«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 270
Қасқыр:-Содан соң нан бола ма?
Егінші:-Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің! Ол көктемде көгеріп жер бетіне
шығады, ал жаз ортасында піседі.
Қасқыр:-Содан соң нан бола ма?
Егінші:-Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау крек. Ол бауларды жақсылап жер
бетіне қағып, күзде кептірген соң қырманға апарып, маялау керек…
Қасқыр:-Содан соң нан бола ма?! -деп айқайлап жіберді.
Егінші:-Жоқ қара бидайды жинап алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң,
бидайды диірменге апарып, ұн қылып тарту керек.
Қасқыр:-Сонда жеуге бола ма?
Егінші:-Жоқ әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек…
Қасқыр:-Содан соң нан бола ма?
Егінші:-Иә,сонда нан болып, жеуге жарайды, -деді егінші.
Қасқыр:-Бұл өте ауыр, әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ
қояйын, -деді қасқыр [3].
Осы мәтінді түсіндіру барысында төмендегідей әдіс –тәсілдерді пайдаландық:
түсіндіру, ойын, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, бейнефильм көрсету. Ертегі туралы видео
көрсеттік, рөлдерге бөліп оқушыларды ойнаттық, сұрақ- жауап әдісімен оқушыларды
жатық сөйлеп, өз ойларын еркін жеткізуге төселдірдік. Мәтінмен танысқан соң,
оқушыларға сызба арқылы кейіпкерлер әрекетін көрсетеміз.Сызбада нан жеу үшін қандай
жұмыстардың істелетіні туралы мәліметтер жазылады.
Мысалы: Күзде жер жыртады, тырмалайды, тұқым әзірлейді, себеді, күзде егеді,
көктемде шығады, күтіп-баптайды, піседі, орады, баулайды, кептіреді, маялайды,
бастырады, ұн тартады, қамыр илейді, нан пісіреді.Бұл қимылды білдіретін етістікті сөз
тіркестерінің мағынасын балаларға сызба арқылы көрсетуге де болады. Мағыныны тану»
кезеңінде, яғни жаңа тақырыппен таныстыруда "Көр, жаз, тексер" әдісін жиі ұсынамын.
Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын
қалыптастырады. Бұл әдістің мақсаты: есіктің сыртына жаңа сабақ тақырыбын ашатын
мәлімет жазылады. Оқушылар біртіндеп шығып, оқып, есте сақтап, келіп қағазға жазады,
соңынан тексереді. Соңында жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сабақты қорытындылау барысында жаңартылған білім бағдарламасы талаптарына
сәйкес оқытудың сыни ойлау технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерту арқылы
өткізуге болады.Атап айтатын болсақ кері байланыс жасауда қолданылатын әдіс-
тәсілдерді қысқа мерзімді сабақ жоспарларында көрсетіп отырмыз.
Ертегі – өсіп келе жатқан жас жеткіншек жанын қоректендіретін, оны адамдық
қасиеттерді сәби кезінен меңгеріп, бойына жинауды үйрететін үлкен рухани қор екені
баршамызға мәлім. Адам бойына мейірім мен махаббатты, сұлу сезім мен ұлы сенімді,
қайырымдылық
пен
адалдықты,
парасаттылықты,
тұрақтылықты,
игілікті,
талғампаздықты,имандылықты жүрекке егетін де осы ертегі. Ендеше біздер, үлкендер
балаларға ертегі оқудан жалықпайық. Ана тілі арқылы оқушы бойына жалпы адамзаттық
құндылықтарда сіңіруге басымдылық беріледі. Бұл оқушының мәдени дағдыларды
игеруіне, тәрбиені ізгілендіруге жағдай жасайды. Бастауыш сынып оқушыларына ертегі
оқыту қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге, қайратты істер жасауға
жұмылдырылып, адамгершілік қасиеттерді бойларына қалыптастырады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Аристотель. Об искусстве поэзии. – М., 1951. – С.40. 30.
2. Қасқабасов С.Қазақтың халық прозасы. Т. 1.-Астана: Фолиант, 2014ж.-320 бет.
3.ХазимоваА.Ж., СалыховаБ.У., Бейсебекова М.Ж. Қазақ тілі. 1 сынып,
Алматыкітап. 2021ж.
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции