Филология Кафедра: Қазақ филологиясы


Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: жәдид жүйесі



бет10/26
Дата04.01.2023
өлшемі90,57 Kb.
#60388
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
қазақ жазуының тарихы 1-10билет

Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: жәдид жүйесі.

Жауабы:
Араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес келе бастаған, демократияланған түрі – жәдид деп аталады. Бұл жазу реформасы Нобель сыйлығының иегері, Қырым татары И.Гаспыралының жаңа әдісті мектебі – усул жадидпен байла-нысты.
Жадид жазу үлгісінің басты ерекшелігіне
- дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, жазуда хатқа түсіп отыруын,
- араб және парсы сөздерінің тілімізге икемделіп өзгеріске ұшыраған түрінің таңбалануын,
- ң дыбысының қадим жазуындағыдай сегіз түрлі таңбалар арқылы емес, екі түрлі таңбамен берілуін,
-араб әліпбиіндегі басы артық таңбалардың қолданылмауын айтуға болады, мысалы, қазақ сөздерін таңбалауда араб әліпби , ظ , ث :жүйесіндегі мына таңбалар қолданылмаған деуге болады Осы айталғандардан қадим жазуының біртіндеп . ذ ,ض жүйелене түсіп жадид кезеңіне өткенін көруге болады.
Кесра, яғни қысқа и арқылы беріліп, жазуда таңбаланған сөздер кездеспейді. Ал даммалы алиф арқылы беріліп харакаты таңбаланған үйнүң – (16No ,1874) كنونني١ деген сөзді кездестірдік. Сөз басында келетін ы, і дауысты дыбыстары жүйелі түрде кесралы алиф арқылы таңбаланған, яғни иа таңбасы арқылы жазу кездеспейді.
Сөз ішінде бір дауыссыз дыбыс қосарланып келсе, біреуі ғана жазылып үстіне «ташдид» белгісі қойылады. «Ташдид» белгісі қойылған сөздер өте сирек ұшырасады. Ташдид арқылы берлі- ,ا َّما)1876–генсөздердіңкөбіарабтілінененгенсөздер:амма ت َّدم)1879,–мәдәт, َّلوا)1876,No9;1879,No8(–ауал,)14No,1879;1No (27No, алла – (1No ,1882) َّهلل ا , руссиа – هي ِّسور , қазақиа
.ى ِّيازق )1876, No2( –
Араб тілінде екі алиф қатар келсе біреуі ғана жазылып үстіне
мадда белгісі қойылады. Ал газетте дыбыстық мәні бар алифтің үстіне ғана мадда белгісі қойылып отырған. Маддалы алифпен сөз басындағы а, ә дауыстылары таңбаланған: алыб – بلآ , әкел
-Дыбыстық мәні жоқ алифке мадда белгісін қою газеттер . ليكآ – де мүлде кездеспейді. Бұл ерекшеліктің қадим жазу жүйесінде толықтай сақталғанын ескерсек, жадид жазу кезеңінде де жалғасын тапқанын көреміз.
Харакаттар дауысты дыбыстарды беруде сирек ұшырасады. О, ө дыбыстары харакатпен емес, тек таңба арқылы жазуда қойылып отырғанын байқаймыз. Бұл жадид жазуының негізгі ерекшеліктерінің бірі, яғни бір дыбысқа бір таңба. Бұл үрдіс араб жазуымен басылып шыққан кітаптарда жүйелене түсіп, ба-сым сипат ала бастайды.
Жадид жазуымен басылып шыққан кітаптардың таңбалану ерекшеліктері:
1. Дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, жазуда хатқа түсіп отырған, араб әліпбиіндегі 28 әріп таңбаларының барлығы дерлік (бір мәтін ішінде) қазақ сөздерін таңбалауда қолданылмаған, жуан сад
әріптері тек жуан дауысты сөздерде ғана таңбаланған.
2. Әр баспаның өзіне тән жазу жүйесі болған. Мысалы, бір баспада көбінесе че (چ) қолданылса, екіншісінде керісінше, шин (ش) таңбаланады. Кей баспада қысаңдар еріндікпен таңбаланса, кейбірінде керісінше жүйелі түрде жазуда таңбаланбай отырған (соңғысы жиі кездеседі).
3. Қадим жазу дәстүрі бойынша дауысты дыбыстардың алды-нан қойылатын үнсіз алиф пен дыбыстық мәні бар маддалы алиф жүйелі түрде сақталып отырады. Бұл араб жазуымен шыққан барлық кітаптарға тән белгі.
4. Араб-парсы сөздері жазуда түп тұлғасын сақтаумен қатар қазақ тілінде икемделген фонетикалық нұсқасы арқылы да бері- ле бастаған.
5. г және ң дыбыстарының таңбасы араб әліпбиінде жоқ болғандықтан да болар, көбінесе ң дыбысы жүйелі түрде түркілік ңе арқылы, г дыбысы жүйелі түрде парсының ге таңбалары арқылы беріліп отырған
6. Түркілік ве таңбасы жүйелі түрде у дыбысын таңбалаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет