«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет97/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137
Вестник КсгіИПУ имени Апия, серия «Филологические науки»,
 Л» 
2 (32), 2010 г.
 
Қаламым, қарындашым - жан жолдасым! 
Жау болды, жан аяспас сан жолдасым. 
Қайырылып, мейірімденіп қарамайды
Кеше аласа, бүгін зор, паң жолдасым... 
Жарқырап нұрын шашып, жанады шам, 
Талайлар пайда алады жарығынан. 
Су тамып, не жел тиіп сөне қалса, 
Көрмей, басып, таптайды пайда алған жан..,- 
дейді. Ақынның зарланайын деген ойы жоқ, бірақ ақ көңіл, адал жүрек, арлы істі 
серік еткен адамдардың сиректігіне іші қынжылады. Өзінің бұрынғы дос деп жүргендері бір 
сәтте маңайынан алыстап кеткендігін көріп, шын досты өмірде табу қиын екенін айтады. 
Көңіл күйін осылай шертіп, ақын барша оқырман қауымға ой салады: 
Демеймін мұңымды айтып зарланайын, 
Жаралыс солай қылған адам жайын. 
Жарық алып жалғанды тексерсең де, 
Таза жүрек таппайсың, сол уайым. 
Ақынның «Жиырма үш жасымда» атты өлеңі кей жинақтарда «Шын сырым» деген 
атпен белгілі. Бұл өлеңде көңіл-күйдің өзіндік ерекшелігі көрінеді. Сонымен қатар
шығармадағы табиғат көріністері де лирикалық қаһарманның сезімін сездіруге бағытталған. 
Нұрыңнан нұр алып, 
Аспанда Жарық Ай, 
Келеді қозғалып, 
Жақындап бері қарай,- 
сынды жолдарды оқып отырып, расында Айды қыздан жарық алып, жылжып келе 
жатыр деп ұғынбаймыз. Сондай-ақ, Жетіқарақшының қызды айналып іздеуі, «Күн батып 
жоғалды, Нұрыңнан ұялып» деп өрнектеуі барлығы -лирикалық каһарманның қыз бейнесін 
жеткізуде жасаған белгілі бір құбылыс пен көңіл сезімін өзінше өрнектеуі. 
Ақынның шабытына үн қосылса, өзіндік жан сыры тереңінен көрінетін әдемі жырлар 
туады. Ақын қиялының көңіліне қарай, соған ұқсаған сазды немесе мұңды әуендер дүниеге 
келеді. Олай болса, Шәкәрім жырларының қайсысын алсақ та, оның тууына ақын көңілінің 
қай күйде болғаны әсер еткені белгілі. Демек, ақын заман таршылығын, ауысуын көргенде, 
жаңа заманның туғанын білгенде, қазақтың қалай ел болатынына уайым жеп жүргенде, 
терең философиялық астары бар шығармалар дүниеге келген. Айтарымыз: көңіл пырағы қай 
жерде аялдаса, шабыт шырағы жанып, ақын ойы әдемі жыр өрнектеріне айналған. 
Ал, табиғат лирикасы - ақын шығармаларындағы орны бар елеулі дүние. 
Табиғат лирикасы - лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жан-дүниесі оның әр 
түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, бейнелеп суреттеуі арқылы танылатын өлең-жырлар... 
біреулер табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаса, енді бір ақындар сол табиғат арқылы 
қоғамдық өмірді, адамның ішкі көңіл- күйін астастыра жырлаған. 
Лирик Шәкәрім де өз өлеңдерінде қоғамда болып жатқан құбылыстарды зерделеп, 
зерттеп, оны табиғат көріністері теңестіре көрсеткен. 
1880 жылы жазылған табиғат лирикасына жататын «Жаз келер» атты өлеңінде: 
Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп, 
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп, 
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, 
Табиғат барша жанға рақым етіп. 
Жетпекке үлкендікке жас балалар, 
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп, 
Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп,- 
дей келе, өмір кезеңінің белгілі мамыражай кезеңін қазақ тұрмысымен біте 
қабыстырып, байланыстырады. 
Ал, ақынның көңіл-күй лирикасына жататын «Шын сырым» атты өлеңінде кездесетін 
Сызылтып ән салып, 
Шырқады бозторғай... 


А пай атындагы ҚсиЫІУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Ns2 (32),201 Уж. 
...Гүл биледі жайқалып. 
Бұлбұлдар сайраған, 
Жорға су тайпалып. 
Бұраңдар жайнаған,- 
деген өлең жолдарынан табиғаттағы әсем көріністерді ұтымды детальдар арқылы 
суреттей отырып, сұлу қыздың бейнесінен алған өсерге ұластырады, Осы жерде аталған 
өлеңді табиғат лирикасы қатарына қосып жіберуден аулақпыз. Айтарымыз, шығарманың өз 
тумыстық болмысын сақтай отырып, табиғат салтанатының осы өлеңде де кездесетініне 
тоқталу. Табиғат көріністерін өз сезімін әсерлі жеткізу үшін шебер қолданғанына көз 
жеткізу болып табылады. 
Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті өз поэзиясына арқау еткен ақын 
шығармаларын оқып отырғанда пайымдағанымыз: табиғаттың көркем көріністерін ақын 
айтар ойына, өзге сырға ұштастыруда шебер пайдаланған. 
«Түйіп айтқанда, Шәкәрімнің лирикасы сол заманның айнасы болды». 
Алдағы уақытта жүз елу жылдық мерейтойы келе жатқан ақын шығармашылығының 
ашылмаған тың тұстары зерттеліп, халық игілігіне айналса нұр үстіне нұр болар еді. 
Шындығында Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасы - аса кернеулі, заңгар маңызды
салиқалы да сындарлы, маңызды мұра. Ендеше оны зерттеу бір күннің, бір жылдың емес, 
заманалар еншісінде. Ұлы Абайдың ақындық дәстүрін берік ұстанған Шәкәрімнің 
поэтикалық қуаты зерттеле бермек. 
1. 
Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім: дәстүр және көркемдік. Монография. Үш биік,Семей. 
2007.-225 б. 
2. 
Шәкәрім. 2 томдық шығармалар жинағы. -Алматы: Жібек жолы, 2006. -5216. 
3. 
«Шәкәрімтану мәселелері» - сериялық жинақтары, 1-6 том. Семей-Новосібір: 
Талер-Пресс, 
2006. 
4. 
Шәкәрім. 2 томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жібек жолы, 2006. -5216. 
Резюме 
В статье рассматривается темы лирики Шакарима Кудайбердиева. 
Summary 
The given article is devoted to some problems and themes of lyrics and the article 
considered of study to the problem revealing poetical aspects of lyric poet creative Shakarim 
Kudayberdiev.



Вестник ЮпНЛУ іс.іени Абаясерия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
88 - 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет