«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Абай. Книга слов. Поэмы /



Pdf көрінісі
бет58/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   137
Абай. Книга слов. Поэмы /Пер. с казахского КСерикбаевой, Р.Сейсенбаева. - 
Алматы: Ей, 1993. 

272 с. 
2. 
Ахметов 3. Роман-эпопея Мухтара Ауэзова. - Алматы: Санат, 1997. - 285 с. 
Резюме 
Мақалада М.Эузовтың "Абай жолы" романының орыс тіліне аударылу ерекшеліктері 
қарастырылған. А.Никольская және А.Ким жасаған аудармалардан мысалдар келтірілген. 
Екі аударманың жақсы жақтары көрсетіліп, кемшіліктері анықталған. 
Summary 
This article is devoted to the research of the problem of translation of "The way of Abai" by 
M.Auezov into the Russian language. Here we are bringing for example fragments from translation 
made by A.Nikolskaya and A.Kim. Also show positive and negative sides of translation. 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСЫНДАҒЫ САЯСАТКЕРДІҢ ТІЛДІК 
ТҰЛҒАСЫ 
 
 Ж.Қ. Ибраева - 
филол, ғыл. к., доцент, 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Отандық тіл білімінде саяси коммуникацияның бірегейлігін ғалымдардың күннен-
күнге артып отырған ғылыми қызығушылығынан айқын аңғаруға болады (Е.Шейгал, А.П. 
Чудинов, Б.А. Ахатова. Ю.Д. Куличенко және т.б.). 
Саяси қарым-қатынас аспекті Қазақстандағы тіл саясаты және тілдік жағдаятымен 
тығыз байланысты. Бүгінгі таңда елімізде іске асырылып отырған тілдік саясат пен тілдік 
жоспарлау бағыттары қазақ тілінің мемлекеттік сәйкестілікті анықтау барысындағы 
символдық рөлін нығайту әрі дамытумен қатар, елдің әлеуметтік қабатының тілдік қалпын 
түбегейлі өзгертуге де бағытғалған. Республикамыздағы тілдік саясат (қазақ тіліне 
мемлекеттік дәреженің берілуі), әлеуметтік-мәдени, саяси салаларда байқалып отырған тың 
өзгерістер қазақ тілінің қайта бағалануы мен іске асырылуына және тілдік диаспораларды 
қолдау үрдістеріне елеулі деңгейде өз ықпалын тигізді. Осы аталған саяси және әлеуметтік 
қайта жаңарулар Қазақстан Республикасының жаңа тәуелсіз мемлекет тұрғысынан 
қалыптасуындағы мемлекеттік қазақ тілінің рөлін егжей-тегжейлі қарастыруды талап етеді. 
Бұл аспект қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы болып жатқан геосаяси, 
экономикалық және мәдени түбегейлі де маңызды өзгерістерге ие қазақстандық саясат аясы 
үшін де аса өзекті мәселелер қатарынан орын алады. Үкіметтің қазіргі өкілдерінің тілдік 
қолданысын, оның әлемді кәсіби-тілдік сурет арқылы көру деңгейін зерттеудің осы мәселеге 
талдау жүргізу үшін қызықты материал болатындығы анық. Ғалымдар билік кұрылымдары 
өкілдерінің тілдік жүйесін талдауға жүйелі түрде назар аударады. Мысалы, КСРО билік 
өкілдерінің тілдік ерекшеліктері өз табиғатына қарай партияның ұйымдастырушылық-
идеологиялық кызметінің, басшылықтың басқару стилінің, мемлекеттік аппаратта отырған 
жоғарғы қабаттың беделді жетекшілерінің жеке кабілеттерінің айнасы ретінде көрініс тапты. 
Расында да, саясаткерлер тілінің басты ерекшелігі - кез келген уақытта сын саласының 
нысаны бола тұра, оны үздіксіз жариялап отыратын БАҚ тіліне әсер етуі, осыған орай, көп 
жағдайда саясаткерлер тілі заман ағымының рухын, оның тілдік талғамы мен сәнін 
айқындай отырып, уақыт тіліне айналады. 


Вестник КаіПІІУ имени Абая, серия «Филаюгическне пауки». Лг 2 (32), 2010 
50
 
Саясаткердің тілдік тұлғасынан туындайтын мәтіндер, сондай-ақ сөйлеу әрекетінен 
оның кәсіби қарым-қатынастық біліктілігі, дүниетанымы, оның кәсіптік мақсаты мен 
міндеттері тұтастай көрініс табатын болғандықтан, қазақстандық қоғамда байқалып отырған 
бүгінгі демократиялық өзгерістер, яғни цензураны өзгертуге байланысты іс-әрекеттер 
қазақстандық саясаттың беделіне жоғары деңгейде назар аударуға мол мүмкіндік жасайды. 
Осы тұста саясаткердің тілдік тұлғасы өте ерекше және ол қазақстандық тіл біліміндегі 
тілдік тұлғаларға (танымал тарихи тұлғалар, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері және 
т.б.) арналған тарихта бар жұмыстарының лингвистикасынан өзгеше болып келетіндігін айта 
кеткеніміз жөн. Сонымен қатар саясаткерлердің сөйлеу тілі саяси ортаның қызметіне сай 
негізделген қоғамдық- коммуникативтік маңыздылығымен де ерекшеленеді, мұнда - тіл 
мемлекеттік идеологияны қалыптастырудың, мемлекеттік аппарат қызметін идеогиялық 
тұрғыдан қамтамасыз етуші маңызды рөлді атқара отырып, биліктің куатты құралы ретінде 
танылады. Ал саясаткер дегеніміз - бұл белгілі бір мемлекеттің мемлекеттік басқару 
жүйесіндегі айрықша әлеуметтік қабат, ол үкімет қарамағындағы мемлекеттік органдардың 
өкілеттігін орындауды кәсіби деңгейде жүзеге асырады. 
Сөйлеу қарым-қатынасының адамның кәсіби-әлеуметтік қызметіне байланысты 
болатындығына қатысты мәселені әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық 
жоспарда қарастырған дұрыс деп ойлаймыз. 
Тіл және саясат, тіл және идеология ғылыми-зерттеу тұрғысынан бұрыннан 
қызығушылық тудырып жүрген мәселелердің бірі болып саналады. ТМД елдерінде, оның 
ішінде Қазақстанда аталмыш мәселе салыстырмалы түрде жақында ғана белсенді зерттеле 
бастады (XX ғ. аяғы - Б. Ахатова т.б. жұмыстарында). Салыстырмалы түрде қарайтын 
болсақ, ресей тіл білімінде тіл мен сөйлеу саяси сала тұрғысынан жан-жақты әрі кеңінен 
зерттелген, бұған О.Н. Паршина, А.П. Чудинова, Е.И. ІІІейгал және т.б. жұмыстары дәлел 
бола алады, десек те саяси коммуникация аясындағы мәселелерге негізінен қайта құру 
кезеңінен бастап айрықша назар аударыла бастады. 
Қазіргі тіл білімінің өзіндік жаңа бағыты болған саяси лингвистика, әрине пәннің 
қалыптасу барысында туындайтын бірқатар мәселелерге ұшырасады. Зерттеудің тұтас 
әдіснамалық базасы әлі дәл құрылмаған. Біріншіден, бұл саяси лингвистиканың метатіліне 
қатысты, себебі лингвистикалық әдебиетте жалпы қабылданған саяси дискурс (А.Н. 
Баранов, Б. Ахатова) ұғымымен қатар саяси тіл (О.И. Воробьева), қоғамдық-саяси тіл 
(О.Н. Паршина, Т.В. Юдина), саяси үгіт-насихат miлi (А.П. Чудинов) ұғымдары 
колданылады. Бұл жағдай саясат тілі мазмұны жайлы сұрақтың туындауын айқындады. 
Зерттеушілердің көпшілігі «саясат тіліне» тікелей саяси әрекет терминологиясы мен 
риторикасын жатқызады, онда саясаттанушылар өзінің кәсіби рөлін атқарады (басқа кәсіби 
дін, медицина, заң салалары дискурстары секілді), саяси тіл ресурс ретінде тілдік 
қауымдастықтың барлық мүшелеріне ашық болғандықтан манипулятивтік мақсаттарда 
сендіру және қадағалау құралы ретінде қолданылатын жалпыхалықтық тілді арнайы 
қолдануымен байланысты. Кейбір американдық лингвистер саяси тіл саласына саяси әдеп 
және тіл тазалығы үшін күреспен байланысты барлық мәселелер аясын жатқызады. 
Отандық ғылымның қазіргі даму кезеңінде бірінші кезекте коғамда барлық бұрынғы 
кеңестік елдерде болып жатқан саяси өзгерістерге байланысты тілдік өзгерістер белсенді 
түрде талданып жаткандығы баршаға аян. Бұл жерде тілдік тұлға ретіндегі саясаткердің 
тілдік және сөйлеу ерекшеліктерімен байланысты мәселелер орын алады. Бұл тұрғыдан, 
біздіңше, «тұлға», «тілдік тұлға» ұғымдарының өзін айқындап алу қажет. Сан алуан ұғымдар 
мен анықтамалардың ішінен В.В. Воробьёвтің тұлға жайлы мәдениет пен тілдің, олардың 
даму диалектикасының өзара байланысының өзегі ретінде айтқан пікірін қолдаймыз: 
«Поэтому о личности можно говорить только как о языковой личности, как о воплощённой в 
языке» [1:26]. 
Шындығында, тілдің әлеуметтік мәнінің өзі оның ең алдымен тілдік санада ұжымдық 
және индивидуалдық санада өмір сүретіндігінен тұрады. Соған сәйкес тілде мәдениет иесі 
тілдік ұжым және индивидуум, тілдік тұлға болып табылады. Тілдік сананың тікелей иесі - 
тілдік тұлға, яғни тілде, тілдік бірліктер мен мәтін мағыналарында бекітілген мінез-құлық 
стереотиптерінде, тілдік кеңістікте қатынаста өмір сүретін адам. Отандық лингвистикада 
тілдік тұлғаны зерттеу Ю.Н. Карауловтың есімімен тығыз байланысты екендігі белгілі, ол 
тілдік тұлғаны «тілдік шығармалардың (мәтіндердің) жасалуын айқындайтын, құрылымдық-
тілдік қиындық дәрежесімен, шындықты бейнелеу тереңдігімен және дәлдігімен, белгілі бір 
тілдің бағыттылығымен ажыратылатын адамның қабілеті мен сипатының жиынтығы» деп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет