Филология Кафедра: Қазақ филологиясы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



бет6/10
Дата02.06.2023
өлшемі92,22 Kb.
#97885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
фонетика мен лексикология экзамен тест (1)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Факультет: Филология


Кафедра: Қазақ филологиясы
Шифр, БББ: 6В01701 «қазақ тілі мен әдебиеті»,
6В02301 «Филология: қазақ филологиясы»
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы
6- нұсқа

1. Кірме сөздер дегеніміз


А. тілдің өзіндік сөзжасам тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер.
В. тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі
С. белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер
Д. қазақтың байырғы төл сөздері
2. Кірме сөздерден тұрған қатарды көрсет.
А. қараша, ақпан, қыркүйек
В. проза, район, физика, лекция
С. бөкебай, бөз, сіріңке, көпес, бөтелке
Д. қарлығаш, бозторғай, майшабақ
3. Сөздік қордағы сөздер құрамы жағынан неше буынды болып келеді?
А. 2-4
В. 1-2
С. 3-4
Д. 4-5
4. Сөздік құрамның толығуының неше жолы бар?
А. 5
В. 1
С. 2
Д. 3
5. Тілдегі сөздердің барлығының жиынтығын не деп атаймыз?
А. сөздік қор
В. күрделі сөздер
С. кірме сөздер
Д. сөздік құрам
6. Сөздік құрамдағы сөздерді қолдану жиілігіне қарай қандай екі салаға бөлуге болады?
А. актив сөздер, пассив сөздер
В. төл сөз, кірме сөз
С. түбір, туынды сөздер
Д. біріккен, қос сөздер
7. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен қанша халық тілінен енген?
А. 5
В. 4
С. 3
Д. 2
8. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен қай халықтан енген?
А. араб-парсы
В. орыс
С. монғол
Д. аталғанның бәрі
9. Қайшы, отар, жыл сөздері қай халықтың тілінен енген?
А. араб
В. орыс
С. монғол
Д. қазақтың төл сөзі
10. Сөздік құрамдағы сөздердің сан жағынан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін құрайтын түрі.
А. жаргондық лексика
В. кәсіби сөздер
С. жалпылама лексика
Д. диалектілік лексика
11. Көптеген тілдерге ортақ, халықаралық сипаты бар сөздер.
А. интернационалдық сөздер
В. кәсіби сөздер
С. жаргон сөздер
Д. жалпыхалықтық лексика
12. Архаизмді көрсетіңіз.
А. партия ұясы
В. жоралғы
С. хан
Д. адырна
13. Пассив сөздерге жатпайтын сөздерді көрсет.
А. көнерген сөздер
В. көнере бастаған сөздер
С. көпшілікке кең таралмаған жаңа сөздер
Д. терминдер
14. Термин сөздерден тұрған қатарды көрсет.
А. азанда, ауқат, тақта, жуытпа, шашпа
В. мамыр, жандарал, атаман, жәшік
С. ащы ішек, қан айналым, ұйқы безі
Д. ащы үн, ащы шындық, ащы сөз
15. Неологизмдерден тұрған қатарды анықта
А. кемпірауыз, там, сым, торлама, кәді
В. морфема, изафет, омофон, диалект
С. сауна, підия, зікір, жылу жинау
Д. сәнхана, мөлтекаудан, ғарышжай, асаба
16. Жіңішке еріндік дауысты дыбыстардың саны-
А) 5
В) 3
С) 4
Д) 2
17. Жуан еріндік дауысты дыбыстар-
А) а,ұ
В) о,ұ
С) ә,е
Д) ұ,ө
18. Екпінсіз сөздер қандай сөздер?
А) көмекші сөздер;
В) негізгі сөздер;
С) екпінсіз сөздер;
Д) буыншыл
19. Буын жігі дегеніміз не-
А) сөздердің буыны мен буын шегі
В) буынды бөлшектеудің аралық шегі
С) екпін құбылысын айқындайтын бөлшек
Д) дауыссыз дыбысқа негізделген дыбыстық бөлшек
20. Лабиаль дауыссыздар қатары
А) қ,ғ,ң,
В) б,п,м,у,ж
С) с,ш
Д) б,п,м,у,ф
21. Бейтарап дауысты дыбыс -
А) редукцияланған толық деңгейдегі дыбыс
В) көмей дауыссыз дыбыс,
С) редукцияланған орта деңгейдегі дауысты
Д) Дыбыстың сөйлеудегі түрлі реңкі
22. Дыбыстың созылыңқылығы неге байланысты
А) жасалымдық, айтылымдық, естілімдік белгілерге
В) дыбыстардың бір - біріне әсер етуіне
С) екпінге, фонетикалық позицияға, интонацияға
Д) дыбыстың жұптық жүйесіне
23. Қазақ тілінде қанша төл дауысты дыбыс бар?
А) 9
В) 12
С) 10
Д) 11
24. Қазақ тілінде қанша төл дауыссыз дыбыс бар?
А) 20
В) 19
С) 18
Д) 26
25. Тіл алды дыбыстарыныңғылым тіліндегі атауы
А) лабиаль
В) палаталь
С) фарингаль
Д) гутураль
26. Тіс пен ерін дауыссыздар қатарын көрсет ?
А) з, с В) в, ф
С) б, п Д) к, г
27. Қазақ тілінде қанша жіңішке езулік дауысты бар?
А) 2
В) 5
С) 4
Д) 3
28. Жасалымдық мүшелердің бір-біріне жуысуы арқылы жасалатын дыбыстарды табыңыз.
А) с,ж,з,ш
В) с,ж,т,щ.
С) с,щ,б,н,.
Д) с,б,г,ш,
29. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз
А). Айнала жұрт сөзге кірісті
В) Оқыған ұл атасынан үлкен.
С) Білімнен безген бүлінер.
Д) Олар бұрыннан таныс шығар.
30. Сөз құраушы фонетикалық бірлік дегеніміз не?
А) тіл дыбысы
В) буын
С) әріп
Д) морфологиялық тұлға


Құрастырған: Қ.Ғ.Аронов


Кафедра меңгерушісі: И.С.Сұлтаниязова




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет