Л баи атындагы Қаз¥ПУ-оың Хабаршысы. .< Филология гылымдары» сериясы, Х»2 (32),2010ж.
Түйін
Макалада көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың әдеби түсініктерін
қалыптастыру мәселесі сөз болады.
Резюме
В статье рассматривается
проблема формирования литературных понятий у учащихся
через обучения
художественных произведений
Summary
This article deals with the problem of formation of literary notions in schoolchildren
through teaching works of art.
УДК 821.512.122-14
ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЛИРИКА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ӨЗІНДІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.Қ. Жүндібаева -
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының магистранты
Туған әдебиетімізде өзінің ұстанған бағытынан, артына қалдырған туындыларынан
Шәкәрім Құдайбердіұлының
ешкімге ұқсамайтын соны стилін, ақындық шеберлігін анық
танимыз. Ақынның ақылмен сүзіп, көкірек көзімен көріп, сөз сырымен өрнектеген өлең
кестелеріне терең білім, өзгеше суреткерлік дүниетаным, қазақ
поэзиясына тән көркемдік
жаңалықтар арқау болған.
Біз осы ізденісімізді ғылыми теориялық жақтармен ұштастыра отырып, ақын
лирикасының жанрлық және көркемдік ерекшеліктерін аша түсуге бел байладық.
Жанр - әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде
қалыптасқан, ортақ типологиялық т.б. белгілері бар көркем шығармалар жүйесі. Әдебиеттегі
жанрларды тегі мен түріне қарап, лирикалық, эпостық және драмалық жанрлар деп бөлеміз.
«Әдебиеттің Аристотель заманынан бері қарай келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі,
шындықты адамның көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең
психологиялық шығармалардың бірі. Лирикадағы әрбір сөз (мотив) -ақынның бір сәтте жалт
еткен нұрлы ойы, жарқ етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүниесі», - дейді З.Қабдолов.
Адамның көңіл-күйі, ой мен сезімнің үндесуі лириканың басты ерекшелігі болып табылады.
Лирикалық өлеңдерді
тақырыбына қарай талдап, көптеген әдебиет зерттеушілерінің
пікірлері бойынша шартты түрде саяси-әлеуметтік лирика, философиялық лирика, табиғат
лирикасы, махаббат лирикасы деп бөледі Ал, зерттеуші А.Айтпаева өзінің зерттеу
еңбегінде: «Шәкәрім лирикасын шартты түрде табиғат, махаббат- жастық немесе көңіл-күй
лирикасы және ғибрат ақыл немесе ой-толғаныстар (оның ішінде ағартушылық, азаматтық
лирика бар) деп бірнеше салаға бөлуге болады»,-деп көрсетеді Біз өлең өрнектерінің өзіндік
ерекшелігіне қарай, шартты түрде Шәкәрім лирикасын саяси-әлеуметтік лирика (оның
ішінде философиялық лирика, сонымен қатар, ағартушылық,
азаматтық, ғибрат-ақыл ой
өрнектері бар), көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы деп бөле отырып, ақын
шығармашылығының өте күрделі құбылыс екендігіне көз жеткіздік.
Ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ерекше ықыласын сезіне жүріп қалыптасқан Шәкәрім
о бастан-ақ ақындық өнер жолындағы өзінің биік нысанасын, асыл мұратын жете түсінді.
Лирикалық поэзияны айрықша қастерлі дүние деп есептеді.
Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген
қоғамдық ортаның хал-жайына
байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана
шалқыса да, жабырқай толғанса да, лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады.
Оқушы әрбір лирикалық шығармадан оны жазған автор өмір сүрген кездің жай-жапсарын
аңғарып отырады. Ақын шығармашылығындағы лирика әлемін тұтастай алып қарағанда,
жанрлық жағынан кез келген лириканың түрі көрініс береді..
«Партия адамдары»
өлеңінде қоғам портреті, шынайы қазақ елінің сол замандағы