14
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2019
Жаңа жазуды оқытудың теориялық негіздері
Қоғам
сұранысы
Жаңа Әліпби
Жаңа орфографиялық ережелер
Қазақ тілі
туралы
орын ретінде – Оқу бағдарламасын қарастыру принципі (бұл жерде басты нәрсе – оқытатын
мекеме емес, Оқу бағдарламасы және оның білімдік-құндылық [аксиологиялық] мазмұны
мен құрылымы);
-
латын графикасына негізделген қазақ жазуын үйрету процесін қазақ тілін
коммуникативтік жүйеде оқыту технологиясымен тығыз байланыста жүргізу принципі;
-
латын графикасына негізделген қазақ жазуын үйрететін курстар жүргізудің сапалы
және оңтайлы инновациялық принципі;
-
курстардың оқу бағдарламаларын тыңдаушылардың кәсіби салаларына байланысты
мақсаттары мен сағат сандарына қарай дифференциациялау принципі;
-
латын графикасына негізделген қазақ жазуын үйрету процесінде тұлғалық-бағдарлы
және іс-әрекет теориясын басшылыққа алу принципі;
-
курсқа қатысушы әрбір тыңдаушының келешекте ондаған (жүздеген) адамға жаңа
жазуды үйретуші тұлға екендігіне баса назар аудара отырып, оларға лингводидактика
заңдылықтарымен бірге ұлттық-танымдық, тіл мен жазу тарихы, әлеуметтік лингвистикалық,
білім минимумын ұсыну арқылы тілдік тұлға қалыптастыру принципі.
Достарыңызбен бөлісу: