Байланысты: Four-dimensional System of Teaching the Latin Graphics[#1160750]-2591272
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2019 Жаңа жазуды «ана тілінің жазу жүйесі ретінде үйрету» – ана тілі болып табылатын
қазақ тіліндегі дыбыстардың таңбаларының жүйесі ретінде оқытуды көздейтін бағыт.
Ал жаңа жазуды «екінші тілдің жазу жүйесі ретінде үйрету», яғни еліміздегі өзгетілді
аудиторияға үйрету – екінші тілде сөйлеуге, жазуға үйрететін таңбалар жүйесі ретінде оқыту
бағыты.
Сонда ана тілі ретінде оқыту бағытында «жаңа жазуды» үйретуде лингвистикалық
құзырет басты, ал сөйлеу тақырыптары екінші орында болып табылады.
Ал қазақ тілін екінші тіл ретінде үйрету бағытында «жаңа жазуды» үйретуде сөйлеу
тақырыптарына басты назар аударылады.
Айта кету керек, жазу – сөйлеуден күрделілеу процесс, өйткені адам жазу барысында
ауызша сөзді жазу түріне аудара салмайды. Жазуға үйрену тек жазу техникасын игеру
дегенді білдірмейді.
Кирилицамен жазып үйренген ересектерге латыннегізді жазуды меңгертуде
мұғалімдер, оқытушылар ескеруі тиіс мәселе келесіде.
Жазуды үйрену процесінде адам абстракциялану керек, ауызша тілмен салыстырғанда
жазуда екі есе абстракциялану өтіледі. Ал үйренген кирилицадан латыннегізді жаңа жазуға
көшуде абстракцияланудың үшқабатты деңгейіне өтуі мүмкін деп болжаймыз. Өйткені,
алдымен айтылған сөзден дерексіздену өтіледі, одан соң ойында қалыптасқан пікірін сөзбен
жеткізу үшін үйренген кирилицамен ойын жинақтайды, үшінші деңгейде сол кирилица
әріптерінің орнына латыннегізді жаңа әліпбидегі әріптерді алмастырып қояды. Мұның бәрі
жазып отырған адамнан жоғары саналылықты керек етеді, тіпті талап етеді. Сондықтан да
жазуды үйретуде ақыл-оймен жұмыс жасалатыны баса ескеріледі [10,160-б.].
Жазу, Л.С.Выготскийдің сөзімен айтқанда, «сөздің алгебрасы, ниет етілген және
саналылықпен ұйымдастырылған сөйлеу әрекетінің ең қиын және күрделі формасы» болып
саналады. Алгебра дегеніміз арифметиканың қайталамасы емес, математикалық ойлаудың
жоғарғы және абстрактылық дамуы болса, жазу да адамды сөйлеудің ең жоғарғы
абстрактылық деңгейі болып табылады, жазу – адамның ауызша сөйлеуіне де ықпалын
тигізетін қуатты құрал.
Жаңа қазақ жазуын үйрету әдістемесінде бастауышта әріпті жаздырып үйрету
әдістемесінің элементтері де, екінші тілді үйретудегі жазуды үйрету әдістемесінің
элементтері де, жазба тілді дамыту әдістемесінің элементтері де интеграциялана
қолданылады [11,115-б.].
Латын графикасына негізделген қазақ жазуын үйрету әдістемесінің қазіргі жай-күйі
жоспарлы ағымда жүргізіліп келеді. Қазіргі кезеңде латын графикасына негізделген жаңа
қазақ жазуын үйрену мүмкіндігін Тіл комитетіне, облыстық тіл дамыту басқармаларына
қарасты тіл үйрету орталықтары және мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер
қамтамасыз етуде.
Нақ осы шақта жаңа қазақ жазуын үйрету курстарындағы оқу бағдарламаларының
мазмұны мыналарға бағытталған:
-
жаңа әліпбимен танысу;
-
жаңа орфографиялық ережелермен танысу;
-
жаңа орфографиялық ережелерге енгізілуі тиіс деп саналатын өзгерістерді талқылау;
-
жаңа графика бойынша оқылым мен жазылым.
Инновация – жаңашылдықты енгізу. Сонымен бірге инновация – жаңа нәрсе ойлап
табудан және жаңа нәрседен өзіндік ерекшелігі бар құбылыс. Латыннегізді жаңа қазақ
жазуының инновация ретінде танылу реті, біріншіден, латын графикасын қолдану қазақ
жазуы тарихында болған құбылыс екендігімен анықталады. Екіншіден, латыннегізді жаңа қа-