«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет59/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   137
Вестник КаіПІІУ имени Абая, серия «Филаюгическне пауки». Лг 2 (32), 2010 
51
 
түсіндіреді [2: 3]. 
Бұған қоса тілдік тұлғаны лингвистикалық сана тұрғысынан және сөйлеу мінез-
құлқы, яғни лингвистикалық концептология және дискурс теориясы тұрғысынан сипаттауға 
болады. Тілдік тұлға ұғымының кейбір айқын көрінісі және айрықша қызығушылық 
тудыратын жағы саяси дискурста, себебі саяси дискурс қоғамдық санаға неғұрлым ықпалды 
болып табылады және бұқаралық ақпарат коммуникациясында кең таралған. 
Саясаткердің тілдік тұлғасын талдауда, біздіңше, ғылыми тұрғыдан неғұрлым 
қызықтысы Қазақстан билік өкілдерінің, атап айтқанда, қазақстандық парламенттің төменгі 
палатасы - Мәжілістің сөйлеу мінез-құлқын зерттеу. Қазіргі мемлекеттіліктің мемлекеттік 
кұрылымының керемет көне институты ретінде парламент мемлекеттің өкілді және заңды 
органы болып саналады, терминнің өзі фр. parler және лат. parlare - «сөйлеу» сөзінен 
шыққандығы кездейсоқтық емес. Зерттеу нысанының ерекшелігі халық таңдаулысы 
ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы - Мәжіліс депутатының 
сөзі нақты осы адамның сөзі ғана емес, белгілі бір саяси іс-әрекеттің тілдік көрінісі ретінде 
қабылданады. Қазақстандық мәжіліс депутаттарының сөйлеу әрекетін қарастыру оның 
кәсіптік, бұл жағдайда саяси рекет интеграциясында ғана мүмкін болмақ, саясат адамның 
саналы әрекет жағы болып саналады, субъектілердің өзінің де, қоғам шеңберіндегі 
субьектілер арасындағы рационалдық қатынастардың да неғұрлым тымды мінез-құлқын 
қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған сәйкес саясат пәні қоғам шеңберіндегі 
субъектілердің өзінің арасындағы да, қоршаған жағдайларға қатысты да реттеуге 
бағытталған саналы саяси әрекет болып табылады. 
Саясат қоғамдық сана саласы ретінде мінез-құлықтағы және қоғам аясында 
субъектілер арасындағы, сондай-ақ берілген нақты жағдайларда стихиялық және болжап 
білмейтін төтенше жағдайлардағы қоғам мен әлеуметтік және табиғи орта 
қатынастарындағы тиімділікті қамтамасыз етуі тиіс (шығыны аз және нәтижесі көп). 
Қазіргі ғылымда саясат ұғымы өзара байланысқан құбылыстар мен үдерістердің 
кешенінде былайша қарастырылады: а) әлеуметтік топтың және бұл топтың немесе тұтас 
коғамның мүддесіндегі қоғамдық өмірді басқару жөніндегі олардың билік құруын 
көрсететін ұйымдастырылған қызмет; ә) әлеуметтік топ және мемлекеттік билік, оны жаулап 
алу, ұстап тұру және пайдалану жөніндегі адамдар қауымдастығы арасындағы қоғамдық 
қатынастар; б) саяси кызмет пен қатынастардың ажырағысыз жағын құрайтын саяси сана 
мен мәдениет; в) саяси ұйымдар мен нормалардың жиынтығы, олардың көмегімен саяси 
көзқарастар, мақсат-мүдделер жүзеге асырылады. Бұл жерде қатынасу үдерісі әртүрлі 
әлеуметтік институт (өкімет. Сенат, Мәжіліс) өкілдері мен шартты түрде «азамат/сайлаушы» 
арасында болатын кездегі саяси коммуникацияның институционалдық сипаты алдыңғы 
қатарға шығады. 
Институционалдық коммуникация әлеуметтік институттарда жүзеге асырылады, 
қатынас бұл жерде олардың ұйымдастырылуынын құрамды бөлігі болып саналады. 
Тиісінше саяси коммуникативтік әрекеттің әрбір формасына (сұхбат, электоратпен кездесу, 
Мәжілістегі пікірталас және т.б.) белгілі бір мінез-құлық стандарты қалыптасады, оның 
ішінде сөйлеуші белгілі бір мәртебе иесі ретінде сөйлеген кездегі сөйлеу стандарты да бар, 
бұл белгіленген мәртебелік-рөлдік және жағдаяттық-коммуникативтік нормаларды 
қадағалауды алдын ала айқындайды. Қазіргі социолингвистикада әлеуметтік мәртебе 
вербалды және бейвербалды, тікелей және жанама, емеурінді және емеурінсіз айтылуы 
мүмкін [3: 45J. Мұнда әлеуметтік мәртебенің мінез-құлықта сипатталуы, оның ішінде сөйлеу 
мінез-құлқындағы сипаты айрықша қызығушылық тудырады. Социолингвистика 
«әлеуметтік мәртебе» терминін мынадай анықтамаларда қарастыруды ұсынады: 1. 
Индивидтің құқық, міндеттер және мінез-құлықтың өзара қосылатын қоғамның әлеуметтік 
құрылымындағы жағдайы; 2. Әлеуметтік тап секілді. Әлеуметтік мәртебе тәуелсіз ‘ascribed' 
(гендер, жасы, ұлттық, мәдени және әлеуметтік шығу тегі) және меңгерілген/жүре 
пайда болған ‘aschieved’ (білімі, кәсібі, тілді меңгеру дәрежесі және т.б.) болуы мүмкін [4: 
56J. Әлеуметтік мәртебедегі айырмашылықтар саяси дискурстың негізгі құраушы бөлігі 
ретінде белгілі бір әлеуметтік топқа тән әлеуметтік бедел секілді өзгермелілігімен де 
анықталады. 
Бүгінде қазақстандық қоғамда «беделді» кәсіптердің дәрежесі басқа да барлық 
бұрынғы кеңестік кеңістіктеріндегіден өзгерген, егер XX ғ. 70-80-ші жылдары мұғалім
дәрігер, инженер кәсіптері сұранысқа ие болса, XXI ғ. аяғына таман бизнестегі табысты 
адамдар билікке барады. Соңғы сайлау қорытындысы бойынша Мәжілісте 24 адам 


Вестник КаіПІІУ имени Абая, серия «Филаюгическне пауки». Лг 2 (32), 2010 
52
 
мемлекеттік басқару органынан, 19- жергілікті басқару органдарынан, 8- бизнес 
құрылымынан, 8- білім, ғылым және мәдениет құрылымдарынан, 9- басқа салалардан. Білім 
деңгейі мынадай болып берілген: 42 депутаттың әртүрлі дәрежедегі инженерлік білімі, 34 - 
заң, 23 - педагогикалық, 21 - экономикалық, 9 – ауылшаруашылық, 35 депутаттың екі 
жоғары білімі бар. Мәжілісте 15 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты бар. Келтірілген 
деректерден көрініп тұрғандай, қоғамдық кабаттар мен айналысатын ісі, табыс көзі, білімі 
бойынша тұрғындар тобынын дәрежесін көрсететін мәртебенің социометрикалық жоспары 
саяси коммуникация тұрғысынан бірінші дәрежелілердің қатарынан көрінеді. 
Екінші тілдік сана аясындағы саясаткер бейнесінің әлеуметтік мәртебесінің маңызды 
құраушысы ауыспалы тіл беделі болып саналады, ол социолингвистикада индивидтің, 
топтың, қоғамның тілдің әлеуметтік маңыздылығын, оның қоғамдағы ұстанымы мен 
жағдайын, қасиеттерін, тілді қолдану салаларын салыстырмалы түрде бағалау түсініледі [4: 
242]. Бүгінгі таңда тіл беделі мәселесі қазірігі Қазақстан үшін де социо-, психолингвистика 
шеңберінде де, саяси коммуникация шеңберінде де неғұрлым өзекті болып саналады. 
Аталмыш мәселеге қызығушылық қазіргі тілдік жағдаяттың даму қарқышымен түсіндіріледі, 
әсіресе Қазақстан секілді көптілді елдерде ерекше көрініп тұрады. Соңғы деректер бойынша 
Қазақстан аумағында 126 тіл көрсетілген. Бүгінгі Қазақстан - әртүрлі генетикалық топтар 
мен кұрылымдық типтер тілдерінде сөйлейтін халықтар тұратын көптілді, полиэтникалық, 
мультимәдени және поликонфессионалдық ел. Қазіргі Қазақстанның этномәдени 
ландшафтысы бір жағынан, тілдік алуандылықтың жоғары дәрежесімен, екінші жағынан 
мемлекеттік, титулдық тіл мәртебесі бар қазақ тілінің коммуникативтік күшімен 
ерекшеленеді және басқа этностарға қарағанда сандық жағынан үстем иелері бар орыс тілі 
сипатталады [5: 13]. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес орыс тілі ресми түрде 
мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті басқару органдарында қазақ тілімен қатар қолданылады. 
Бұл факті коғамның барлық қабаттарының сөйлеу мінез-құлқында да көрінеді, атап айтқанда 
Қазақстан Республикасының билік өкілдері, онда беделді ретінде қазақ және орыс тілі үстем. 
Тіл сұранысы мотивация дәрәжесіне байланысты, соңғы жылдары елімізде беделді тіл 
ретінде ағылшын тілін қолдану аясы өсіп отыр, ағылшын тілі мектептерде белсенді түрде 
оқытылады, қоғамдық салаларда қолдану, сондай-ақ адамдардың, әсіресе жастардың 
экономикалық және қаржылай қызығушылығымен айқындалады. Бұл жерде Қазақстан 
тұрғындары басым көпшілігі қостілді, қазақтардың жас ұрпақтары қазақ-орыс және орыс-
қазақ тепе-теңдігін құру үрдісі туындады, соның салдарынан тілді қолдану салаларында 
белгілі бір тілдік жағдаятта қостілділіктегі тілдердің бірін қолдануды ұйғару секілді тілді 
таңдау үдерісі байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет