Филология әож 639


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2019



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата18.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#118656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Four-dimensional System of Teaching the Latin Graphics[#1160750]-2591272

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2019 
 
топтауға, сол арқылы әлеуметтік салалардың жаңа жазуды меңгеруге деген ықыласының 
қарқынын төмендетуі мүмкін тәуекелі бар [5,115-б.]. 
Түрлі оқу бағдарламаларымен қаруланған өзара бәсекелес оқу орталықтары жаңа жазу 
жүйесін елге оқытуды бастады. Мақсаттары қоғамды жан-жақтан жаңа жазуды меңгеру 
процесіне қосу болғандықтан, оқу орталықтарының бәсекелестік артықшылықтары мынадай 
сипаттарынан танылады: 
-
әрбір жеке адам, өзінің жеке даму ерекшелігіне сай жаңа жазуды үйрену 
бағдарламасын еркін таңдай алады; 
-
жаңа жазуды оқытуды ұйымдастырудың мазмұны мен формаларының көп нұсқасы 
болады; 
-
жаңа әліпби мен жаңа орфографиялық ережелер жөнінде көптеген қосымша білім 
қалыптасады және қосымша ақпараттар ағыны пайда болады; 
-
қоғам мүшелерінің жаңа жазуды меңргеруге байланысты болып жатқан өзгерістерге 
бейімделу мүмкіндіктері көбейеді. 
Бұл сипаттамалардың болмысы жаңа жазуды оқытып-үйретудің құнды мәртебесін 
терең түсінуге алып келеді. Жаңа қазақ әліпбиін үйрету әдістемелері мен технологиялары 
жасалынуы арқылы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі жаңа белеске
көтеріледі. Бұл ретте Елбасының: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі 
заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми 
және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында 
балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас 
буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін 
ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа 
графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа 
әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға 
кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге 
тиіс», - деген сөздері мәселені өте айқын белгілеп береді [5,116-б.]. 
Жаңа қазақ жазуын меңгерту процесі әрбір қазақтың және әр қазақстандықтың қазақ 
тілін меңгеруге қатысты мотивтік кеңістігіне айналуы тиіс. Ол кеңістікте әрбір жеке адам 
өзіне таным субъектісі ретінде қарап, өзінің ішкі танымдық мүмкіндіктерін жаңаша бағалап, 
рефлексиялық деңгейден өтеді. Ал адам өзінің ішкі мүмкіншіліктерін қайта бағалауда 
қоғамның назар салып отырғанын сезіну – үлкен стимул. Осы жаңа жазудың жүйесін 
меңгеруге кіріскен әрбір жеке адам ғана қоғамның дөңгеленген даму қозғалысынан қалып 
қоймау керектігін түсінеді. Осымен де жаңа қазақ жазуының елімізді біртұтастыққа 
тәрбиелейтін қуатты күш екендігі танылады. 
Латын графикасына негізделген қазақ жазуын үйрету әдістемесінің Тұжырымдамасы 
(әрі қарай – Тұжырымдама) жаңа қазақ әліпбиі мен жаңа орфографиялық ережелер жүйесін 
қазақ халқының танымдық, шығармашылық, бірлік пен рухани жаңғыру мотивацияларын 
дамытудың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі ретінде нақты іске асыруға бағытталады [5]. Жаңа 
әліпби негізіндегі жаңа жазу феноменін қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде дамытудың 
шынайы жүйелік кіріктірушісіне айналдыра отырып, жеке тұлға ретіндегі әрбір 
қазақстандықтың, тұтас қоғамның бәсекелестікке қабілетін дамытуға бағыт ұстанады. Жаңа 
қазақ жазуының құндылық болмысын тұтас қоғам болып мойындай отырып, сол арқылы 
Елбасының Жарғысында, бағдарламалық мақалаларында, Жолдауларында мемлекетіміздің 
тілді дамыту саясатында белгіленген негізгі қағидаларды, маңызды шараларды жүзеге 
асыруға үлесін қосуды мақсат тұтады. 
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесінде қызмет етуінің бағыттары мен мақсат- 
міндеттері анықталған Тәуелсіз Қазақстанда нақ осы кезеңде жаңа қазақ жазуының енгізілуі 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет