Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет41/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
10. Бейтарап лексиканы табыңыз?
А) Дидар, қаламгер, ұстаз т.б.;
В) Бет, жазушы, мұғалім т.б.;
С) Пай-пай, бәлі, әттегені-ай, аяулым, айналайын, сәулеш, қап т.б.;
Д) Мыртық, қортық, таз, шойнақ, бықсық, байғұс, боз өкпе т.б.;
Е) Сұм, жауыз, оңбаған, қанішер, ербию, селтию т.б.
11. Фразеологиялық синонимді табыңыз?
А) Алғаны ас болмады//Жегені желкесінен шықты;
В) Ашуына тиді//Шамына тиді;
С) Ай дейтін ата жоқ, қой дейтін қожа жоқ//Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ;
Д) Адыра қалды//Қараң қалды;
Е) Ақ жүрек//Қара жүрек.
12. Жатыс септігі жалғауы мекендік мәнде қай септіктің орнына жұмсалынады?
А) Шығыс септік;
В) Көмектес септік;
С) Ілік септік;
Д) Барыс септік;
Е) Табыс септік.
13. Қарапайым фразеологизмдерді табыңыз?
А) Ит жанды; өзің білме, білгеннің тілін алма т.б.;
В) Ит жоқта шошқа үреді; сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды т.б.;
С) Жедел беру – нұсқау беру; бүйірін шертіп шығу – тойып шығу; бой қаққан – араласпаған т.б.;
Д) Шопан ата таяғы; ашық сабақ; эфирге шығу; құлап қалу т.б.;
Е) Қу бастан қуырдақтық ет алған; жұмыртқадан жүн қырыққан т.б.
14. Ғылыми стильдің лексикалық ерекшелігі неде?
A) Қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер, эмоциональды-баға беруші сөздер, экспресивтік бояуы бар сөздер т.б. жиі қолданысқа түседі;
B) Келтірінді, ауыспалы мағынадағы сөздер болады;
C) Сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады;
Д) Атау сөздер қолданылмайды;
E) Интернациональдық сөздер сирек кездеседі.
15. Табу мен эвфемизмдер қай стильдерде кездеспейді?
А) Ресми стиль, көркем әдебиет стилі;
В) Публицистикалық стиль, ғылыми стиль;
С) Ресми стиль, ғылыми стиль;
Д) Ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі;
Е) Барлық стильдерде.
16. Ғылыми стиль мен ресми стильде қолданылмайтын морфологиялық тұлғаларды табыңыз?
А) -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе;
В) -шылдық/-шілдік;
С) -лау, -ғылт, -ғылтым, -ғыш, -ілдір, -аң, -қай, -ша, -рақ, -тай, -ке, -жан, -сымақ, -шақ, -қан;
Д) -лылық/-лілік, -дылық/-ділік, -тылық/-тілік, -қыш/-кіш, -ғыш/-гіш;
Е) -сымақ, -сып/-сіп, -қалақ, -алақ, -мсақ/-мсек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет