Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


-тапсырма. Ғ.Мұстафин шығармаларында кездесетін төмендегі антоним сөздердің стильдік реңктерін түсіндіріңіздер



бет65/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
22-тапсырма. Ғ.Мұстафин шығармаларында кездесетін төмендегі антоним сөздердің стильдік реңктерін түсіндіріңіздер.

Ол бірде биік,бірде аласа, бірде қатал, бірде жұмсақ мінезді, бірде шешен, бірде сараң сөзді еді. Өмір егер ащы бермесе, тәттіні білер ме едік; Кішкентайды әркім жасырады, үлкенді жасыра білу керек. Үлкейіп барып, сыпайы көрінгенше, кішірейіп барып, шынайы көрінгің келеді; Ыстық – суыққа, қуаныш – қайғыға, ақылға ортақтаса білгенді айт; Ескілік жаңалыққа жол бере қоймайды.




23-тапсырма. Мәтіндегі күрделі сөздердің қолданылуы туралы айтыңыздар.
Сары атан ойлай алса, әрине, атанша ойлар еді...Даланың баяу ғана ғасырлармен бірге баяу аяңдасам да басқа түліктерден кейін қалған кезім жоқ дер еді. Дәмдес болған елінің ең сұлуына «Ботагөз» деген, ең жүйрігіне «бота тірсек» деген ат бере алған жануардың мақтандары да аз емес қой.
(Ғ.Мүсірепов)
Глоссарий
Стиль – (грек. - таяқша, жазу құралы) – тілдің әлеуметтік қызметіне байланысты жіктелетін әдеби тілдің функционалды түрі, сөйлеу мәнері.
Стилистика – тілдік тұлға-бірліктерді қарым-қатынастың белгілі бір саласы мен мақсаттарына сай қолданысы тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің саласы, стиль туралы ғылым.
Стилизация (стиль тезіне түсіру) - шығарманың тақырыбына, жанрына, эстетикалық мақсатына және «автор бейнесі» дегенге тілінің үндес келуі.
Тілдің стилистикалық құралдары – тілдік тұлға-бірліктердің қолданылуда әр түрлі стилистикалық бояуға ие болатын түрлері.
Стилистикалық қате – тілдік талғамының, сөйлеу мәдениетінің төмендігінен, стильдік дағдының қалыптаспау салдарынан болатын қате түрі.
Стилистикалық нормалар – көркемдік-эстетикалық, стильдік мақсатта жұмсалған тілдік құралдар жүйесі.
Стильтүзім – сыртқы факторлардың нәтижесінде нақты сөйлеу кезінде пайда болатын құбылыс.
Функционалды стиль – тарихижәнеәлеуметтік категория. Ф.С. тілдіңәртүрліқызметіменбайланыстыболатынәдебитілдіңбіртүрі. Мәселен, тұрмыстық сөйлеустилі (қатынасжасау), ғылыми, ресмистиль (хабарлау), публицистикалық, көркемәдебиетстилі (әсерету) сияқтытүрлеріажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет