«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет96/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   137
Л баи атындагы Қаз¥ПУ-оың Хабаршысы. .< Филология гылымдары» сериясы, Х»2 (32),2010ж. 
портреті анық көрінеді;


Вестник КазНПУ имени Абая, серия <<Филологические науки*, Л° 2 Q2), 2010 г. 
... Адал десе тік тұрар төбе шашы, 
Жиған малы бәрі арам, ішкен асы. 
Қылып жүрген ісі анау, күші мынау, 
Ағайынға ұқсайды қай арасы? 
Өмір және ақындық тәжірибесі толыкқан кезде Шәкәрімнің ерекше тоқталатын 
тақырыптарының бастысы - адам тағдыры, адам өмірінің мәні, адамшылық сияқты 
философиялық және психологиялық категориялар. Бұл тақырып «Адамшылық», «Адамнан 
артық жәндік жаралмаған», «Адам немене? » деген өлеңдерінде көрініс тапқан. 
«Адамшылық» өлеңінде: 
... Мейірім - жақсы, зұлымдык жаман дейсің, 
Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп. 
Жаны ашып жәрдем қылмай өткен адам,- 
Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек, -деп түйін жасайды. 
«Тура жолда қайғы тұрмас» деген атақты өлеңінде ғылым мен теологтардың 
арасындағы дүниетанымдағы қарама-қайшылықтың тамырын дәл танып, Абайдың сөзімен 
айтқанда «Алланың ғылымына, яғни танымға асқақтай қарауының өзі көп сырдың мәнін 
аңғартады. 
«Тау басындағы ой» деген философиялық лирикасында бүкіл әлемдегі дін атаулының 
мән- мағынасын дәл анықтайды. Ұшқыр ойлы, мағынасы терең философиялық толғау 
тәрізді ақынның бұл шығармасы «Шыққаным Шыңғыстағы бір биік тау», «Күннен неге 
түсіп тұр мұнша жарық?», «Шымды жерде көрсесіз қара топырақ», «Атаның шаһуатының 
көп қой мәні», «Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние?», «Ұжданды мақтайды тамам адам» 
тәрізді бірнеше топтамадан тұрағыны белгілі. Мұнда жан, табиғаттың жаратышысы, ақыл 
мәселесі, дүниенің өзіндік сыры ақын ойымен шебер ұласып келіп, тереңінен қозғалады. 
Ақынның «Ғайсадай жан беретін таңның желі», «Дүние мен өмір» өлеңдерінде 
дүниенің өзіндік ерекшеліктері, адам дүниетанымының өзіндік даралығы көрінеді. 
Ғайсадай жан беретін таңның желі, 
Қайғымды желге ұшырып, тірілт мені! 
Ақылым кәрілікке жабырқама, 
Талпынып тағы да ақтар дүниені,- дейді ол. Бұл өлеңінде өзінің өмірге 
деген пікірін, көзқарасын айналадағы ортамен, табиғатпен байланыстыра отырып 
суреттейді. Таңғы желге қайғысын жоғалтуды, ақылына кәрілікке жабырқамауды, 
қайратына әр нәрсеге қарсы тұруды, тіліне барша жанға пайдалыны айтуды тапсыра 
отырып, ақын заманға үн қатады. 
Не үкімет, немесе қауымды алдап, 
Арсыздықпен не болар алған шені?! - деп аяқтай келіп, қоғамға да, 
адамға да қажетті сауалды жолдай келіп, заманындағы қулық, сұмдық, бетперделік 
көріністерді жария етіп, оны шешудің жолы - адамгершілік пен әділеттілікте деп меңзейді. 
Шәкәрім - адам сезімдеріне ерекше көңіл бөле отырып жырлаған ақын. Әсіресе, ол 
адам сезімдерінің ішіндегі ең асылы деп махаббат пен сүйіспеншілікті жоғары ұстайды. 
Махаббат тақырыбы - ақынның реалистік лирикасындағы ең өзекті көркем арналардың бірі. 
Жастық шақтың бейнесі, қыз бен жігіт образдары, махаббат сезімдерінің нәзік иірімдері - 
ақын лирикасындағы асыл идеялар. Шәкәрімнің көңіл-күйіне байланысты туған жырлар өте 
көп. «Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді», «Жастық туралы», «Ақыл құсы 
адаспай аспандағы», «Шын сырым» атты өлеңдері ақын мұрат еткен әдеміліктің, 
сұлулықтың нышаны қандай болғанын аңғартады. «Адамның еркі қайда» , -деп ақылдан 
сұрағаным» атты өлеңінде ақын өз ақылымен мұңдасады, өз ойымен сырласады. Өз 
санасының сезіміне жүгініп, ақылымен «сөйлесу», ақылының жауабын, ойын тыңдау кез 
келген адамның қолынан келе бермейді. 
«Ақыл құсы адаспай аспандаса» атты лирикасында: 
Ақыл құсы адаспай аспандаса, 
Әлемде нәрсе болмас көзден таса. 
Жеті көк жерден оңай басқыш болып, 
Ғарышқа қол жетеді армандаса, - деп шыңдаса адамзаттың алмайтын 
қамалы, бағындырмайтын асуы жоқ екенін айтады. 
«Ноль» деген өлеңінде: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет