Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Көркем әдебиет стилінің негізгі белгісі қандай?



бет42/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
17. Көркем әдебиет стилінің негізгі белгісі қандай?
А) Шығармада терминдер мен кәсіби сөздердің жиі қолданылатындығы;
В) Шығармада сөздік құрамдағы кірме сөздердің көп кездесуі;
С) Шығармада қолданылу аясы тар сөздердің, яғни арнаулы сөздердің көптеп жұмсалуы;
Д) Метафора, метонимия, синекдоха секілді құбылыстардың болмауы;
Е) Шығармада бастан-аяқ лексикалық құрамдағы байырғы сөздердің мол қолданылатындығы.
18. Сөйлеу тіліне тән морфологиялық тұлғаны табыңыз?
А) Бара жатырмын, үлкенірек, барған соң, қысылыста;
В) Бара тұрған, үлкендеу, барғаннан соң, қысылыс үстінде;
С) Баратұғын, нән, барғасын, қиналғанда;
Д) Барам, барамын, үлкендеу, үлкеніректеу, қысылыста, қысылыс үстінде;
Е) Баратырмын, үлкеніректеу, барғасын, қысылғанда.
19. Сөздердің экспрессивті-эмоциональдық бояуы қай стильде сирек ұшырасады?
А) Сөйлеу тілінде;
В) Ресми стильде;
С) Ғылыми стиль;
Д) Публицистикалық стильде;
Е) Көркем әдебиет стилінде.
20. Ауызекі сөйлеу тіліне тән белгісіздік есімдігін көрсетіңіз?
А) Біреу;
В) Кейбіреу;
С) Қайсыбіреу;
Д) Міреу;
Е) Біреу-міреу.
21. Көп мағыналы сөздерді, омонимдерді, синонимдерді, антонимдерді жарыстыра қолдану қай стильге тән?
А) Сөйлеу тілі стиліне;
В) Ресми стильге;
С) Ғылыми стильге;
Д) Публицистикалық стильге;
Е) Көркем әдебиет стиліне.
22. Ресми тілге тән сөз тіркестерін табыңыз?
А) Қарқынды еңбек, саяси сабақ, қызу құттықтау;
В) Мидай дала, жарық ай;
С) Жұмысқа баратырмын, жүргесін төлеймін;
Д) Қаулыны орындау, қол қою, мөр басу;
Е) Серпімділік күші, соғу екпіні.
23. Толымды сөйлемдер қай стильде жиірек кездеседі?
А) Сөйлеу тілі стилінде;
В) Ғылыми стильде;
С) Ресми стильде;
Д) Публицистикалық стильде;
Е) Көркем әдебиет стилінде.
24. Сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрықша белгісі?
А) Адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстар;
В) Тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі;
С) Өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі;
Д) Жағдайға байланысты сөйлеу мәнері;
Е) Себепке қатысты сөйлеудің бейнелілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет