Кафедра: Қазақ филологиясы Шифр, БББ: 6В01701 «қазақ тілі мен әдебиеті», 6В02301 «Филология: қазақ филологиясы» Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы
8-нұсқа
1. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер
А. фразеологиялық, аударма, терминологиялық, диалектологиялық сөздік
В. фонетикалық, орфографиялық сөздік
С. этимологиялық, тарихи сөздіктер
Д. энциклопедиялық, иллюстративті сөздік
2. Қазақ тіл білімінің лексикология саласы қай жылдан бастап жан-жақты зерттеле бастады?
А. 1930 жылдан
В. 1950 жылдан
С. 1940 жылдан
Д. 1960 жылдан
3. Тілдің лексикасын құрастыратын негізгі единица
А. жалғау
В. сөз
С. сөйлем
Д. сөз тіркесі
4. Сөздің шығу төркінін зерттейтін тарихи лексикологияның бір саласын көрсет.
А. этимология
В. семасиология
С. ономастика
Д. топонимика
5. Сөздің мағынасын, шығу төркінін, қолдану қабілеттілігін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылым қалай аталады
А. морфология
В. фонетика
С. синтаксис
Д. лексикология
6. Ономастика ғылымы нені зерттейді?
А. жалқы есімдерді зерттейді
В. географиялық атауларды зерттейді
С. сөздердің мағына жағынан дамуын тексереді
Д. кісі аттарын зерттейді
7. Сөздердің мағына жағынан дамуын зерттейтін лексиканың саласы
А. ономастика
В. салыстырмалы лексикология
С. семасиология
Д. тарихи лексикология
8. Қазақ тілі типологиялық белгісіне қарай қай топқа жатады?
А. агглютинативті
В. флективті
С. даралаушы
Д. полисинтетикалық
9. Жалпылама лексика басқаша қалай аталады
А. кірме сөздер
В. бейтарап сөздер
С. туынды сөздер
Д. жауаптың бәрі дұрыс
10. Антропонимика нені зерттейді?
А. жер-су аттары
В. антонимдерді
С. жалқы есімдерді
Д. адам аттары
11. Кәсіби сөздер мен диалекті сөздердің ұқсастығы
А. белгілі бір кәсіпке байланысты айтылады
Б. белгілі бір территорияда айтылады
С. Жалпы халыққа түсініксіз
Д. жалпы халыққа түсінікті
12. Кәсіби сөздер неше салаға бөлінетінін көрсетіңіз
А. 1
В. 2
С. 3
Д. 4
13. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз
А. қара жұмыс
В. қарақағаз
С. қара көйлек
Д. қара ниет
14. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
А. Абайдың әкесі - Құнанбай
В. Құлагер, әкең - тұлпар, шешең - сұңқар
С. «Әкем-ау, оқып берші»,- деді атасы немересіне.
Д. Ұрғанның әкесін көрсетемін.
15. Тілдік (сөздік) метафора.
А. ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізеді.
В. Сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады.
С. белгілі бір ақынның я жазушының туындысында өмір сүреді.
Д. өзара шектес, іргелес бір зат атауының басқа бір зат атауына байланысы, ауыс мағынасы.
16. Сөз бен сөз арасындағы ілгерінді ықпалға мысал:
А) асшы
В) жас жүрек
С) Тынысбек
Д) тас бер
17. Кейінді ықпалды тап
А) Кірпікшешен
В) Кітапхана
С) Мазмұндама
Д) Сейсенбек
18. Ілгерінді ықпал
А) Шай дұрыс ішілмеді
В) Төл егізден өседі
С) Алыстан атты кісі көрінеді
Д) Әке сөзін айтпады
19. Езулік дыбыс қалай жасалады?
А) Ерінніңқызметіне қарай
В) Жақтыңқызметіне қарай
С) Тілдіңқызметіне қарай
Д) Үн мен салдырдан жасалады
20. Қатаң дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді тап
А) Актер,текст
В) Тақия, атқыш
С) Құпия, шөптің
Д) Сайман, төрт
21. Ашық дауысты дыбыстарды тап.
А) і, а
В) ы, і
С) ү, й
Д) а, ә
22. Түбір сөз “ш” дыбысына аяқталып, оған “ш” дыбысынан басталатын қосымша жалғанғанда қай әріптер жазылады?
А) шш
В) щ
С) шс
Д) сш
23. Жақтың қатысы арқылы жаслатын дауыстылар
А) Жалаң дауыстылар
В) Ерін дауыстылар
С) Езу дауыстылар
Д) Ашық дауыстылар
24. Ерінніңқатысуынсыз жасалатын дауыссыздар
А) П, б, м
В) Л, к, с
С) Б, у, р
Д) У, б, к
25. Белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесіндегі нормалар-
А) фонетикалық заңдылық
В) Шәлкестер, тіркестер
С) Қыстырынды заңдылық
Д) Грамматикалық заңдылық
26. Бунақтағы элизияны көрсет
А) Кел маған
В) Бара алмадым
С) Ән сал
Д) Әнші
27. Езулік жуан үндесіммен айтылып тұрған сөзді к/т.
А) Үзбе келісімді
В) Үн қос
С) Ұрын келу
Д) Қызыл, жасағандықтан
28. Гемината -
А) Жіңішке дыбыстар
В) Жуан дыбыстар
С) Қайталама дыбыстар
Д) Келтірінді дыбыстар
29. Жуан езулік үндес буынды сөздерді тап.
А) Бол, оз
В) Бар, аз
С) Бер, әз
Д) Бөл, өз
30. Жуан еріндік үндес буынды сөздерді тап
А) Бол, оз
В) Бар, аз
С) Бер, әз
Д) Бөл, өз
Құрастырған: Қ.Ғ.Аронов