Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер қай стильдерге тән емес?



бет37/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
16. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер қай стильдерге тән емес?
А) Ресми стиль мен ғылыми стильге; В) Ресми стиль мен көркем әдебиет стиліне;
С) Публицистикалық стиль мен ғылыми стильге; Д) Сөйлеу тілі стилі мен көркем әдебиет стиліне; Е) Барлық стильдерге.
17. Ауызекі сөйлеуде де, жазба тілде де адам мағынасында заттануға бейім қатыстық сын есімдер қандай аффикстер арқылы жасалады?
А) -лау, -ғылт, -ғылтым, -ғыш, -ілдір, -аң, -қай, -ша, -рақ, -тай, -ке, -жан, -сымақ, -шақ, -қан;
В) -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе; С) -шылдық/-шілдік; Д) -лылық/-лілік, -дылық/-ділік, -тылық/-тілік, -қыш/-кіш, -ғыш/-гіш; Е) -ғыр/-гір, -қыр/-кір, -ғыш/-гіш, -қыш/-кіш.
18. Кәсіптік сипаттағы фразеологизмдерді табыңыз?
А) Тайға таңба басқандай; соқырға таяқ ұстатқандай т.б.; В) Ит жанды; өзің білме, білгеннің тілін алма т.б.;
С) Ит жоқта шошқа үреді; сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды т.б.;
Д) Жедел беру – нұсқау беру; бүйірін шертіп шығу – тойып шығу; бой қаққан – араласпаған т.б.;
Е) Шопан ата таяғы; ашық сабақ; эфирге шығу; құлап қалу т.б.
19. Кітаби лексикаға нелер жатады?
А) Варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілер;
В) Окказионализмдер, этнографизмдер, қарапайым сөздер, дөрекі сөздер;
С) Қарапайым сөздер, табу, эвфемизмдер, диалектизмдер, кәсіби сөздер;
Д) Саяси-әлеуметтік терминдер, әр алуан техникалық атаулар т.б.;
Е) Плеоназмдар, табу, калькалар, былапыт сөздер.
20. Ғылыми стильде көбірек кездесетін морфологиялық тұлғаларды көрсетіңіз?
А) -сымақ, -сып/-сіп, -қалақ, -алақ, -мсақ/-мсек;
В) -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік, -сымақ, -сып/-сіп, -қалақ, -алақ, -мсақ/-мсек;
С) -ғыр/-гір, -қыр/-кір, -ғыш/-гіш, -қыш/-кіш;
Д) -лылық/-лілік, -дылық/-ділік, -тылық/-тілік, -қыш/-кіш, -ғыш/-гіш;
Е) -лау, -ғылт, -ғылтым, -ғыш, -ілдір, -аң, -қай, -ша, -рақ, -тай, -ке, -жан, -сымақ, -шақ, -қан;
21. Неологизмдер қай стильде жиірек кездеседі?
А) Сөйлеу тілінде; В) Ресми стильде; С) Публицистикалық стильде; Д) Ғылыми стильде; Е) Көркем әдебиет стилінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет