Филология Кафедра: Қазақ филологиясы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



бет10/10
Дата02.06.2023
өлшемі92,22 Kb.
#97885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
фонетика мен лексикология экзамен тест (1)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Факультет: Филология


Кафедра: Қазақ филологиясы
Шифр, БББ: 6В01701 «қазақ тілі мен әдебиеті»,
6В02301 «Филология: қазақ филологиясы»
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы


10- нұсқа

1. Синекдоханы көрсетіңіз.


А. Бұл дүниелерді біз қаршадайымызда оқып білген Гомер дүниесінен, Сервантес дүниесінен кем білмеуге міндеттіміз.
В. Әл-Фарабидің артында қалған ғылыми мұрасы өте мол: жүз алпысқа жуық трактат жазған.
С. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңесе алмайды, ол - өле-өлгенше суынбайтын махаббат.
Д. Осылай Оразбайдың қысырының қымызына желіктірген қолы ит қорлықты көріп, қан жоса боп қаңғып қайтты.
2. Қазақ тілінде метафораны арнайы зерттеген кім?
А. М.Балақаев
В. Б.Хасанов
С. Ж.Мусин
Д. Ә.Болғанбаев
3. Қазақ тілінде сөз тудырудың /туынды сөздер жасалуының/ тәсілдері қандай?
А. метафора, метонимия, синекдоха
В. лексикалық, фонетикалық, семантикалық тәсілдер
С. табу, эвфемизм, дисфемизм
Д. морфологиялық, синтаксистік, лексика-семантикалық тәсілдер
4. Қазақ тіліндегі әдеби сөздер тобы
А. эмоционалды-экспрессивті сөздер, эвфемизмдер, жалпыхалықтық сөздер
В. неологизмдер, интернационалдық сөздер, полисемантизмдер
С. кәсіби сөздер, термин сөздер, табу сөздер
Д. көнерген сөздер
5. Эвфемизмі бар сөйлем.
А. Бізде, шет елде кең тарап дүние жүзіне танылды дерлік бірінші еңбек - Мұхтар Әуезовтің «Абай»романы
В. Мәлік Ғабдуллин - Қаһармандық, батырлық іс-қимылдарымен, терең ғылыми ізденістерімен, ұстаздық ерен еңбегімен, қаламгерлік қабілет дарынымен, жан дүниесінің мөлдір тазалығымен өзгешеленетін тарихи тұлға
С. Дағды бойынша мезгіл өтіп, уақыт алыстаған сайын бұл оқиғаның айналасына талай қоспа әңгіме, жаңсақ жамаулар да жабысады.
Д. Еңбек тіршіліктің шамшырағына май құяды, ал оны жағатын - ой.
6. Метафораны табыңыз.
А. қаңтар айының ұзақ таңы енді-енді қылай беріп, құлан иектеніп келеді.
В. қазақ музыкасының жұлдыздары Сейтек пен Сүгірдің, Біржан мен Абайдың, Жамбыл мен Динаның, Әміре мен Елубайдың домбыралары, Ықылас пен Дәулеткерейдің қобызы, Шашубай мен Нартайдың сырнайы қойылған зал жұртшылықтың айрықша ықыласына ие.
С. Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.
Д. Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ
7. Кәсіби сөздерді көрсетіңіз.
А. Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ жеңіске жетесіз.
В. Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз аутумен жету қиын.
С. Қалың тал сайын бір миясар: біреуі - зергер, біреуі - ұста, біреуі – ісмер.
Д. Елдің елдігін сақтайтын - әдебиеті, тарихы, жол-жорасы
8. Сөздің синтаксистік шартты мағынасы
А. Ақылдылық пен сезімталдық әдептілікпен ұштасып жатады
В. Бар қабілетіңді пайдалы іске жұмса
С. Мейлінше қиын құбылыстардың мәнін ғажап түрде дәл білдіретін бейнелі сөздер болады
Д. Мынау толқып жатқан Арал теңізі - алтын да күміс балыққа толы күміс қазан
9. Табуды көрстеіңіз.
А. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам.
В. Абайдың Қамқа деген бір жеңгесі: «Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау!»- деп мойнынан құшақтап алып бетінен сүйді.
С. Жан-жақты білім алудың асқан құралы - кітап оқу
Д. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!
10. Экспрессивті сөздер.
А. Адамдар, заттар, құбылыстар - бәрі де тәрбиелейді, алайда нағыз тәрбиеші және ұзақ тәрбиелейтін де адамдар ғана.
В. Қиқу салып құзға ұшқан
Құздан суық мұзға ұшқан
Мұздан суық бұлтқа ұшқан
Бұлттан биік көкке ұшқан
Қарулы қыран кім еді?
С. Ол - ауылдың қадірменді адамы, жас шопандардың ақылшысы, ұстазы
Д. Адам жаны ізгілікті, жылылықты тілейді.
11. Эвфемизм қолданылған сөйлем.
А. Бұлардан бұрынғы балаларына бұл дүниеден ұзақ дәм-тұз бұйырмаған, жастайынан шетіней берген.
В. Белгілі деңгейдегі ой мәдениетінсіз терең, нәзік сезімнің болуы мүмкін емес.
С. тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
Д. Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен өзіңізге ең қажеттісін таңдап алыңыздар
12. Синекдоха қолданылған сөйлем.
А. Майлаңқы сақал-мұрттар бір-бір желпілдесіп қалды.
В. Тамақ астындағы дөңгелек аузын тамсана, балғын қызыл мұрттарын мазасыз қимылдатады
С. Ойыма келген нәрселерді жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын.
Д. Қазақстанда бүркіт ұясы көбенесе Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау, Шыңғыс сілемді тауларда, орманды алқаптарда, әсіресе қарағайлы, үйеңкілі жерлерде кездеседі.
13. Метафора қолданылған сөйлем.
А. Шоқан Уәлиханов - қазақ халқының мақтанышы болған қоғам қайраткері, саяхатшы, ғалым
В. Бельгия сияқты бес мемлекет еркін сыйып кететін біздің өлкенің табиғаты сұлу, жері бай.
С. Кейде Көкшенің ең биік өркешіне шығып, жан-жағыңа қарасаң, Бурабайдың іші-сырты, айналасы тостағанға құйған қымыздай дөңгеленіп жатқан қаптаған көл.
Д. Республика халықтарының достығын, ынтымақтастығын нығайтып, бірлігін сақтасақ, өз еңбегіңізбен тұрмыс жағдайымызды жақсарта аламыз.
14. Эмоционалды сөздері бар қатарды табыңыз.
А. Атақты композитор В.А.Моцарт 5 жасында кішігірім музыкалық жазуға кірісті, ал 8 жасқа толғанда симфонияларын, 11 жаста опера жазды.
В. Жазушының жалғыз ғана ұстазы бар: ол оның оқушылары
С. Ұлылардың бәрі де ұстаздардан оқып шыққандар.
Д. Таң сәріде, өң мен түс арасында, қапыда қысқа қайырылған ғажайып әндей аһ ұрғызған келте ғұмыры неткен бай еді және ол қандай көркем, сұлу әрі қызықты болған, ұлы табиғат оны жан-жақты ғып бір адамның болмысына қалай ғана сыйғызған десеңізші!
15. Академик В.В.Виноградов сөз мағынасын нешеге бөліп қарастырады?
А. 4
В. 3
С. 5
Д. 2
16. Сөздердің шығу тегінің сақталып жазылуы қай принцип ?
А) Дәстүрлі-тарихи
В) Этимологиялық
С) Фонематикалық
Д) Фонетикалық
17. Морфологиялық принципке мысал :
А) хал, хат
В) қосшы, түнгі, Боранбай
С) сексен, белбе
Д) сенбе, ақ ешкі
18. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша жазылған сөз
А) ағ ешкі
В) башшы
С) сегіз, он
Д) жиһан
19. Сөздердің айтылуы және естілуі бойынша жазылуы
А) Фонетикалық принцип
В) Дәстүрлі принцип
С) Тарихи принцип
Д) Морфологиялық принцип
20. Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөздерді көрсет ?
А) құлұн
В) ашшы
С) жаздыгүні, бірсігүні
Д) хал, қал
21. Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үні қалай аталады ?
А) әріп
В) дыбыс
С) жазу
Д) таңба
22. Әріп дегеніміз не ?
А) дыбысты жазу тілінде белгілейтін шартты белгі
В) құлақпен естілетін үн
С) дыбыстардың жүйесі
Д)дыбыстау арқылы айтылатын таңба
23. Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын не дейді?
А) дауыссыз дыбыстар
В) дауысты дыбыстар
С) әріп
Д) әліпби
24. Айтылымы мен жазылымы сай келмей тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз:
А) алыс, Ақтау, жүр
В) Ділмар, құдірет, мінәжат
С) Сең, келешек, ол
Д) Сау, тіс, Алматы
25. 2 әріппен жазылып, 4 дыбыспен айтылатын сөзді көрсетіңіз:
А) Ұя
В) Би
С) Су
Д) Ою
26. «ию» әріптен тіркесімнің оқылуы:
А) Иу
В) Йа
С) Йә
Д) ійүу
27. Буын мен сөзде тек еріндік үндес әуезбен айтылатын дауыссыз
А) С
В) Ш
С) У
Д) Й
28. «Қуаныш» сөзінің буынға бөлініп, дұрыс айтылу нұсқасы:
А) Қу-а-ныш
В) Құ-уа-ныш
С) Қуа-ныш
Д) Қуан-ыш
29. Еріндік дауыстылар :
А) о, ө, ұ, ү, у
В) ы, і, и
С) а, ә, е
Д) ұ, а, и
30. Сегіз буынмен айтылатын сөзді табыңыз:
А) Ат үсті қараушылық
В) Бүкілдүниежүзілік
С) Бадыраюына
Д) буынаяқтылардың


Құрастырған: Қ.Ғ.Аронов


Кафедра меңгерушісі: И.С.Сұлтаниязова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет