ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2019 -
үйренушілердің жаңа жазуды үйрету бағдарламасын сағат саны мен қарқындылығына
қарай таңдауына мүмкіндіктері болады және таңдалған бағдарламасына сәйкес жаңа жазуды
меңгеруге арналған жеке білімдік траекториясы қалыптасады;
-
үйреніп көруге және қателер жіберуге де құқылы болады, соның негізінде жаңа әліпби
мен жаңа орфографиялық ережелерді меңгерудің басқа бағдарламалары мен оқытушыларын,
мекемелерді таңдауға құқы болады;
-
меңгеру нәтижесін бағалауда компьютерлік тестілеу қолданылғандықтан, өзінің
жетістігін өзі бағалап, біліп отыруына мүмкіндік жасалынады;
-
егер өзі қаласа, мұғалім/оқытушыдан диктанттың жазуды меңгеру деңгейіне лайықты
диктант түрін (сөздік диктант, терме диктант, есту диктанты, көру диктанты, т.б.) өткізуін
өтіне алады;
-
жазуды үйренуші тұлғаның өзінің мамандығына, білім деңгейіне лайықты педагог пен
үйрету курстарын таңдауына жағдай жасалынады.
Қазіргі кезеңдегі оқыту, білім беру мен тәрбиелеудің әлеуметтендірілуі мен
ақпараттандырылу жағдайында жаңа жазуды оқыту процесін қазақстандықтардың
азаматтық, құндылық, дүниетанымдық болмысын қалыптастырудың сенімді тетігі ретінде,
қоғамда болып жатқан өзгерістерге бейімделгіш, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде
қалыптасуына бағытталған педагогикалық жүйеге айналдыруға толығымен болады.
Латын графикасына негізделген қазақ жазуын үйрету әдістемесінің қазіргі жай-күйі мен лингводидактикалық мәселелері Латын графикасына негізделген қазақ жазуын оқытып-үйрету – жалпы жазуды
үйретудің психологиялық және педагогикалық заңдылықтарын басшылыққа алатын оқу-
танымдық процесс.
Адамның жазуы – қазіргі күнге дейін түрлі ғылым салалары қызығушылық танытып
отырған, бірақ толыққанды зерттеліп бітпеген психикалық процесс. Жазудың психологиялық
мазмұны мен құрылымы, генезисі, оның ауызша тілмен байланысы, жазудың адам өміріндегі
орны мен атқаратын қызметі, адамның психикалық әрекетіндегі жазудың маңызы, балада
және ересектерде жазу қабілетінің қалыптасуы мен дамуы, жазу әрекетінің ми қызметіне
қатынасы сияқты толып жатқан күрделі мәселелер әлі де болса терең зерттеуді қажет етеді.
Жазу – адамның психикалық аясында басқа жоғары психикалық қызметтерден кейін
барып орныққан құбылыс болғандықтан, тарихи және генетикалық қырынан танылып
болмаған қасиеттері жетерлік. Жазу – адамның сөйлеуі мен барлық басқа жоғары
психикалық функцияларын дамытуға қуаты жететін ерекше процесс. Ғалымдар жазуды
адамның жасанды жадысы, жасанды есте сақтауы ретінде пайда болғанын айтады [8,85-б.].
Жазу – туа бітті пайда болмағандықтан, ғалымдардың айтуынша, ол өмір бойы
қалыптаса, дами беретін ерекшелігі бар психикалық қызмет. Мұның өзі әдістемелік тұрғыдан
қарайтын болсақ, балаларға да, ересектерге де жазуды үйретуге болатынын көрсетеді.
Лингводидактиканың қазіргі кездегі маңызды бір мәселесі болып табылатын жазуды
үйретудің жүйесі қазақ тілін оқыту әдістемесінде арнайы әдістемелік категория ретінде
танылған. Бірақ жазудың өзін ғана үйретуді қарастыру қазақ тілін оқыту әдістемесінде кең
арнада қарастырылмағаны жоғарыда айтылды.
Жаңа жазуды үйрету әдістемесінің лингводидактикалық мәселелерінің бірі – жаңа
жазуды «ана тілінің жазу жүйесі ретінде үйрету» және «екінші тілдің жазу жүйесі ретінде
үйрету» деп қарастыру керектігі. Екі тұрғыдан келу екі түрлі жазу құзыреттілігін
қалыптастыруды көздейді [9,52-б.].