«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 262
қалып, 2-3 оқушы жазғы демалыс уақытына арнайы тапсырма алып отырған, тиісінше
келесі сыныпқа өту үшін оларды орындауға міндетті болды.
Бастауыш сынып мұғалімдері Т.Г. Гетман, Л.М. Леденева, А.И. Марченко және
Л.С. Бондаренко жұмысқа адал ниетпен қарады, білімді саналы түрде меңгеруге қол
жеткізді, олардың оқушылары тәртіпті болды.
Р.Е. Латкова, М.С. Еременко, Т.С. Тен және А.Е. Ерыгинаның жұмысы
қанағаттанарлық. Ал А.И. Гузеева өз міндетін тіпті нашар орындаған [4, 7-8].
Әрбір аталған мұғалімнің жұмысына, кәсіби шеберлігіне түбегейлі жеке сипаттама
берілген. Бірі жақсы, екіншісі нашар. Нашар жағынан көзге түскен мұғалімдер келешекте
өз кемшіліктерін жоюға тырысты.
Келесі оқу жылына бастауыш сыныптар 2 ауысымда ғана білім алу мәселесін шешу
міндеті тұрды. Бұл мәселе шешімін тапса, қосымша жұмыс, үйірме сабақтары, пионерлік
жұмыстар, т.б. да ретке келетіні анық еді. Мұғалімдердің сабақтарына өзара қатысуды
көбірек жүргізу, озық жоспарды жалпылау мен таратудың маңызына үлкен мән берілді.
Әдістемелік жұмысты жандандыру, бірлестік әдісі отырысын үнемі өткізу, сабақтарда
көрнекілікті көбірек қолдану білім деңгейін болашақта жоғары сатыға шығаратындығына
мектеп басшылығы кәміл сенді [4, 10].
1-4 сыныптардағы тәрбие жұмысына келер болсақ, негізгі тәрбиелік міндет –
ұжымды ұйымдастыру болды. Жеке сыныптарда – ұжымдарды нығайту, барлық оқу және
қоғамдық жұмыстарды одан әрі жақсарту.
Бірінші сыныпта «Сабақты қалай дайындау керек», «Сыпайы және шыншыл бол»,
«Оқушы ұқыпты болуы керек» және т.б. тақырыптарда сұхбаттар алынды. Сыныпта
дәптерлердің тазалығы үшін қатар аралық сайыс, т.б. өткізілді. Жыл соңында бір күндік
экскурсия да ұйымдастырылды.
Екінші сыныптағы үлкен тәрбиелік фактор ретінде пионерге дайындық пен оған
қабылдауды атап өту керек. Осы мақсатта – «Пионер – барлық балаларға үлгі», «Ұлы
Отан соғысының пионер қаһармандары және еңбек батырлары» туралы әңгімелер
жүргізілді. Бұл білімгерлердің үлгерімі мен мінез-құлқына жағымды әсер етті.
2 «А» сыныбында Тимуршылар қозғалысы (қарттарға көмек) пайда бола бастады.
Екінші сынып оқушыларымен қаланың жаңа ғимараттарына, электр станциясына, жас
натуралистер станциясына және инкубаторға экскурсиялар жүргізілді.
Жағымды құбылыстармен қатар, 2-3 сыныптарда ішкі ережелерді бұзу оқиғалары
да байқалған. Соның ішінде төбелес және ұрлық жағдайлары бар. Жыл бойына 5 оқушы
тәртібі бойынша төмен баға алған. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің елеулі
кемшіліктерін көрсетеді.
Ал төртінші сынып тәртіптілігімен ерекшеленді. Бұл сынып оқушыларының
ұқыптылығын, жинақылығын, адалдығы мен достығын атап өту қажет.
Жалпы алғанда, 1-4 сынып оқушыларының тәрбиесі 5-10 сынып оқушыларымен
салыстырғанда әлдеқайда жақсы [4, 26].
Ұлы Отан соғысынан кейін жалпыға бірдей міндетті жетіжылдықты іске асыру, ал
одан кейін сегізжылдық білімді және орта мектептердің жүйесін дамыту шараларымен
қатар,
жалпы
білім
берудің
мазмұнын
жетілдіру
жұмыстары
жүргізілді.
Дегенмен, мектептердің материалдық жағдайы онша болған жоқ. Сондықтан оларға
ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерін салуға, жөндеуге халықтың
тарапынан үлкен көмек көрсетілді.
Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру бері ісі тоталитарлық тәртіптің
ықпалынан шықпады. Партия, комсомол және пионер ұйымдары, мұғалімдер жас
ұрпақтың санасы мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстады. Оқу-тәрбие процестерін
саясаттандырумен қатар, жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу,
оқушылардың оқуға немқұрайлы қарауы орын алды.
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции