Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет48/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
24. Лексика дегеніміз?
А) Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы, оның сөздік қоры;
В) Сөздік құрылымның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы шығу арналарының ең маңызды бөлігі;
С) Тілдің өзінің құрамының бір единицасы деген сөз;
Д) Тіл құрамындаңы белгілі элементтің немесе сөз тіркестерінің дербес атауыш сөз мағынасын иеленуі немесе тұрақты тіркестің біртұтас сөз мағынасында жұмсалуы;
Е) Зат, құбылыс, қасиет, іс-әркет туралы түсініктің адамның ой-санасында бейнеленуіне және орнығуына ықпал ететін сөз мағынасы.
25. Көптік жалғауы арқылы жансыз затты жандыға айналдыру қай стильдерге тән?
А) Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стиліне;
В) Публицистикалық стиль мен сөйлеу тілі стиліне;
С) Публицистикалық стиль мен ресми стильге;
Д) Публицистикалық стиль мен ғылыми стильге;
Е) Барлық стильдерге.
26. Сөйлеу тілінің қарапайым түрінің лексикасының құрамына көбінесе қандай сөздер кіреді?
А) Омонимдер, синонимдер, антонимдер;
В) Тұлғалас сөздер, мәндес сөздер, қарсы мәндес сөздер;
С) Вариант сөздер, дублеттер;
Д) Қарапайым сөздер, пейілдік сөздер, сезімдік сөздер, түрпеттес сөздер, қосақтар;
Е) Қарапайым сөздер, тұрпайы сөздер, жергілікті сөздер, кәсіби сөздер.
27. Бейтарап немесе стильаралық лексика дегеніміз?
А) Адамдардың күнделікті қарым-қатынастағы үйреншікті жағдайда қолданатын, сөйлеу тіліне, яғни әдеби тілдің ауызша түріне тән лексика;
В) Белгілі мемлекеттегі заң, сот және оқу мен ресми кеңсе қызметінде қолданылатын лексика;
С) Қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын лексика;
Д) Проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың лексикасы;
Е) Тілдердің барлық функциональдық стильдерінде қолданыла беретін, экспрессиялық реңкі жоқ лексика.
28. Табыс септік жалғауы кейде қай септіктің жалғауымен синонимдес болады?
А) Көмектес септік;
В) Ілік септік;
С) Барыс септік;
Д) Жатыс септік;
Е) Шығыс септік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет