Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті Алкасының шешімі
негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы журналының «Филология
ғылымдары» сериясын педагогика ғылымдары бойынша диссертациялардың негізгі
ғылымц нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесіне енгізілгені туралы
хабарлайды.
На основании решения Комитета по контролю в сфере образования и науки
Вестник КазНПУ им.Абая. серия «Филологические науки» внесен в перечень изданий
для публикации основных научных результатов диссертаций
Печатается методом прямого репродуцирования
Абай атындагы Қаз¥ПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серііясы, ЛЬ2 (32).2010ж
ЛИНГВИСТИКА.
ПСИХОЛИНГВИСТИКА.
СОЦИОЛИНГВИСТИКА.
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ
ЭЛЕГИЯ Қ. Айтқұлова -
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының ізденушісі
Әдебиет, яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізі үш салаға жіктеледі.Әлемдік
әдебиетте ертеден өріс алған лирикалық элегия (мұңды өлең), сонет, ода (мадақ өлең),
эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау) жанрлары қазақ поэзиясында XIX ғасырдан
бастап толық орын алған.
Элегия (грек, ebeqeia - мұнды ән, жыр)-лирикалық поэзияның жанры.[ 1,502-бет]
Медитативтық немесе эмоцианалдық мағынада (әдетте мұңды боп келеді) жалпы
айқындауыш композициясы бірінші жақта айтылатын көлемі орташа жыр. Элегия Грекияда
б.э.д. VII ғасырда дами бастады. Элегияның бастапкыда моральдық- саяси маңыздылығы мен
мағынасы басым болды, кейіннен эллинистік және Рим поэзияларында (Тибул, Овидий)
махаббат тақырыбына көп көңіл бөліне бастады. Ескі элегияның негізгі формасы-элегиялық
дистих жаңа еуропалық үлгі болып есептеледі.
Еуропалық әдеби дамудағы романтизм мен оның алдыңғы кезеңі элегияның кең өріс
алған кезі болды. (А. Ламартин, Э. Парни). Кейіннен элегия бірте-бірте жанрлық
айқындылығын жоғалта бастады.
Орыс поэзиясында К.Н Батюшковтың, А.С. Пушкиннің «Күндізгі шырақ сөнгенде»,
«Ойсыз жылдардың сауық-сайраны басылды», т.б. шығармашылығында айқын көрініс
тапты. XIX және XX ғасырдың екінші жартысында элегия деген сөз топтамаларының
тақырыбы ретінде ғана қолданылды.
(А.Фет, А. Ахматова).
Қазақ поэзиясының даму жолында элегия жанрының поэтикалық табиғатына сай
көркемдік дәстүрі қалыптасқан. Элегиялық мазмұны жағынан қазақ әдебиетінде Абай
Құнанбаевтың кейбір шығармаларын айтамыз. Қасым Аманжоловтың "Балалық шақ
туралы","Өтеді күндер" Әбділдә Тәжібаевтың "Мұң туралы "Көңіл күйі" "Арман" атты
өлеңдерінде элегиялық сарын бар. Лирикалық кейіпкердің ішкі жан әлеміндегі мұңды -
шерлі тебіреністер арқылы адамдарға ортақ сыршылдық танылады.
Қазақ поэзиясында елеулі орын алатын, ақын Қасым Аманжоловтың "Балалық шақ
туралы" өлеңіндегі элегиялық сарын адам жан әлеміндегі романтикалық және реалистік
болмыс тұтастығын аңғартады:
Түседі еске жалаңаяқ күндерім,
Ақсүйекті ала қашқан түндерім;
Сол қашканнан мол қашыпты балалық,
Қайда екенін көптен бері-ақ білмедім.
Қуар едім осы күні етікшең,
Бірақ маған, жалаңаяқ жеткізсең,
Мен мұндамын, сен кайдасың білмеймін,
Жеңіл аяқты жетім болып кеттің сен.
Өткен екен талай жылдар, талай күн,
Өмір жолын, өлең жолын санаймын,
Сонау қарттың жөтелгенін есітіп,
Есік жаққа қайта-қайта караймын[2,32-бет]
деп, ақын балалық шақтың көзді ашып-жұмғанша өте шығатынын, уақытты кері
қайтаруға болмайтынын, өмірдің жалған, өмір заңдылығына адамзаттың бағынышты екенін
көркем шындықпен суреттеген.
Қазақ поэзиясындағы элегия жабырқаулы, мұңды сезім күйлерін білдіретін лирикалық
өлеңдер қатарындағы поэтикалық сипатымен ерекшеленеді.
Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі, сезімі
суреттелетіні белгілі. Жеке адам-бүкіл адамзат ұрпақтарына ортақ көңіл-күй тебіреністерін
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г.
аңғартатын әлеуметтік тұлға.
Ақындар жеке тұлғаларға тән көңіл-күй толғаныстарын (қуануды, мұңаюды т.б.)жырлау
арқылы саналы тіршілік иелеріне тән психологиялық-философиялық ой әлемін байқатады.
Ал көрнекті ақын, поэзия атасы Әбділдә Тәжібаевтың «Мұң туралы» өлеңіндегі
лирикалық кейіпкердің психологиялық егіздеумен жырлаған сырлары адам жан дүниесінің
күрделі әлемін аңғартады:
Мұңдымын деп шағынбаймын қашанда,
Қорқам бірақ тіпті мұңсыз жасауға.
Мүмкін бе екен шексіз сүйіп өмірді,
Сол өмірдің мұңдарынан босауға.
Сүйем жаздың - көбелегін, гүлдерін,
Сүйем жаздың - жылы, жібек түндерін.
Сүйем жазда-періштедей сәбидің
Көбелекпен ойнап бірге
жүргенін.
Күз келеді, көбелектер өледі,
Күз келеді, гүл солады, семеді,
Жоқтап гүлін, жоқтап
көбелектерін Күрсінеді ақынның
да өлеңі.
Әнмен айтып, әнмен жырлап
кетерлік От мінездер, отты
көздер жетерлік.
«От мінездер, отты көздер
үшін!»-деп Толтырып біз
бокалдар да көтердік.
Кейде қасірет күзгі бұлттай төнеді,
Мұң басады, отты көздер сөнеді.
Сонда баяу домбыраға қосылып,
Күрсінеді ақынның да өлеңі,[3,23-бет] дей келіп, өмірде қуаныш пен
қайғының, жақсылық пен жаманның, табиғаттың жыл мезгілдері жаз бен күздей кезектесіп,
адамдарға бірде қуаныш, ал бірде өкінішті жеткізеді.
В.Г. Белинскийдін "Ұлы ақын өзі жайлы, өзінің жеке басы жайлы айтса да, көптің
тағдырын, адамзат жайын сөз етеді" деуі тегін айтылмаған.
Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын
бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір коғамды, заманды сипаттайды.
Мұхтар Әуезов XIX ғасырдың 90-жылдарында Абай басында ауыр қасірет болғанын,
тұрмыстың қайшылықтары, қасіретті оқиғалар ақын өлеңдеріне өмірден түңілу сарынын
әкелгенін айтқан.
Олай болса, көңіл кұбылыстарының сөз жанарына тебуі дарынның сипатын танытады.
Абайдың элегиялық сипатты өлеңдері адам мен жаратылыс, табиғат кұбылыстарының үндес,
біртұтас болмысының поэтикалық ерекшелігін даралайды:
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас ауырып, іш жанар...,- деген өлеңінен сөз нұсқасын,
ойлау жүйесін, көңіл күйді бейнелеудің символдық тәсілін тану қиын емес.
Ақындық өнер психологиясын зерделеу-қазақ әдебиеттану ғылымында ертеден-ақ сөз
болып келе жатқан күрделі мәселесі. Адамдардың жан әлеміндегі мұңды-шерлі сезім
тебіреністерін өлең өрнектерімен жырлаған ақындар шығармалары көңіл-күй әлемінің
күрделі сипатын таныту қызметін атқарады.
Поэзияның эстетикалық-психологиялык сырын "Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп
Абай атындагы ҚачҮ11У-дың Хабаршысы. «Филология гылымдары» серияси, МЬ2 (і2).2010ж.
шығар сөз" деп түйген Абай шымырлық пен сұлулык тұтасқан адам жан дүниесінің
болмысын оқырманның көңіліне ұялатады.
Әдебиет, ең алдымен сөздің тарихи төркінінен, өсу өзгеру катпынан , қилы ұғымынан
құралады. Қазақ поэзиясындағы элегиялық өлеңдер де адам көңілінде туындаған көрікті
ойлардың көркем шындықпен өрнектелген сипатын танытады. Элегиялық өлеңдердегі тілдік
қолданыстар да сөз өнері шығармаларының эстетикалық - поэтикалық мол мүмкіндігін
байқатады.
Қазақ және әлем поэзиясындағы элегиялық өлеңдер адамзат ұрпақтарына ортақ жан
дүние әлемінің сезім тебіреністерінің болмысын дәлелдей түсті. Адамдардың арман мен
үмітке, сезім мен сәтсіздікке, т.б. жағдайларға толы тағдыры элегиялық өлеңдердің
поэтикалық арқауында тұрақты жырланып келеді.
Тіл де, сөз де - халықтікі.
Әдебиет-халықтың көркем ойлауының көрсеткіші. Көркем шындық автордың
шығармашылық болмысына тәуелді. Рас, пенде бір қалыпта тұрмайды. Құлпырады, қуарады;
шалқиды, сазарады; күледі, күрсінеді.
Ақын сондай құбылыстарды өлең арқылы өрнектейді.
Элегия-лириканың классикалық түрі. Қазақ әдебиетінде Абай шығармаларында
халықтың әлеуметтік
тағдырын бейнелеген, адам сезімінің нәзік түйсінулерін көрсететін лирикалық шығармалар
элегиялық өлендердің классикалық негізін қалыптастырды. Қазіргі қазақ лирикасында бұл
үрдіс жалғасуда.
Лирика - алдымен сезімнің гүлі, гүлдің хош иісі,көз жауын алған көркі.
Қазақтың қазіргі поэзиясындағы элегиялық өлеңдер әлем өркениетіндегі классикалық
дәстүрді жалғастыра дамытын, үлттык сипатта жаңа өрнектерді туындатып келеді.
Шығыстың және Батыстың классикалық поэзиясында көркемдік негізі қалыптасқан
элегиялық өлеңдер дәстүрі қазіргі заманғы әдеби үрдістегі сабақтастық жолын дамыта
жалғастыруда.
Бұл - әдеби ықпалдастық, үндестік зандылықтары сақталғандығының көрсеткіші.
Қорыта айтқанда, қазақ поэзиясындағы элегиялық өлеңдер ұлттық және жалпы
адамзаттық рухани құндылықтар тұтастығын дәлелдейді. Әдеби үдерістегі поэзиялық
шығармалардың адамдар тағдырын, көңіл-күй тебіреністерін бейнелеуі арқылы ұрпақтар
жалғастығының сезіммен өрілген жолы мәңгілік жалғаса береді.
Достарыңызбен бөлісу: |