Филология Кафедра: Қазақ филологиясы



бет8/26
Дата04.01.2023
өлшемі90,57 Kb.
#60388
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Емтихан билеті №6

  1. Ауызша тіл мен жазба тіл арасындағы қатынас туралы зерттеушілердің пікірі

Жауабы:
Фердинанд де Соссюр жазудың ауызша тілді көшіре беру сипатынан өзге бағыт алатынын аңдады. Ірі теоретиктің тіл мен сөз дихотомиясы жазу мен тілдің, жазу мен ауызша тілдің ара- сын жаңа қырынан саралайтын үрдістердің басталуына түрткі болды. Тілдік жүйеге енетін бірліктер алдымен сөйленісте пай- да болып, қызметі сараланып, тұрақты нормаға айналғанша өмір сүреді, ал тіл осы бірліктерді бекітеді.
Тіл (languа) – индивид санасында сақталған ғажайыптардың қоры, көпшіліктің, тілдік ұжымның санасында орналасқан пас- сив грамматикалық жүйе, сөз – (langage) жеке индивидтердің қолдануындағы белсенді (актив) жүйе; сөйленістен екшелген, сөйлеушілердің жанында қалатын тілдік әрекеттің бөлігі ғана тіл болып табылады деді ғалым.
Ф. де Соссюрдің сөйленіс, сөзге (речь) қарағанда тіл табиғатын барынша танытатын анықтауларынан кейін, тіл ғылымының негізгі зерттеу нысаны жазба мәтін деректері болып келгеннен кейін жазу мен тіл бірдеңгейде танылды.
И.А.Бодуэн де Куртенэнің жазу теориясына қатысты еңбектеріне (Об отношении русского письма к русскому язы- ку” (1912), “Знаки препинания” (1913), “К теории” “слова как такового” и “Буквы как таковой” (1914)) көз жүгірте отырып, ғалымның жазуды психологиялық негізге табан тіреп, зерттеу қажеттілігін айтқанын көреміз. Себебі, ғалымның ойынша, жазу мен тіл екі басқа дүние, бір-біріне сәйкеспейтін жүйелер: жазу оптика немесе геометрияның пәні болса, дыбыс – жалпы акустиканың пәні. Екі құрылымды осылай байланыссыз алсақ, олардың арасында ешқандай қиысатын сәйкестіктер болмайды. Сонда ауызша тіл мен жазудың байланысы адам психикасында жүзеге асады.
Тек адам санасы арқылы ауызша тіл жазу жүйесіне, жазба тілауызша тілге айнала алады. Бодуэн де Куртене жазба тілдің дербестігін алғаш айтқан ғалымның бірі болады. Алайда ғалым жазба тілдің ойлаумен тікелей байланысатынына күмәнмен қарады: “Айтылатын-естілетін тіл жазылатын- оқылатын тіл-ден мүлде дербес күйде пайда болса, жазылатын- оқылатын тіл алдыңғымен байланыста ғана мағыналы болады» деген. Ғалым әріп пен дыбысты, жазба тілмен ауызша тілді терминологиясы бойынша қатаң айыруды талап еткен. Тілдік ойлаудың бір түрі мен екіншісін, терминдерін араластырып қолдануға қарсы бол-ды.
Л.В.Щерба ұстазы Б.Куртэненің ізімен тіл білімінің негізгі нысаны жазба тілемес, ауызша тіл болу керек деп, әу бастан жаз- ба тілден ауызша тілді айырып алу керектігін ескертті. Өйткені жазу консервативті дүние, ол ауызша тілге икемделмей сол күйі қалып отырады да, екеуінің арасында сәйкессіздік пайда болады. Ол сәйкессіздік грамматика саласында көрінеді. Дұрыс жазуды меңгеру үшін, жазба тілдің грамматикасын білу керек болып шығады деді ғалым. Сондықтан жазба тілдегі морфологиялық формаларды ауызша тіл формалары етіп түсіндірудің қателігін көрсетті. Егер ауызша тілді сол қалпында жазуға түсірсек біз, фонетика, морфология, синтаксис құрылымдарынан қанша қате жібергенімізді көрер едік, сөзінің жазба нұсқасын оқыған адам “қалай ғана қате жібергенмін” деп таңғалар еді дейді ғалым. «Бұл факт барлық қателердің әлеуметтік негізі бар екенін, ауыз-ша тілдің жүйесінде бар екенін көрсетеді» деген. “Егер қандай да бір грамматиканы грамматика үшін зерттеймін десек, онда тек ауызша сөйленген сөздің грамматикасын зертеу керек...
Жазба тіл қандай да бір деңгейде өлі тіл болып табылады. Оны бізге мектепте зорлықпен үйретеді» деп, оқулықтардағы тілдік материал деп түсіндіретініміз жасанды тіл деді.
Сонымен, жазудың ауызша тілден ерекшелігін айқындаған ғалымдардың көш басында Ф.де Соссюр, Б.де Куртенэ, В.В.Щерба тұрды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет