Филология Кафедра: Қазақ филологиясы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



бет3/10
Дата02.06.2023
өлшемі92,22 Kb.
#97885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Факультет: Филология


Кафедра: Қазақ филологиясы
Шифр, БББ: 6В01701 «қазақ тілі мен әдебиеті»,
6В02301 «Филология: қазақ филологиясы»
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы


3- нұсқа

1. Буын үндестігіне сай келетін сөзді көрсет ?


А) емхана В) әсемпаз
С) пәлеқор Д) сөздер
2. Сөз тіркесінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етуі қалай аталады ?
А) ілгерінді ықпал В) тоғыспалы ықпал
С) кейінді ықпал Д) буын үндестігі
3. буын үндестігі
А) кітап В) әсемпаз
С) Тынысбек Д) асшы
4. Түбір мен қосымшаның жігіндегі ілгерінді ықпал
А) тұз сал В) күздік
С) Жанпейіс Д) Жанқожа
5. Қазақ орфографиясы негізінен неше принципке сүйенеді ?
А) 5 В) 4 С) 2 Д) 3
6. Сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылуы қай принцип ?
А) Морфологиялық В) Дәстүрлі
С) Тарихи Д) Фонетикалық
7. Морфологиялық принципке мысал :
А)басшы, түнгі, Жанпейіс В) хал, хат
С) сексен, белбеу Д) сембе, ақ ешкі
8. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша жазылған сөз
А) сегіз он В) башшы
С) хабар Д) ағ ешкі
9. Сөздердің дыбыстық заңдарға сүйеніп, айтылуы және естілуі бойынша жазылуы
А) Дәстүрлі принцип В) Фонетикалық принцип
С) Тарихи принцип Д) Морфологиялық принцип
10.Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөздерді көрсет ?
А) хал (қал В) басшы (башшы)
С) құлын (құлұн) Д) жаздыгүні (жаздың күні)
11.Жуан үндесімді көрсетіңіз.
А) оқуды В) үйге
С) қызметте Д) аға-іні
12. Сөздің соңындағы қосарлы дыбыстарға қосымшаның дұрыс жалғанған түрін көрсетіңіз.
А) Томскідан В) трестың
С) фактісі Д) паркта
13. Қос дыбысты таңбалайтын әріптер?
А) я, ю, е; В) я, ө, у; С) у, и, щ; Д) ө, е, о.
14. «ИЩАЙ» сөзі қалай айтылыды?
А) ійішшай; В) ыйшшай;
С) йшшай; Д) ыйшай.
15. «Не істе» қай дыбыс түсіріліп айтылады?
А) ештеңе де түсірілмейді. В) дауысты дыбысы түсіріліп айтылады;
С) соңғы буындағы е дауысты дыбысы ; Д) і дыбысы түсіріліп айтылады
16. Академик В.В.Виноградов сөз мағынасын қалай топтастырды?
А. метафора, метонимия, синекдоха
В. омоним, синоним, антоним
С. тура мағына, фразалық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына
Д. табу, синекдоха
17. Арнаулы сөздер деп нені айтамыз?
А. терминдер В. кәсіби сөздер
С. жаргон сөздер Д. диалект сөздер
18. Мына сөздердің ішінде қайсысы адам мен жануарға ортақ?
А. жуандау, семіру В. семіру
С. майлану, толу Д. тойыну
19. Сөздің айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты заттық ұғымды білдіретін мағынасы қалай аталады?
А. негізгі мағына В. тура мағына
С. синтаксистік байлаулы мағына Д. жоғарыдағының екеуі
20. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта
А. тұрақты метафора В. тілдік метафора
С. жеке қолданыстағы метафора Д. метонимия
21. Қазақ лексикасының тума сөздері қандай тәсілдер арқылы жасалады?
А. семантикалық, грамматикалық В. фразеологиялық тәсіл
С. морфологиялық, синтаксистік Д. этимологиялық, семосиологиялық
22. Көп мағынаға ие бола алатын сөз
А. ол В. жүзін
С. араның Д. қайрады
23. Сөздің атауыш мағынасы қалай аталады?
А. номинативті мағына В. коммуникативті мағына
С. фразеологиялық мағына Д. синтаксистік шартты мағына
24. Сөздің белгілі ғана сөздермен тіркесу арқылы, яғни фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы
А. сөздің еркін мағынасы В. терминдік мағына
С. поэтикалық мағына Д. фразеологиялық байлаулы мағына
25. Көп мағыналы сөз. Полисемантизм.
А. Арлы адамды қудалауға болар, ал арлылығынан айыру мүмкін емес.
В. Көзіңді көзіне беттетпейтін, күннің өткір сәулесі аппақ қарға шағылысқанда жарқ-жұрқ етеді.
С. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша адам кем дегенде жүз-жүз елу жыл жасауы керек.
Д. Түс көріп жатыр екем, оянсам, түс мезгілі болып қалыпты.
26. Сөз мағынасы. Фразеологиялық байлаулы мағына
А. Ағын судың толқынындай үміт, тілек толқыны ілгері қарай әкеліп барады.
В. Жазуыңның керегі жоқ, балалардың тілін сындырып намаздығын үйретсең жетеді.
С. Көкжиекте аққудай тізілген ақша бұлттары шуақтап жатқан тәрізді қозғалмайды.
Д. Қазақстан даласы /ұлы ақын Жамбыл айтқандай/ сұлулықтың, молшылық пен бақыттың қайнар бұлағы екенін жігіттерге түсіндіруім керек.
27. Табу сөзі бар сөйлем.
А. Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, Шырайлымды алып барып көрсетпекші болдық қой.
В. Биіктен қиян алыс көкжиекке қадалып қараған Абай көзі - ой көзі сол кемені оң сапарға ұзатып, талмастан телміре қарап қалыпты.
С. Өзі сері, әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де - бірі кәрі, бірі жас бала - қызыға да, тамашалай да қараған.
Д. Миды жейтін қиыншылықтарын былай қойғанда, сол кездегі ауылдың ұғымында мен көп білім біліп қалдым.
28. Эмоционалды сөздері бар сөйлемді көрсетіңіз.
А. Театр фестиваліне қатысушы қойылымдардың көбі Абай өлеңдері мен Әуезов шығармаларын арқау еткен.
В. Бейнелеу өнеріне етене жақындық - әр кезеңдегі сөз зергерлеріне тән құбылыс.
С. Болашақта тексерушілер, біз осы арпалыста жүргенде, қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.
Д. Адам баласы жасаған байлық атаулының ең ардақтысы адамгершілік қасиеттер болып табылады.
29. Эвфемизм қолданылған қатар
А. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен бүкіл дүние жүзілік қоғамдастық пен достықты нығайту ниетіне негізделген салмақты да жауапты саясат жүргізіп отыр.
В. Осы сарын, әуен, осы күйлер - сансыз ғасырдың шежіресі, сыры, кейінгіге жалғасқан жүрек лүпілі, қара қылды қақ жарған әділет лебізі.
С. Жер үстінің барлық ауасын ішіңе бір жұтып шығарғың келгендей боп, кеудеңді кере деміңді ұзақ аласың...
Д. Жаман хабар жатқан ба, жоғалғаны қолды болып шықты.
30. Синекдоха қолданылған қатарды көрсетіңіз.
А. Осылай Оразбайдың қысырының қымызына желіктірген қолы ит қорлықты көріп, қан жоса боп қаңғып қайтты.
В. Бұл дүниелерді біз қаршадайымызда оқып білген Гомер дүниесінен, Сервантес дүниесінен кем білмеуге міндеттіміз.
С. Әл-Фарабидің артында қалған ғылыми мұрасы өте мол: жүз алпысқа жуық трактат жазған.
Д. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңесе алмайды, ол - өле-өлгенше суынбайтын махаббат.


Құрастырған: Қ.Ғ.Аронов


Кафедра меңгерушісі: И.С.Сұлтаниязова



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет