Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Қазақ əңгімелерінің типологиясы. Қазіргі
қазақ əңгімелерінің даму тенденциялары.
Негізгі əдебиет: 1. [1.7:3.15]; 2. [1.7.6.10:12]. Қосымша əдебиет: 1.
[1.7.8.11:12].
№14 лекция тақырыбы: Көркем шығарманың тілі.
Қарастырылатын сұрақтар: Көркем шығарманың тілі. Əдебиет теоретигі,
ғалым З. Қабдолов «Сөз өнері» атты монографиялық еңбегі. Көркем
шығарманың тілі туралы теориялық мəселелер жəне əдеби талдаудағы
теориялық мəселелер.
Дəрістің мақсаты: əдеби шығарманы талдаудағы шығарма тілін талдау
жолдарын меңгерту
Дəріс мазмұны:
Əдебиет
теоретигі,
ғалым
З.
Қабдолов
«Сөз
өнері»
атты
монографиялық еңбегінде құбылтудың түрлеріне анықтама береді. «Құбылту
- сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты
бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін
айналдырып айту. Бұл ретте əдеби тілді ажарлау оны құбылтудың алғашқы
кезеңі – ең қарапайым түрі деуге болады.
Задында, суреткер қолындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін
тауып мың құбылтуға болады. Құбылған сөз əсерлілік үстінде адам
баласының танымын байытпақ; бір сөз бір – ақ нəрсені танытса, оны
түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады.
Демек, троптың ең басты мəні таным тарапында жатыр. Өмірде мақсатсыз
ешбір əрекет жоқ. Мұны білген жағдайда ажарлау секілді құбылтуда
суреткердің идеялық мақсатына, эстетикалық мұратына қызмет ететін тəсіл
екенін тəптіштеп жату артық.
Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Əдеби тілдегі ең басты құбылтудың бірі
– ауыстыру, яки метафора (грекше metaphora – көшіру) - сөз мəнін өңдендіре
өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін,
ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа
балау; сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу,
мазмұнын тереңдетіп, əсерін күшейту».
Кейіптеу –жансызға жан бітіру. Қазіргі əдеби туындыларымызды құбылта,
құлпырта қолданылып келе жатқан əдемі тəсіл. Ертегілер мен аңыз
əңгімелерде жиі қолданылатын тəсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылту, көбіне,
пернелеу, яки аллегория (грекше allegoria – пернелеп айту) түрінде келеді.
Мұнда əшейін ұғым қалпында тұрған дерексіз нəрселер кəдімгідей көзге
көрінер деректі нəрсеге ауыстырылады. Айталық қулық, зорлық, қастық
секілді жалпылама ұғымдарды дəл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен
көру қиын. [ 1, 224]
Метафора – екі нəрсені, құбылысты салыстыру жəне жанастырып –
жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз
тіркесі. Мысалы Абай өлеңдерінде кездесетін жастықтың оты, жүректің
көзі, дүние есігі, өмірдің өрі деген метафора үлгілерін атауға болады.
Метафораның күнделікті сөйлеу тілінде кездесетін қарапайым түрлері: іші
күйіп, бойы мұздап, орақ ауызды, ор тілді деген секілді болып келеді.
Метафора – көркем əдебиетте үнемі қолданылып отырады. Ол – сөздің
бейнелілік, суреттілік қасиетін арттыратын тіл құралдарының бірі. Соңғы
жылдары əдебиеттануда метафора термині жаңа, кең мағынада қолданылып
жүр. Батыс Еуропада, Латын Америкасында роман жанрының соңы
мүмкіншіліктерін іздестіру нəтижесінде туған бірқатар шығармалар
(Гессенің, Маркестің, Берхестің, Карпентьердің, Зюскиндтің, т.б романдары)
«метафоралық роман» деген сипаттамаға ие болды.[ 2, 228]
Құбылтудың бір түрі – астарлау, яки символ (грекше symbolon – шартты
белгі) – бір нəрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір
нəрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу,
ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен
образға əрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате; ең бастысы –
символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа əсем, ажар
байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат
бітіреді.
Троптың бір түрі алмастыру, яки метонимия (грекше metenymia – қайтадан
атау) - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты
ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.
Алмастырудың бір түрі – мегзеу, бүтіннің орнына бөлшекті немесе
керісінше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолданады.
Ажарлаудың бір түрі – эпитет. Айқындау, яки эпитет - заттың немесе
құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз
тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нəрсеңді нақтылау қиын. [1, 219]
Қажым Жұмалиев «Əдебиет теориясы» атты кітабында эпитет пен теңеудің
өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетеді. «эпитет те, теңеу де ең алдымен өмір
құбылысын сурет арқылы көрсететін көркем сөздер саналады жəне əдеби
шығармада мейлінше жиі кездеседі.
Эпитет – адамның немесе заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше
белгілерін көрсету; олардың бейнесін оқушының көз алдына елестету, ой –
қиялына əсер ету үшін қолданатын көркем сөздердің бір түрін эпитет дейді.
Ескертетін бір нəрсе – эпитетті болсын, суреттеу құралдарының басқа
түрлері болсын, сол шығарманың жалпы идеясымен байланыстырып, кім
жазды, қай кезде, нені көрсетпек,- осыларды біле отырып тексеру керек.
Эпитеттің жəне бір түрі – тұрақты эпитет. Тұрақты эпитет деп, көпшілігіне
сол нəрсеге тұрақталып, бекілген эпитеттерді айтады. Мысалы: Қызыл ту,
қызыл əскер, шұбар төс т.б.
Эпитет болатын көбіне сын есім (ақшыл,бұлт, ащы дауыс, қызыл ту). Кейбір
зат есімде: (күміс ай, алтын күн, меруерт жұлдыз) есімше, көсемше
етістіктер: (қайнаған күн, жайнаған күн, гүлденіп), көбіне осылар сықылды
затты анықтайтын сөздер боады.
Бірақ тілдегі барлық сын есім, барлық анықтайтын сөздер кез – келген жерде
эпитет бола бермейді. Өйткені сын есім жай ғана, өз мағынасында
қолданылса, бір нəрседен екінші нəрсені айыру үшін ғана айтылса, ол эпитет
болмайды. Эпитет болу үшін, сол нəрсені анықтай көрсетумен қатар, сол
эпитеттің тигізетін əсері болуы керек. Сондықтан сын есімдердің,
анықтайтын сөздердің кейбірі нəрсенің жай ғана сынын, қалпын көрсетсе,
кейбірі эпитет болады. [3. 109]
“Қазақ теңеулері” атты еңбек жазып, теңеулерді арнайы зерттеген ғалым Т.
Қоңыров: “Теңеу категориясы бүкіл бейнелеу, көркемдеу тəсілдерінің
ішіндегі ең бастысы, ең пəрмендісі. Бейнелеу тəсілдерінің барлығы да өз
бастауын осы теңеуден алады. Сондықтан болса керек, белгілі бір ұлттық
əдебиеттің бейнелеу, көркемдеу жүйесі, оның көркем ойлауының ұлттық
ерекшелігі бүкіл бедерімен, күллі бояуымен теңеу категориясынан айқын
көрініп тұрады”,- дейді. [4, 3]
Т. Қоңыров «теңеулер» арқылы жасалған ажарлау тəсілі көркем əдебиетте
ұлттық ерекшелікті анықтау үшін жұмсалғанын дəлелдесе, ал Қ. Жұмалиев
теңеу арқылы белгісіз нəрсені белгілі нəрсемен салыстырып, көзге елестете
алатынымызды айтады. Сонымен қатар белгілі ғалым З. Қабдолов теңеудің
ұлғайған, күрделі түрін анықтап көрсетеді.
А. Байтұрсынов теңеуге анықтама бере отырып, оларды іштей екі түрге
бөліп қарастырады. «Теңеу – көріктеу нəрсені айыра көрсетіп, айқын
шығаруға жарағанмен, нəрсенің бернесін суреттеп көрсетуге күші жетпейді.
Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нəрсені
белгілі нəрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз.
Теңеу екі түрлі: 1) əншейін теңеу, 2) əдейі теңеу. Екеуінің арсындағы
айырмасы сол: əншейін теңеу - əдетті теңеу болады; мəселен, удай ащы,
айдай жарық, күйедей қара дегендегі «удай», «айдай», «күйедей» деген
сияқты сөздер» - деп көрсетеді. [5, 354]
Жазушы бір нəрсені көркемдеп суреттеу үшін, ол нəрсенің өзгешелік
белгілерін көрсетпей – ақ, оны екінші нəрсемен салыстырып та суреттей
алады. Бұл салыстыруды теңеу деп атайды.
Теңеудің өзіне тəн ерекелігі – белгісіз нəрсені белгілі нəрсеге салыстыру
арқылы көзге елестету.
Мысалы:
Дауылпаз
Найзағайдай жарқылдайды.
Оқтай зымырап, бұлтқа енеді
(Горький)
Осы келтірілген үзінділердегі нажағайдай, оқтай деген теңеу арқылы бізге
белгісіз дауылпаздың қимылын көзімізге елестетеміз.
Теңеулердің көпшілігі зат есімге, есімше етістікке жалғанған – тай, -тей, -
дай, - дей, -ша,-ше жəне – дайын, -дейін жұрнақтары арқылы жасалады. [3,
110]
Қай теңеуді алмайық, суреттеліп отырған нəрсені не құбылысты тура біздің
көз алдымызға əкеліп, олар туралы дəл, нақты ұғым қалыптастырады. Бұл
ретте теңеу белгісіз затты белгілі затқа айналдырып, шығармадағы авторлық
идеяға қолма – қол көркемдік шешім тауып тұрғандай.
Əдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы
əдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын
көркемдеу құралдарының бірі – теңеу. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың
ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра
суреттейді. Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі айқындалу үстіне
тереңдейді де, өнер туындысының эстетикалық əсері күшейе түседі. [1. 222]
Метафораның негізінде де теңеу сықылды екі нəрсені бір – біріне
салыстырушылық болады. Бір қарағанда метафора теңеудің қысқарған түрі
тəрізді. Өйткені басқа сөз қоспай – ақ теңеу жұрнақтарын жалғап,
метафораны оп – аңай теңеуге айналдыруға болады. Мысалы:
Бала - жүрек, бауыр ғой
Бала - бауыр, бал бауыр, -
деген үзіндідегі жүрек, бауыр деген сөздерге -тей, дай жұрнақтарын жалғап
теңеуге айналдыруға болады. Бірақ олар метафораның мағынасын бермейді,
теңеу мағынасын береді.
Метафораның бір алуаны: -мын, -бын, -пын,- сың,- жіктік жалғаулары не –м,-
ң, -ы (сы) тəуелдік жалғауларының көмегімен жасалынады. [ 3, 115]
Мысалы:
Сен – бұзау терісі шөніксің
Мен - өгіз терісі талыспын
(Бұқар жырау)
Əдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білген
жөн. Əдеби тілдің əсемдігі ғана емес, əсерлілігі үшін де əжептəуір қажет
тəсіл – айшықтау, яки фигура (латынша figura – келбет, бейне) - сөз
тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен,
айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу - ақ—сөздерге ерекшелеп
екпін, тыныс беру, олардың оқырманға əсерін күшейту деп түйіндейді”.
Айталық, арнау – жазушының, көбіне көп ақынның өзіне не өзгеге, кейде
тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен
іштей кеңесуі. Арнауды профессор Қ. Жұмалиев үш түрге бөледі: жарлай
арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
Жарлай арнау – ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа қайырыла сөйлеп,
жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.
Сұрай арнау – ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге
арнап сан – сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдардан жауап
күтеді.
Айшықтаудың бір түрі – қайталау – сөз əсерін күшейте отырып, оқырман
назарын айрықша аударғысы келген нəрсені не құбылысты бірнеше мəрте
қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу.
Ғалым З.Қабдолов “Сөз өнері” атты монографиялық еңбегінде шендестіруге
мынадай анықтама береді: “Фигураның бір түрі – шендестіру, яки антитеза
(грекше аntithesis – қарама – қарсылық) – бір – біріне кереғар құбылыстарды,
мəн – мағынасы əр тарап ұғымдарды, түр – түсі əр бөлек нəрселерді өзара
бетпе – бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның,
нəрсенің суретін, сыр – сипатын, кескін – кейпін анықтау, аңғарту,
елестету”,- деп көрсетеді.
Əдебиет теориясын зерттеген ғалым Қ.Жұмалиев шендестіруге анықтама
береді: “Мағына жағынан бір – біріне қарсы, аралары алшақ жатқан: екі
нəрсені бетпе – бет қоюды шендестіру (антитеза) дейді. Антитезада бір
нəрсені екінші нəрсеге қарсы қоюмен, үшінші нəрсенің қандай екенін
анықтайды. Ақ пен қараны қатар қойсақ, арасы алшақ екі түс шендескенде
ақтың ақтығы анық көрінеді. Бұл үшін неғұрлым арасы алшақ жатқан
нəрселерді бір – біріне бетпе – бет қойса, соғұрлым анықталатын нəрселер
күшті шығады”- деп көрсетеді. [3, 138]
Фигураның бір түрі – дамыту, градация – алдыңғы сөзден соңғы сөзді,
алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра,
асқақтата түсу.
Аяғын топ – топ басады
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады
Кешке таман Тайбурыл
Жын қаққанға ұқсады
Құлан менен құлжаның
Марал менен бұғының
Ұзатпай алдын тосады
Көл жағалай отырған
Көкқұтан мен қарабай
Көтеріліп ұшқанша
Белінен қия басады
(Қобыланды батыр)
Осы үзінді қай оқырманды болмасын қызықтыра түсетіні белгілі.
Қазақ поэзиясында қолдану сипаттарына қарап градацияны, шартты түрде,
профессор Е. Ысмайыловтың үлгісімен екіге бөлуге болар еді. Бірі –
түйдектету.
Адам ол – қайырымпаз, қуанымпаз
Жиіркенімпаз, сүйімпаз, уанымпаз
Дариядай шалқымпаз, шаттанымпаз
Керкетімпаз, тасымпаз, суалымпаз
Фигураның бір түрі – сөз орнын ауыстыру, яки инверсия – прозалық, əсіресе
поэзиялық
шығармаларда
сөздердің
əдеттегі
грамматикалық
түзілу
тəртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. Тіл мен
стильдегі үйреншікті машықтан бөлек бір алуан мəнер іздеп байқау үшін бұл
тəсілді де оқта – текте орнымен қолданудың оғаштығы жоқ.
Қазақ жазушыларының ішінде инверсияға көбірек бой ұратын – Ғабиден
Мұстафин. Оның романдарнан жиі ұшырайтын ауыспалы тіркестерге
оқырман көзі о баста біраз тосырқай қарағанмен, кейін үйреніп кетті.
Сапардың Аманы..... шаңқан боздың басынан аса секірердей, ерінен көтеріле,
ұмтыла береді алға....... Жанңнан безгенін келе бер - дегендей, етпетінен
түсіп, көзінен от шаша күрілдеп жатыр көкжал...... Қайтып тұра алған
жоқ, талшоқпар жүйемелете тиді шекеге (Дауылдан кейін)
Осы үш сөйлемнің аяқталуы əдеттен тыс, үш сөйлемнің де соңғы сөздері өз
орындарынан ауысып түскен, жазылған емес, сөйленген, оқылған емес,
естілген сөздер секілді оқыс əсер туғызады.
Фигураның бір түрі – сөз тастап кету, яки эллипсис ( грекше ellepsis – түсіріп
тастау, аттап айту) - сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да
түсінікті кейбір сөздерді əдейі жазбай тастап кету.
Ақ көбігің ....ақ жүзің
Айнам еді бір қарар
Өткізген түнім.... күндізім...
Тербетер мені, ой салар
Сол майдандар ..... қатты айқас
Есіңде ме, өр Айдар?
Өшкен құрбан .... аққан жас...
Өтті жылдар... көп айлар...
Осындағы əр ойдың арасында жеке сөз емес, бүтін сурет не үлкен шындық
қалып қойып отыр. Айталық ақ көбік айна болу үшін тап – таза, мөп – мөлдір
болса керек. Оны ақын айтпайды. Айдарда өткен күн мен түн ақындытербету
үшін олар – жай түн мен күн емес, ірі – ірі оқиға, шындыққа, сырға толы күн
мен түн.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Көркем шығарманың тілі.
Негізгі əдебиет: 1. [1.7:3.15]; 2. [1.7.6.10:12]. Қосымша əдебиет: 1.
[1.7.8.11:12].
№15 лекция тақырыбы: Қазақ прозасындағы мифтік сананың көрінісі
Қарастырылатын
сұрақтар:
Оралхан
шығармашылығы.
Автор
Шығармашылығындағы мифтік саны, екі түрлі сана, екі түрлі əлемді
қабылдау жүйесі, екі кезең ұрпағы.
Дəрістің мақсаты: қазіргі қазақ прозасындағы жаңа бағыт, ағымдар, əлемдік
əдебиетпен байланыстарды саралау
Дəріс мазмұны: Оралхан шығармаларынан белгілі бір сюжетке құрылған
тұтастықты, оқиғаның сан-сапырылысқандығын іздеп керегі жоқ. Керісінше,
кейіпкердің ішкі монологқа толы толғанысы арқылы біз суреткердің бағытын
көреміз. Суреткердің диалогтан гөрі монологтың басым болып, автордың
ойы кейіпкердің ойымен тұтасып кететін шығармасы «Қайдасың, қасқа
құлыным» деп атауға толық дəлел бар. Аталған повесте оқиға бала Оралдың
атынан баяндалады. Сол Оралдың адам, табиғат, адам бойындағы адами
қасиеттер, адамгершілік деген мəселелерге өзіндік көзқарасы мен
дүниетанымы автор ұстанған позицияға пара-пар. Ендеше кейіпкердің ішкі
монологпен берілген ойы шығармада кемел жатыр. Сонымен бірге Орал
кейде бүкіл билікті қолына алған əкесі Бөкешке де кеңшілік жасап - ішкі
монологына да ерік беріп қояды. Ішкі ой кезектесіп беріліп отырады. Жас
бала Оралдың ойында көбіне туған жерге деген махаббаты, сүйіспеншілігі
басым болып тұрса, ал əкесінің ойында өз өмірін, жастық шақтың
қызықтарын еске ала отырып, баласы Оралға сол өткен кезеңді əңгімелеу
арқылы үлгі етіп, тəрбие берудің тұратынын аңғару қиын емес.
Бұл алма кезек беріліп отырған ішкі монолог автордың мақсатына сай
жүзеге асырылып, санадағы іс-əрекет үнемі бақылауда болады. Демек,
кейіпкер тасасында автор тұлғасы байқалып отырады. Шығармада екі түрлі
сана, екі түрлі əлемді қабылдау жүйесі, екі кезең ұрпағы танылғанмен, олар
автордың бақылауында.
«Қайдасың, қасқа құлынымнан» кейін жарық көрген «Елең-алаң»
повесіндегі Зарлық Оралдың заңды жалғасы іспетті. Жас та болса зерек, өз
ортасына, айналасындағы адамдарға ойлана көз жіберетін Зарлық - адал, əділ,
тазалықтан арылмаған жас бала. Жас та болса ол жан-жағына сын көзбен
қараудан жалықпайды. Өмірдің тауқыметін жастайынан көрген Зарлық
жамандық пен жақсылық, адалдық пен арамдық деген мəселелерді ерте
айырды. Шығармада əділетсіздіктің де айнасын көруімізге болады. Мысалы,
өз ортасынан озық ойлы жас Зарлықтың мектептен шығып қалуы да мұғалім
Бөстекбаевтың білімсіздігін бетіне басқандағының нəтижесі еді. Зарлық
Бөстекбаевтың əділетсіздігіне төзе алмайды. Жастайынан қолынан кітап
түспейтін кітаби өмірге сенген Зарлық өмірдегі күреске əлсіздік танытты. Ол
рухани дағдарысқа ұшырады. Ол сонда да жақсылық пен жамандық жайлы
ойлаудан жалықпады. Ақыры ой, қайғы оны айықпас дертке ұшыратты.
Айта кету керек, Оралхан кейіпкерлерінің дені қызық тағдырлы,
жалғызілікті, кісікиік, қиялшыл болып келетінін байқаймыз. Соның бір
дəлелі – Зарлық. Оның атының өзі анықтап тұрғандай, аз ғана ғұмырының өзі
зарға-мұңға толы жас Зарлық. Зарлықтың бойындағы тек өзіне ғана тəн
ерекшеліктерін де көру қиын емес. Мысалы, бала боп көп ойнамайтынын,
əлімжеттік жасаған жандарға қаны қас, оңаша өсуі Зарлықтың бір оңаша
қылығы десек болады. Əділетсіздіктің əміріне төтеп беріп, оңаша күн кешті.
Жалғыздықтың жапан түзін кешті. Жалғыздықтағы жалғыз серігі – ой. Ол
осы əділетсіздік туралы ойласа есіне Бөстекбаев түседі. Тазалық, адалдық
деген үлкен мəселелер Зарлықтың есінен кетпейді. Сондықтан ол өзі өмір
сүріп отырған қоғамнан түңіліп, əділдіктің, адамдықтың сара жолын іздеуге
қалаға келеді. Бірақ Зарлықпен бірге біздің жүрегімізде айықпас дерт, мұң,
қайғылы саз қалды. Міне, автордың айтайын деп отырғаны да осы, яғни
тағдырдың, өкініштің өзегіңді өртеп мұңға айналуы.
Осыдан кейін 1975 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Мұзтау»
повесіндегі Ақтан Зарлықтың ішкі рухани жалғасы секілді. Тау бөктеріндегі
Аршалы ауылы бұрын мыңдаған түтіні бар үлкен ауыл еді. Алайда, қайсібір
жылы «ұсақ ауылдарды біріктіріп, орталық құрамыз» деген сыбыс
естілісімен бүкіл ауыл тайлы-таяғымен екі-ақ күнде көшіп кетеді де, осы
Ақтан ғана «Аршалыға» қорықшы болып қалып қояды.
Сөйтіп, бір ауылда мылқау шешесі екеуі ғана қалды. Ақтанның кісікиік
тірлігі міне содан бері басталды. Қасында не жары, не сырлас досы жоқ,
небір шүйіркелесетін шешесінің тілі жоқ. Жападан жалғыз қалған Ақтан
кісікиік болмай кім болсын? Ол ойланбай, ол толғанбай, тау мен таспен
тілдеспегенде кім тілдессін? Өз бетімен өзіндік ісін тындырып жүре берсе,
малдан қандай айырмашылығы бар? Міне, рухани дертке ұшырады деген осы
емей немене? Ендеше, Ақтан тау мен тасқа ақтарылмай, кім ақтарылады?
Ақтанның жарылқаушысы да, жанашыры да - Табиғат-Ана. Күн-табиғат
күлсе, күліп, жаңбыр жауса көңілі де жылап, есіне қайдағылар түсіп,
қабырғасы қайысары да - қоспасыз шындық. Бұл біз көріп отырған Ақтанның
Табиғатпен бірге, тұтасып кететіндігінің куəсі.
Қаламгердің қай шығармасын алып қарасақ та ішкі монолог, ағылған ой,
сезім құбылыстарына, табиғаттың адамдарға əсеріне толы. Ақтанның
күнделікті тіршілігін табиғат-ананың құбылыстарымен нанымды суреттей
алғандығынан автор шеберлігінің бір қырын байқау қиын емес. Мысалы,
«Тұман буып тұр... Ақтан елік ішікке бүркеніп қайта қисайды. Тағы да ойға
батты» деген эпизодтардан Ақтанның үнемі ұшы-қыры жоқ қиял, ой үстінде
жүретіндігін, бір нəрсені, рухани үмітті талап ететіндей бір қажеттілігін
көреміз. Дүниеде ең қиын нəрсе сөйлесіп, шер тарқатар адамның жоқтығы.
Осыны Ақтан өз басынан кешіреді. Міне, Ақтанның күндегі тіршілігі – осы
ой қуу, əкесі туралы ойлау, осының барлығы Ақтанның ішкі монологына,
жалғыздығына əкеліп соғады.
Əдетте ертегіге, адалдыққа сенетін адамдар сезімтал, ойшыл, қиялшыл
келетініне ешкім дауласпас. Ақыры Ақтан өзінің адамдық қасиетін жоғары
ұстап, тəкаппар түрде күресе білді.
1978 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Əн салады шағылдар»
атты жинағына үш повесть жинақталған. Олар «Қар қызы», «Мынау аппақ
дүние», «Құм мінезі». Үшеуі үш түрлі дүние болғанымен, олардың идеясы
ортақ. Онда да Оралхан шығармаларына жақын мəселе - тазалық, адам,
адамгершілік деген нəрселер. Осы аталған үш повесте тек Оралхан ған
жырлай алатын лирикалық толғау, романтикалық сарын, поэзиялық əуен
барын көреміз.
Мысалы, «Қар қызы» повесінде адамның ақтық ажал алдындағы сəтте
кімнің кім екендігін танытар, психологиялық түс, шешуші сəт əңгіме болады.
Оқиғада «ДТ-53» тракторымен қыстың қақаған боранында ығып адасқан
Нұржан, Нұр, Жан секілді жігіттердің бастан кешірген қиындықтары сөз
болады.
Автор үш жігіттің өмір үшін жанталасын, өлімге, аппақ қар «ажал-
арыстан» болып келген дүниеге қарсы қойып суреттейді. Айдалада үш адам.
Өлім деген осы. Бірақ оларды жанталастырып тұрған бір-ақ нəрсе, Ол – Үміт.
Ол Айыртаудың ар жағынан да... тағы да сыңғырлата салған қыздың əніндей
жұмбақты əуен, əлде ұлыған қасқырдың үні естіледі. Үн – үміт, үн –
тіршіліктің белгісі. Қақаған суықтағы адасқан адамның санасындағы тіршілік
жанталасты, ой азабын түсінуге де, сезінуге де болады. Бірақ ондағы жан
күйзелісті дəл сол үш жігіттей сезіну үшін сол жерде сол азапты бірге кешу
керек. Автордың көркемдік танымы абстрактілі категория ретінде «Қар
қызы» образы - «күш жігер, рухани пір» беруші символ. «Қар қызында»
қияли дүние елесі болғанымен, шығарманың реалистік сипаты басым. Кешегі
қоғамдағы күрделі құбылыстарды жан жүрегімен сезініп, терең танып,
қатпарлы тынысын сезінуге сергек жандардың бірі қаламгер О.Бөкеевтің
терең
философиялық,
психологиялық
толғанысымен
жазылған
шығармаларының бірі – «Жетім бота». Осы повестегі бас кейіпкер
Тастанның қиялы ерекше. Оны үлкен ойға қалдырған, өміріне өзгеріс
енгізген, адам күші мен табиғат тылсымын қанды шайқасқа жібермей
қоршап, қорғап жүрген - жетім бота жетелеген жұмбақ қыз.
Шығарма соңында сол жетім бота жетелеген Ақбота Тастанның көз
алдында теңіз бетінде алтын жолмен мəңгілікке сапар шегіп кете барады. Ол
- технократияның құбылысы. Сонымен бірге ұлттық дəстүрдің де жойылып
бара жатқанын көрсеткісі келген.
Сыншы Е.Əмірхан: «Жазушы шығармашылығындағы «Қар қызы», «Жетім
бота»
т.б.
моральдық-эстетикалық
символдар
–
адам
жанынан
«цивилизацияны» сығып тастаған сұлулық» /7,2/, - деп бағалады.
Осындай ертегіге белгісіз жұмбақ оқиғаларға сендіру үшін шеберлік талап
етілері даусыз. «Атаукере» повесінде суреткер терең философиялық
тұжырымдарын оқырман көңіліне жеткізу үшін адамдар өмірін қатар
суреттеп бейнелейді. Автор повесті «Атаукере» немесе «Қауіпті будан» деп
атаған. Жазушы адамдар мен аралар өмірінің ұқсастығына назар аудартады.
Повестегі Еріктің жан дүниесін жаулап алған ерекше бір көрініс – Қатын
суының арғы бетінен көрінер қызыл жаулықты жұмбақ қыз. Шығарма
қызылға ынтығып қызыққан Еріктің трагедиясымен аяқталады. Оралхан өз
шығармаларында халқымыздың бастан өткен қасіретті құбылыстарды есебін
тауып астарлай жеткізе білді. Осындағы, яғни «Атаукере» повесіндегі қызыл
жаулықты қыз – байлықтың, баршылықтың символы ретінде алынып, сол
байлықтан Ерік трагедияға ұшырайды. Яғни Ерік сонаға айналу арқылы
байлыққа көміліп, мəңгілік сапарға аттанады. Осы жерде Еріктің сонаға
айналып кетуі - романтикалық құбылыс та, ал ештеңеге қанағат етпей,
байлыққа бөленіп өлуі - ол реалистік сарындағы автор шеберлігі. Яғни,
романтика мен реализмнің қатар келуін нанымды түрде жеткізе білген.
Автордың айтайын деп отырғаны - Ерік образы арқылы қанағат деген
ұғымды көтеріп отыр. Сонымен бірге Америкадан əкелінген аралардың
буданы да философиялық жүк көтеріп тұр. Яғни, қазақ халқының ұлттық
сана-сезімінің уланып бара жатқанын, еліктеушіліктің етек алып бара
жатқанын сөз етеді.
Оралханның кейіпкерлері табиғаттың таза идеалын, үйлесім мен рухани
еркіндікті табиғаттың өзінен іздейді. Жазушы шығармашылығындағы сюжет,
оқиғаның даму динамикасы тек сыртқы жамылғы сияқты, ал негізгі мəселе -
идеалға деген құштарлық, идеал аңсау. Автор туындыларында жұмбақ қыз
бейнесі жиі кездеседі. Оған дəлел, «Жасын» əңгімесіндегі Қиялханның түсіне
үнемі енетін жарық дүниедегі ең таза, ең адал, ең сұлу «періште» - қызыл
көйлекті қыздың бейнесі. «Қар қызындағы» Нұржанның түсінде «жарқ етіп
жоғалған арман адамы», «Атаукере» повесіндегі қол жетпес, алыс армандай
болған салт атты, ақ жаулықты қыздың бейнесі, «Жетім ботадағы» теңіз
үстіндегі алтын жолмен аяңдаған Ақбота.
Бөкеевтің кейіпкерлері – жан дүниелері бай, рухани биік, бостандық
сүйгіш, арманшыл, қиялшыл адамдар. Оларды бір-бірімен жалғастыратын
ортақ қасиет – қиын-қыстау жағдай туса да, жаны мен арының ақтығын
сақтап, адамдық қасиетін жоғалтпауы, рухтың берік болуы. Оларды
толғандыратын ортақ ойлар – адам болмысының құпиялылығы мен
жұмбақтығы, рухтың мəңгілік мəселелері, рухани құндылықтар.
Оралхан шығармалары романтикалық прозаң үздік үлгісін көрсетеді.
Оралхан шығармашылығындағы соны дəстүр, жаңашылдық өрнек қандай
қасиеттерімен дараланады? Біріншіден, жазушы - фольклордағы эпикалық-
романтикалық дəстүрді бүгінгі реалистік-романтикалық биігіне көтерген
қаламгер. Бұл қазіргі қазақ əдебиетіне Бөкеев əкелген жаңалық. Оның
жазушылық дарыны дараланған, өзіндік қолтаңбасын, өзіндік суреткерлік
өрнегін танытқан да осы жаңашылдық өрнекті тауып, қалыптастыру
екендігін ерекше атап айтамыз. Екіншіден, Оралханның реалистік-
романтикалық шығармаларының пафосына лайықты стилі бар. Ал, бұл –
Бөкеевтің толысқан талант, қырымды қаламгер екендігінің айғағы.
Үшіншіден, жазушы шығармасында шартты сюжеттер: символикалық
сипаттағы кейіпкерлер көптеп кездеседі. Ал соңғы жылдары əлем
əдебиетінде үрдісті өріс алғалы бұл тəсіл - өмір шындығын өнер шындығына
айналдырар өте тегеурінді құрал. Бұл орайда шығармалары əлем
оқушыларын аузына қаратқан Габриель Маркестің, Ш.Айтматовтың осы
бағыттағы жазғандарын атап өтуге болады.
Қаламгер таланты сол өз замандастарын, солардың қилы-қилы тағдырын
жазу арқылы сан қырынан танытып отыр.
Қаламгердің кейіпкерлері – «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Орал,
«Өліарадағы» Қойшы, «Елең-алаңдағы» Зарлық, «Құм мінезіндегі» Бархан,
«Мұзтаудағы» Ақтан, «Қар қызындағы» тракторшы үш жігіт – Нұржан,
Бақытжан, Аманжан, «Сайтан көпірдегі» жылқышы Аспан, «Бəрі де
майдандағы» Ақан мен Алма – бəрі-бəрі күнделікті өзіміз көріп, араласып
жүрген замандастарымыз.
Оралханның философиялық ойларының терең іздері жануарлар жайлы
шығармаларында Адам-Табиғат, хайуанат дүниесі арасындағы байланысты
суреттейтін əңгімелерінде таныла түседі. Əлемде тұнып тұрған экологиялық
апат, адамдардың ашкөздігінің құрбанына айналған дала еркелері мен
тұрмысымыздан алшақтап, өгейлене бастаған үй жануарының бүгінгі халі
«Кербұғы» мен «Бурада» көркем баяндалған.
«Кербұғы» - бұл өмірдің өкініші, алдамшы екенін, топ бастаған серкелік
те, бойда күшің, қажыр-қайратың барда еленбес еркелік те, билік те, байлық
та қолдың кірі секілді көшпелі, тұрақсыз дегенге меңзейді. Кеше сен біреуді
орға жығып, орнын алсаң, ол күн саған да келмей қоймайды деген өмір
заңдылығын паш етеді. Кербұғы көзімен берілетін дүниеде екі аяқтыдан –
адамнан асқан қатыгез, қаскөй жоқ. Тау етегінде мамыражай тірлік кешкен
ата-баба ұрпағын қыспаққа қамап, табиғат берген ерекше сұлулығынан
ауыратын да сол тойымсыз адамдар. Бойы дел-сал тартып, ештеңеге қауқары
жоқ Кербұғыға Жасбұғымен ақтық айқаста алапат күш берген сол пенделерге
деген жылдар бойы сірлене жиналған кегі, кесапатты ашу, өмір бақи
өшпейтін өткір өшпенділік еді.
Тура осы ой желегі «Бура» əңгімесіне де арқау болған. Бура да Кербұғы
тағдырлас, Кербұғының дəл осындай халіне адам кінəлі болса, Қара Бураны
Бұқтырманың арғы бетіне айдап жіберген де адамдар. Ауылдан түңілген
Қара Бура оны «талақ тастап» қашып шығады. Осы екі əңгіменің тірелер
жері, түпкі ой қазығы: «Ер боп туған жазған ер боп өлмес». Автордың
концепциясының негізінде азып бара жатқан азамат пен тозып бара жатқан
табиғаттың апатынан сақтандыру, қандай құбылысқа да саналы көзбен қарау
қажеттігі жатыр.
«Қамшыгер» - халық тарихының бір қырын, бір үзік оқиғасын тиек еткен
əңгіме. Қамшыгер деген ұғымның өзі лексикамыздан шығып қалған архаизм.
Жаугершілік заманда барымта үстінде бабаларымыздың осындай аманат
өнері, өмір үшін айқаста қамшыны қарудай жұмсағанын бүгінгі ұрпақ көп
біле бермейді.
Бұл əңгіме ел санасынан өшіп бара жатқан дəстүрді тірілткен. Қаламгер
Садақбайдың ауыр тағдырын, жапан далада өмір кешкен жалғыздығын, өзін
мерт еткен барымта сапарын суреттеу арқылы аз бояумен-ақ көзге елестетеді.
Жарық дүниедегі адамдардың психологиясы, қаһарманның қайтар жолда құз
басынан құлап, мертігуі, өмірінің соңғы сəттерінде бой жазу əрекеттері
шымыр да орнықты.
Шариғаттың заңын бұзып, Садақбайдың қамшысын ахиретке өзімен бірге
ала кетуінде символдық, астарлы мəн жатыр. Соңында қамшыгер ғана өлген
жоқ, дəстүр де өлді дегенге меңзейді.
Əңгімедегі композициялық тұтастық бір-бірінен өрбіп жатқан оқиға желісі
жанр мүмкіндігінің бар талабын меңгеріп тұр. Бұл, əсіресе, қызыл сөз емес,
өзіміз əрдайым куə боп, көз көріп жүрген жайлардан туған сенім, берік түйін.
Сонымен бірге Оралханның жоғарыда аталған əңгімесінен адам өмірінің
үш кезеңін жазушы шеберлігі ұтымды символикалық мəнмен бергендігін
көреміз. Қамшы ұшынан сүт ағуы адамның періштедей пəк, бейкүнə өмірін
көрсетсе, су адамзат баласының ағын судай өтіп бара жатқан өмірі, тартқан
тауқыметі, ал қан адамның соңғы көрер күнімен сəйкестендіріліп алынған.
Яғни, қан - қазаның белгісі дегенге саяды. Мұндай жазушылық шеберлік -
тек Оралхан қаламына ғана тəн құбылыс. Айта кету керек, шығарма соңында
қамшыгердің соңғы ақтық дəмі, жарық дүниемен қоштасарындағы ішкі
психологиясы адам жанын тебірентпей қоймайды. Сонымен бірге қамшыны
өзімен бірге ахиретке əкетуі де бір философиялық жүк көтеріп тұр. Бұл –
дəстүрдің жойылып, дəстүрдің өліп бара жатқанын меңзейді. Яғни қамшыны
ұстайтын Садақбайдың артында ұрпақ та жоқ. Осындай мақсатта жазылған
Оралхан шығармасынан жазушының өзіндік қырын аңғарамыз.
Суреткердің «Сайтан көпір» повесі «Айқай - жаңғырық» деп басталады,
əрі қарай: «Айқай жаңғырыққа тең. Ал жаңғырықтан біздер, біздің іс-
əрекетіміз, ой-мақсатымыз, тіпті бүкіл дүние, күллі адамзаттың барлық
тіршілігі, өмірінің мəн-мағынасы тартылған». Бұл не жұмбақ? Неге айқай
жаңғырыққа тең? Неге жаңғырықтан біздің іс-əрекетіміз, ой-мақсатымыз
жаратылады? Айқай, жаңғырық дауыстан шығады. Дауыс шығуы үшін үн
қатуы керек. Үн қатуы үшін сөз керек! Яғни сөз айтылмаса, дүние жаңғырып,
жасармас еді. Жаратылыстың кілті – Сөзде екен.
Бір қарағанда қандай қарапайым, қандай түсінікті, қандай оп-оңай нəрсе:
«жақсылық жаса - алар сыйың жақсылық, жамандық жасама – алар сыйың
жамандық болар». Осы қарапайым да, мағынасы терең қағиданы біле тұра
бұзамыз, барып түсерімізді сезе тұра біреулерге ор қазамыз. Мұңсыз адам
ойсыз. Жазушы Аспан шалдың неге ойнақтаған сап-сау кезін суреттемей, екі
аяқтан айырылып, не өлілердің, не тірілердің қатарына қосыларын білмей
дел-сал болған кезін алып тұр? Оқырманның аяушылық сезімін оятайын деп
отыр ма? Жоқ! Жазушыға керегі – Аспан шалдың «сау емес» ойлары.
Дүниеде керексіз жалғыз зат - ол адам. Табиғат-ананың бір-бірімен
гармониялық сабақтастығын бүлдіріп, бұзатын да сол - адам атты ақыл
иелері» - дейді.
Аспан шал қызыл көз пенделердің «айқайының» салдарынан қар
көшкінінің астында қалып, табиғатқа екі аяғын беріп, екі дүниенің ортасында
қалғандай күй кешуде. Жазушы аспан шалдың аянышты тағдырын суреттей
отыра өмір туралы өз пəлсапасын повестің өн бойына қан тамырындай
тармақтандыра тартқан.
Жазушы Айқай мен Анаулар арқылы қоғамымыздағы кереғар тұстарды
тұспалдап суреттейді. Рухани тазалық, жан сұлулығы жоқ жерде дүние
бүлінбек, былғанбақ, əсемдік жойылмақ. Адам рухани тазалыққа тек қана
махаббат, мейірім, шапағат сезімдерінің күшімен ғана ынтығуы мүмкін.
Сұлулықтың дəні – махаббатта. Махаббаттан тамыр тартқан қайырым,
шапағат сезімі жүректен жүрекке нұр тасумен, шуақ шашумен болады.
Адамзат баласы жер-ананы тұрақ етіп, тіршілік кешкені махаббатты
жырлаумен, асқақтата биікке көтерумен келе жатыр екен. Осы игілікті ұлы
арнаға əр ұрпақ өз тұнық бастауын бұрып отыруы да табиғи заңдылық болса
керек.
«Қар қызы», «Қамшыгер», «Бура», «Кербұғы» сынды шығармаларында
автор сол қоғамға деген ішкі наразылығын астарлы оймен, көркем
суреттеулермен, символикалық бейнелеулерімен жеріне жеткізе айтты да.
Жазушының тағы бір ерекшелігі - əр шығармасын тың форма, ұтқыр
тəсілмен бере білуінде. «Мұзтаудағы» Асан шалдың өтірігі арқылы өткен мен
бүгінгіден сабақ аларлық қаншалықты астарлы ой, терең пəлсапалық
топшылаушылар түюге мүмкіндік туған. Мұның өзі – жазушының ізденіс
жолдарындағы қол жеткізген ірі жетістігі.
Достарыңызбен бөлісу: |