Инверсия – сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің стильдік мақсатпен ауыстыру құбылысы.
Коннотация– қосымша мағына беретін стилистикалық ұғым, тіл бірліктерінің эмоциялық немесе стилистикалық реңі.
Функционалдық-стилистикалық талдау – ұлттық тіл құралдарының көркем тілде қызмет ету ерекшеліктері, тілдік құралдарды сипаттау тілдік деңгейлер бойынша жүргізіледі.
Құрылымдық-стилистикалық талдау – тілдік құралдардың шығарма құрылымындағы ұйымдасу механизмін, конструктивтік мәнін анықтау болып табылады.
Практикалық стилистика – стилистикалық дағды, сауаттылықты қалыптастыру, тілдік-стильдік амал-тәсілдерді тиімді жұмсауға дағдыландыру міндеттерін қарастырады.
Мәтін стилистикасы – мәтіннің құрылымдық-стильдік ерекшеліктерін, мәтіндік бірліктердің түзілуін, автор бейнесі мен тілдік тұлға т.б. мәселелерді қарастыратын стилистика саласы.
Экспрессивтік стилистика - тілдегі экспрессивтік әдіс-тәсілдерді, яғни сөйлеушінің сезім-күй әрекеті арқылы ойды көркемдеп жеткізудегі экспрессиялы құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын стилистиканың жаңа бағыты.
Тарихи стилистика – функционалды стильдердің қалыптасу, даму тарихын, әдеби тіл тарихындағы алатын орны мен рөлін, маңызын қарастыратын диахронды аспектідегі зерттеу саласы.
Прагмастилистика – стилистиканың жаңа бағыты, тілдік, қатысымдық бірлік ретіндегі дискурс пен мәтіннің стилистикалық сипаты мен мазмұнын прагматикалық тұрғыдан зерттейтін тың саласы.
Стилистикалық құралдар – тілдің стилистикалық бояуға ие тұлға-бірліктерінің жиынтығы.
Стилистикалық мағына - стилистиканыңнегізгіұғымдарыныңбірі. Сөздіңмағынасыоның тек заттықұғымынғанабелгілепқоймайды. Соныменқатар сөздіңстилистикалыққызметінеқатыстымағыналықреңктері де болады.
Стилистикалық бояу - мәнмәтіннен (контекстен) тысерекшестилистикалықәсерберетін сөздіңқосымшамағынасы. Олмағынағаайрықшаэкспрессивтікбояуғаиеболатынтілдікбірліктердіңқатарыжатады.