Филология әож 639


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2019



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата18.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#118656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Four-dimensional System of Teaching the Latin Graphics[#1160750]-2591272

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2019 
 
зақ жазуы – басқа жазу жүйесін ауыстырушы жүйе. 
Латын негізді әліпби қабылдануы, орфографиялық ережелер нақтылануы, ел арасында 
ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуі, барлығы осы маңызды істі инновациялық 
процестің басталғанын көрсетеді. 
Жаңа жазуды әлеуметтік барлық деңгейлерге енгізуге қатысты нормативтік реттеу 
тетіктері әлі де жасалмауына байланысты, түрлі бағыттағы оқу бағдарламаларының 
жасалуына, жаңа жазуды оқытуды түрлі бағытта жүргізуді мүмкін етеді. Дегенмен, ортақ 
негізі болмаған түрлі оқу бағдарламалары әдістемелік жағынан лайықты сапалы және тиімді 
толыққанды бола бермейді [12, 97-б.]. 
Әлі де болса терең тамырлана тарамағанымен, қарқынды басталған игілікті процестің 
нәтижелі болуына аса қажетті лингводидактикалық жабдықтармен дер кезінде қамтамасыз 
етілуі өте маңызды болып табылады. 
Латын графикасына негізделген қазақ жазуын үйрету әдістемесінің лингводидактика- 
лық мәселелері қаншалықты анықталды және тәжірибеде қаншалықты басшылыққа алынуда 
деген сұрақ жаңа жазуды оқытудың әдістемелік оңтайлылығы мен сапалылығын анықтайды. 
Графика және орфография, қазақ тілін оқыту әдістемесінің құрамдас бөлшектері 
ретінде лингводидактикамен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезеңдегі жаңа қазақ жазуын 
игеруге байланысты басталған процестер – жаңа орфографиялық ережелерді үйрететін 
тренерлер дайындау курстары – инновациялық сипаттағы жаңа қазақ әліпбиін өмірге 
енгізудің бірінші кезеңі деп танылады. Осы кезеңде қатарласа жүргізілетін жұмыстар – жаңа 
әліпби мен жаңа жазуды оқытуға қажетті оқулықтар мен дидактикалық құралдар әзірлеу.
Ал екінші кезеңі – дайындалған тренерлер өздерінің үйрету істерін бастауы және әзірленген 
оқу-әдістемелік, дидактикалық құралдарды жалпы оқыту процесіне енгізуі [13, 117-б.]. 
Жаңа әліпбидің баспа түрі Елбасының Жарлығымен бекітілді. Бірақ жаңа әліпбидегі 
әріптердің жазба түрі әлі де анықталмаған (мысалы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет