Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


-нұсқа 1. Лексикалық синонимдерді табыңыз?



бет44/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
3-нұсқа


1. Лексикалық синонимдерді табыңыз?
А) Сойылын соғу, жыртысын жырту, шашбауын көтеру т.б.;
B) Айту, сөйлеу, міңгірлеу, күмілжу, мыңқылдау, мылжыңдау, көпіру, көку, оттау, бөсу т.б.;
C) Сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөзқұмар т.б.;
Д) Көгілдір, көкшіл, көкшілтім, көктеу, көгірек, көк, өте көк, шымқай көк, тым көк т.б.;
E) Қу бастан қуырдақтық ет алған, жұмыртқадан жүн қырыққан т.б.
2. Стиль дегеніміз?
А) Адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстар;
В) Тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі;
С) Өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі;
Д) Жағдайға байланысты сөйлеу мәнері;
Е) Тіршіліктің әр түрлі саласында пайдаланылып, диахронды қалыптасқан тілдік құрылымдардың жүйесі.
3. Іс-қағаздары мен ресми құжат тілінің ерекшелігі неде?
A) Белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болатындығында;
B) Әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы екендігінде;
C) Онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән берілетіндігінде;
Д) Тіл байлығында;
E) Тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталатындығында.
4. Лексиканың стильдік сипаты неге байланысты анықталады?
А) Өмірдегі қандай да бір құбылыстың, әлеуметтік жайлардың, кәсіп пен шаруашылықтың сан, салаларына, мал атауларына байланысты;
В) Қоғам өмірінде болып жатқан жаңа үрдістермен байланысты;
С) Тіліміздегі әр сала сөздердің белгілі-бір стиль түріне бейімділігіне не онда сирек қолданылатындығына байланысты;
Д) Тіліміздегі әр сала сөздердің бір ғана стиль түрінде қолданылатындығына байланысты;
Е) Тіліміздегі әр сала сөздердің стиль түрлерінде мүлде қолданылмайтындығына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет