Филология Кафедра: Қазақ филологиясы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



бет4/10
Дата02.06.2023
өлшемі92,22 Kb.
#97885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Факультет: Филология


Кафедра: Қазақ филологиясы
Шифр, БББ: 6В01701 «қазақ тілі мен әдебиеті»,
6В02301 «Филология: қазақ филологиясы»
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы


4- нұсқа

1. Қазақ тілінде метафораны әдейі зерттеген кім?


А. Б.Хасанов В. М.Балақаев
С. Ж.Мусин Д. Н.Сауранбаев
2. Қазақ тілінде сөз тудырудың /туынды сөздер жасалуының/ тәсілдері қандай?
А. метафора, метонимия, синекдоха
В. лексикалық, фонетикалық, семантикалық тәсілдер
С. табу, эвфемизм, дисфемизм
Д. морфологиялық, синтаксистік, лексика-семантикалық тәсілдер
3. Қазақ тіліндегі әдеби сөздер тобы
А. неологизмдер, интернационалдық сөздер, полисемантизмдер
В. эмоционалды-экспрессивті сөздер, эвфемизмдер, жалпыхалықтық сөздер
С. кәсіби сөздер, термин сөздер, табу сөздер
Д. көнерген сөздер
4. Эвфемизм
А. Бізде, шет елде кең тарап дүние жүзіне танылды дерлік бірінші еңбек - Мұхтар Әуезовтің «Абай»романы
В. Мәлік Ғабдуллин - қаһармандық, батырлық іс-қимылдарымен, терең ғылыми ізденістерімен, ұстаздық ерен еңбегімен, қаламгерлік қабілет дарынымен, жан дүниесінің мөлдір тазалығымен өзгешеленетін тарихи тұлға.
С. Дағды бойынша мезгіл өтіп, уақыт алыстаған сайын бұл оқиғаның айналасына талай қоспа әңгіме, жаңсақ жамаулар да жабысады.
Д. Еңбек тіршіліктің шамшырағына май құяды, ал оны жағатын - ой.
5. Метафора.
А. Қазақ музыкасының жұлдыздары Сейтек пен Сүгірдің, Біржан мен Абайдың, Жамбыл мен Динаның, Әміре мен Елубайдың домбыралары, Ықылас пен Дәулеткерейдің қобызы, Шашубай мен Нартайдың сырнайы қойылған зал жұртшылықтың айрықша ықыласына ие.
В. қаңтар айының ұзақ таңы енді-енді қылаң беріп, құлан иектеніп келеді.
С. Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.
Д. Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ
6. Кәсіби сөздер
А. Елдің елдігін сақтайтын - әдебиеті, тарихы, жол-жорасы
В. Қалың тал сайын бір миясар: біреуі - зергер, біреуі - ұста, біреуі - ісмер.
С. Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ жеңіске жетесіз.
Д. Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын.
7. Сөздің синтаксистік шартты мағынасы
А. Мынау толқып жатқан Арал теңізі - алтын да күміс балыққа толы күміс қазан
В. Ақылдылық пен сезімталдық әдептілікпен ұштасып жатады
С. Бар қабілетіңді пайдалы іске жұмса.
Д. Мейлінше қиын құбылыстардың мәнін ғажап түрде дәл білдіретін бейнелі сөздер болады
8. Табу.
А. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам.
В. Жан-жақты білім алудың асқан құралы - кітап оқу
С. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!
Д. Абайдың Қамқа деген бір жеңгесі: «Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау!»- деп мойнынан құшақтап алып бетінен сүйді.
9. Экспрессивті сөздер.
А. Адамдар, заттар, құбылыстар - бәрі де тәрбиелейді, алайда нағыз тәрбиеші және ұзақ тәрбиелейтін де адамдар ғана.
В. Қиқу салып құзға ұшқан
Құздан суық мұзға ұшқан
Мұздан суық бұлтқа ұшқан
Бұлттан биік көкке ұшқан
Қарулы қыран кім еді?
С. Ол - ауылдың қадірменді адамы, жас шопандардың ақылшысы, ұстазы
Д. Адам жаны ізгілікті, жылылықты тілейді.
10. Эвфемизм.
А. Бұлардан бұрынғы балаларына бұл дүниеден ұзақ дәм-тұз бұйырмаған, жастайынан шетіней берген.
В. Белгілі деңгейдегі ой мәдениетінсіз терең, нәзік сезімнің болуы мүмкін емес.
С. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
Д. Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен өзіңізге ең қажеттісін таңдап алыңыздар
11. Синекдоха
А. Тамақ астындағы дөңгелек аузын тамсана, балғын қызыл мұрттарын мазасыз қимылдатады
В. Майлаңқы сақал-мұрттар бір-бір желпілдесіп қалды.
С. Ойыма келген нәрселерді жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын.
Д. Қазақстанда бүркіт ұясы көбенесе Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау, Шыңғыс сілемді тауларда, орманды алқаптарда, әсіресе қарағайлы, үйеңкілі жерлерде кездеседі.
12. Метафора
А. Шоқан Уәлиханов - қазақ халқының мақтанышы болған қоғам қайраткері, саяхатшы, ғалым
В. Бельгия сияқты бес мемлекет еркін сыйып кететін біздің өлкенің табиғаты сұлу, жері бай.
С. Республика халықтарының достығын, ынтымақтастығын нығайтып, бірлігін сақтасақ, өз еңбегіңізбен тұрмыс жағдайымызды жақсарта аламыз.
Д. Кейде Көкшенің ең биік өркешіне шығып, жан-жағыңа қарасаң, Бурабайдың іші-сырты, айналасы тостағанға құйған қымыздай дөңгеленіп жатқан қаптаған көл.
13. Эмоционалды сөздер.
А. Таң сәріде, өң мен түс арасында, қапыда қысқа қайырылған ғажайып әндей аһ ұрғызған келте ғұмыры неткен бай еді және ол қандай көркем, сұлу әрі қызықты болған, ұлы табиғат оны жан-жақты ғып бір адамның болмысына қалай ғана сыйғызған десеңізші!
В. Атақты композитор В.А.Моцарт 5 жасында кішігірім музыкалық жазуға кірісті, ал 8 жасқа толғанда симфонияларын, 11 жаста опера жазды.
С. Жазушының жалғыз ғана ұстазы бар: ол оның оқушылары
Д. Ұлылардың бәрі де ұстаздардан оқып шыққандар.
14. Академик В.В.Виноградов сөз мағынасын нешеге бөліп қарастырады?
А. 5 В. 4 С. 3 Д. 2
15. Беріспейсің, бермейсің,
Жауға алмас сермейсің
Қызыл әскер балаларым,- деген мысалдағы “алмас” сөзі метафораның қай түріне жатады?
А. тұрақты метафора В. тілдік метафора
С. метонимия Д. жеке қолданыстағы метафора
16. Үнді дауыссыздардың ішінен қайсысы айтылымда өзгеріп айтылады?
А) н , м; В) у, м; С) н; Д) н , ң;
17. Жуан еріндік үндесәуезбен айтылатын сөздер?
А) көл, дау, дәу В) тас, қал, қала;
С) ұра, он, ұн Д) күш, жуын, ұра
18. «Ы» дыбысыныңәлсіз айтылатын сөзі?
А) қазына; В) ыдыс;
С) қыз; Д) ылаж;
19. Айтылымы мен жазылымы сай келмей тұрған сөздер қатарын көрсет?
А) үлкен, өте, бала; В) сен, келешек, ол;
С) ділмар, құдірет, мінәжат; Д) жанбады, түнгі, тас.
20. Тоғыспалы ықпал байқалатын қатарды тап
А) түнгі сарын, екі қатар
В) бұрыс жер, жан қайғы, қос жұлдыз;
С) дөңгелек үстел, жайдақ жер;
Д) екі ара, жаңа ай, жеті ата;
21. Сегіз буынмен айтылатын сөзді т/з?
А) буынаяқтылардың; В) буынып-түйініп;
С) бадыраюына Д) бүкіл дүниежүзілік;
22. Буын мен сөзде тек еріндік үндесәуезбен айтылатын дауыссыз?
А) у В) ш
С) й Д) ң
23. Ерін үндестігімен айтылатын сөзді к/з?
А) күнә; В) ұшақ;
С) көйлек; Д) тұман.
24. «Бөлшек-бөлшек» сөзін айтуда байқалатын дыбыстыққұбылыс?
А) ерін үндестігі; В) тоғыспалы ықпал;
С) ерін үндестігі және ілгерінді ықпал; Д) ілгерінді ықпал;
25. Қазақ сөздерінің алғашқы буынында ғана келетін дауысты дыбыс ?
А) ә В) е С) а Д) о
26. Ассимиляция -
А) дауысты және дауыссыз дыбыстардыңүйлесуі;
В) дауыссыз дыбыстардыңөзара үйлесуі;
С) дауысты дыбыстардыңүйлесуі;
Д) қатаң және ұяң дыбыстардыңүйлесуі;
27. нағашы аға (нағашаға) - қандай құбылысқа ұшыраған?
А) элизия; В) аферезис;
С) эпитеза; Д) эпентеза;
28. Эпитезаны тап?
А) минута-минут; В) не ішсең -нешесің
С) киоск-киоскі; Д) Сары ағаш-Сарағаш.
29. Қазіргі мектептерде оқытылатын фонетика қай фонетикаға жатады?
А) үндесім, айтылым, естілім, жазылым фонетикасына
В) тарихи фонетикаға;
С) эксперименттік фонетикаға;
Д) сипаттамалы фонетикаға; .
30. Дифференция қай тілден енген, қандай мағына береді?
А) қазақ, қосынды;
В) грек, айырым;
С) латын, айырым;
Д) неміс, қосынды.


Құрастырған: Қ.Ғ.Аронов


Кафедра меңгерушісі: И.С.Сұлтаниязова


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет