Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет40/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
4. Лексикология дегеніміз?
А) Қолданбалы тіл білімінің өз алдына бөлек, жетекші саласы;
В) Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін тіл білімінің саласы;
С) Сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы;
Д) Тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;
Е) Заттар мен ұғымдардың, құбылыстар мен түсініктердің аталуы үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы.
5. Фразеологизм дегеніміз?
А) Тіркес құрамындағы сөздердің бір-бірімен синтаксистік тәсілдердің бірімен байланысуы арқылы түзелетін тілдік бірліктер;
В) Тіл білімінің тұрақты тіркестерді зерттейтін саласы;
С) Тіркес құрамындағы сөздер әуел бастағы негізгі, тура мағыналарынан айырылып, бәрі жиналып бір ғана ұғымды білдіретін тілдік бірліктер;
Д) Бір тілдегі тұрақты тіркестердің жиынтығы;
Е) Даяр күйінде жұмсалына алмайтын тілдік бірліктер.
6. Ілік жалғаулы конструкцияға қандай аффикстермен келген тіркестер синоним бола алады?
А) -ғыр/-гір, -қыр/-кір, -ғыш/-гіш, -қыш/-кіш;
В) -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік;
С) -лау, -ғылт, -ғылтым, -ғыш, -ілдір, -аң, -қай, -ша, -рақ, -тай, -ке, -жан, -сымақ, -шақ, -қан;
Д) -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе;
Е) -шылдық/-шілдік.
7. Қолдану ерекшелігіне қарай жалпыхалықтық тіл қалай бөлінеді?
A) Көпше және жекеше;
B) Жалпы және жалқы;
C) Дара және күрделі;
Д) Негізгі және түбір;
E) Ауызша және жазбаша.
8. Метафора құбылысы арқылы жасалып тұрған сөйлеу тілін табыңыз?
А) Аудитория тынышталды;
В) Үйіңде қанша жан бар?
С) Үйі мәз болды
Д) Басың нешеу?
Е) Өзің бір түлкі екенсің?
9. Публицистика дегеніміз?
A) Күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі;
B) Қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі;
C) Ресми қатынастар аясында қызмет ететін функциональдық стильдердің бірі;
Д) Ғылыми негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің бір түрі;
E) Проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет