Филология Кафедра: Қазақ филологиясы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



бет5/10
Дата02.06.2023
өлшемі92,22 Kb.
#97885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
фонетика мен лексикология экзамен тест (1)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Факультет: Филология


Кафедра: Қазақ филологиясы
Шифр, БББ: 6В01701 «қазақ тілі мен әдебиеті»,
6В02301 «Филология: қазақ филологиясы»
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы


5- нұсқа

1. Дыбыстыққұрамы бірдей сөздерді бір-бірінен орфографияның көмегімен айыратын қағида


А) фонетикалық; В) морфологиялық; дифференция;
С) дәстүрлі, фонетикалық; Д) дифференция.
2. Қазақ жазуықандай жазу?
А) үндесім жазуы; В) әріптік және дыбыстық жазу;
С) дыбыстық жазу; Д) әліпбилік жазу.
3. Сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына жағынан ажырататын ең кіші тілдік бірлік?
А) фонема; В) дыбыс;
С) дыбыс, әріп; Д) дыбыс, фонема.
4. Қазақ тіліне орыс тілінен енген дауыссыз фонемалар?
А) з,й,р В) в,ф,ц
С) э,ю,я Д) қ,ғ,ң
5. Тоғысыңқы, жуысыңқы дауыссыздары -
А) жақтыңқатысына қарай; В) жасалу тәсіліне қарай;
С) тілдіңқатысына қарай; Д) айтылымына қарай.
6. Тілдегі сөздердің айтылуын реттейтін буын құраушы, сөз құраушы фонетикалық бірлік-
А) екпін; В) буын;
С) просодика; Д) әріп.
7. Қазақ тілінің буындар дыбыстыққұрамы жағынан нешеге бөлінеді?
А) 6 В) 5
С) 3 Д) 4
8. Қанша жіңішке езулік дауысты бар?
А) 6 В) 3
С) 4 Д) 5
9. Қазақ тіліне тән емес дыбыс тіркесімдері?
А) дауысты -дауыссыз; В) дауысты-дауысты;
С) дауысты-дауыссыз-дауыссыз; Д) дауыссыз -дауысты;
10. Транскрипция сөзі қай тілден енген?
А) ағылшын. в) грек;
с) орыс; д) латын;
11. Белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл беру үшін қолданылатын лингвистикадағы арнайы жазу
А) дыбыстық В) дифференция ;
С) транскрипция; Д) әріптік;
12. Дыбыстың созылуы неге байланысты?
А) екпінге; В) буынға;
С) үндесімге; Д) дыбысқа.
13. Ашық жалаң дауысты дыбысты к/т?
А) ә,о; В) а,ә; С) а,ө; Д) ә,е.
14. Қазақтың ауызекі сөйлеу тілінде естілетін қандай дыбысты аффрикатқа жатқызып жүр?
А) т,ц; В) ц,ч; С) т,с Д) дж;
15. Сөз аралығында қатар келген екі дауыстының соңғысы түсіріліп айтылған сөзді көрсетіңіз.
А) ата – ана В) келе алмауым
С) не үшін Д) Сарыарқа
16. Синонимдерді топтастырудың неше белгісі бар?
А. 2 В. 3 С. 4 Д. 5
17. Синонимдік қатардағы сөздердің саны қаншаға жетеді?
А. 4-5 тен аспайды
В. 10 шақты
С. 20 шақты
Д. 40-тан асады
18. Синонимдердің пайда болуының неше жолы бар?
А. 3 В. 4 С. 5 Д. 6
19. Доминант сөз дегеніміз не?
А. сөздерді мағына жағынан ұйымдастыруға болатын тірек сөз.
В. мағыналары қарама-қарсы сөздер
С. Басқа тілден енген сөздер
Д. Дыбысталуы бір, мағыналары басқа сөздер
20.Синонимдік қатарды анықта.
А. жақсы, тәуір, жақын В. лақап, қауесет, сыбыс
С. жалғасу, ұштасу, келісу Д. дидар, келбет, билік
21. Сөздерді мағынасы жағынан ұйымдастыруға ұйытқы болатын сөз.
А. омофон В. омограф
С. плеоназм Д. доминант
22. Синоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды.
В. Өзіңе жамандық істеген адамға жақсылық істеу де ерлік емес пе?
С. Көк жұлдыздары бірден-бірге баяу тартып, аспан әлемі жарық сәулеге бөленді.
Д. Осы өткен қыста әкесін жөнелту қамымен қаладан қайтпай жатып Абай орысша тілге тағы да көп зер салды.
23. Синоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Ертеңгі ырысымыздың басы бүгін қаланады. Береке басы бірлік.
В. Үлкенді сыйлау, кішілерге қамқорлық жасау, кішіпейіл болу - әрбір жасқа тән, абзал қасиеттер.
С. Борышыңды өтеуге талпынып көр, сонда сен бойыңда не қасиет барын білесің.
Д. Адам жанын, оның арман-қиялын, қуаныш-шаттығын, тілек үмітін сөзбен емес, домбыра ішегінің сыбырымен айтушы ғажап өнердің иесі емес пе?
24. Синоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Үй алдына таман отырғызылған ағаштардың балғын жапырақтары әзірге жасыл жібектей желкілдейді.
В. Шын мәніндегі көркем тіл терең мазмұннан туады.
С. Мұғалім - зор тұлға, ол Күннің құдіретті сәулесі сияқты.
Д. Күш-қайратқа толы, ерлікке шақырған өршіл ән төңірекке қанатын жайып, батырлықты мадақтап қалқып самғай ұшты.
25. Синонимдер сөздігі қашан тұңғыш рет жарық көрді?
А. 1961 ж. В. 1972 ж.
С. 1963 ж. Д. 1962 ж.
26. “Қазақ тілінің синонимдер сөздігінің” авторы
А. Ә.Болғанбаев
В. А.Ысқақов
С. Ш.Сарыбаев
Д. І.Кеңесбаев
27. Антоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Әзіл айтқанға әділ айт
В. Төзім - тамаша қасиет, ұзақ төзуге өмір қысқа.
С. Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.
Д. Құнанбай барлық сөз аңғарын ұқты да, жақтырмады.
28. Антоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Күн де батты, қоналқалы жерге біз де жеттік.
В. Осыдан 28 ғасыр бұрын көне Греция жерінде батылдық пен жүйріктік және күш сынасудан жарыс өткізілген.
С. Ұқып, тәртіп, тазалық, дәлдік дегендер - Жомарттың бойына сіңген өзгеше қасиет
Д. Мұның бір қасиеті /жақсы ма, жаман ба, оны білмеймін/ бірнеше күн қатарымен сөйлей жүруге шыдайды.
29. Антоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Дүниеде еңбек ерлігінен асқан ерлік жоқ.
В. Бейтаныстан да, таныс адамнан да: «Сізбен тілдесуге болар ма екен?»-деп, алдымен рұқсат сұраған жөн.
С. Дүниеде сөздің дертінен өткен дерт жоқ, сөздің шарапатынан дауалы шарапат жоқ, сөз тұрлаусыздыққа емес, баяндылыққа, өлімге емес - өмірге қызмет етеді.
Д. Терең білімділік, озат білік, еңбек сүйгіштік, жігерлілік адамға абырой әпереді, құрметке бөлейді.
30. Орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді неше кезеңге бөліп қараймыз?
А. Қазан революциясына дейінгі кезең, Қазан революциясына кейінгі кезең.
В. ХҮ - ХХ ғғ. ХҮІІ - ХҮІІІ ғғ.
С. Қазан революциясынан кейінгі кезең; Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең.
Д. Орыс тілінен ауысқан кірме сөздер кезеңге бөлінбейді.


Құрастырған: Қ.Ғ.Аронов


Кафедра меңгерушісі: И.С.Сұлтаниязова




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет