қазақстанның территориясында, бір қазақ халқының ішінде түрлі мәдениет, менталитет 
және диалект кездесетіні белгілі. Осыған сәйкес еліміздің түрлі өңірлеріндегі мәдениетке 
сай амандасу, қоштасу және хәл сұрасу үлгілері де бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, 
Қазақстанның оңтүстік өңірлері қоштасу кезінде және түшкірген жағдайда амандық тілеу 
үшін бір-біріне сау бол деп айтады. Ал, Батыс өңіріндегі қалаларда ізгі тілегін білдірген 
адамға немесе жалпы жақсылық көрсеткен адамға рахмет айту кезінде сау бол деген сөз 
қолданылады. Екі өңірдің адамдары қыз алысып, қыз беріскенде құдалардың арасында 
түсініспеушілік туындап, дастархан басында айтқан тілекке сау бол деген жауап естіп, 
Оңтүстіктен келген құдалар үйден шығуға жиналып кетпес үшін прагматикалық 
құзіреттілікті оқытуда түрлі мәдени факторлардың қарастырылғаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет