Араб графикасына негізделген қазақ жазуы:Қадим жүйесі. «Кирил әліпбиінің қазақ тілі фонологиясына әсері» атты эссе жазыңыз.
Жауабы: Кирилл әліпбиі жалпы бізде 1940 жылдан бастап қазіргі күнге дейін қолданылып келе жатқан орыс графикасының негізіндегі жазу болып саналады. Бұл жазудың ең басты кемшілігі – 42 әріптен құралуында, яғни орыс әріптерінің өзіміздің төл жазудағы дыбыстарымыздан әлдеқайда көп болуында десек болады. Сол үшін де әліпбиді енді-енді оқып бастаған жас бүлшіндеріміз үшін де көп қиындығын әкелді. Егер тек төл жазуымызға негізделген әліпби болған болса, балалар бұл сабақты тез бітерер еді, әрі орыстың біздің тілімізде қолданыла бермейтін әріптерін оқимын, дұрыс айтамын деп қатты терлемес те еді.
Бұл әліпбидегі емленің қиындығына и, ы, э әріптерінің жазылуы, термин сөздердің қолданылуын және жалпы есімдердің жазылуын алып қарауға болады.
Сонымен қатар оқушыларды мектеп кезінен-ақ и,у дыбыстарын бірде дауыссыз , бірде дауысты деп оқытуының өзі осы орыс графикасының негізінде жасалған жазудың кемшілігі деп санаймын.
Бұл әліпбидің негізінде жастардың өзі әр сөзді орыс графикасымен айтуы, яғни өзіміздің төл сөздердің ұмыт қалуы, балалардың орфографиясы мен орфоэпиясының дұрыс қалыптаспауы сияқты кері әсерін тигізіп жатыр. Болашақта латын негізіндегі әліпбиге көшсек те, кирилл жазуымен оқыған бала үшін орыс, шет тілдерден енген сөздерді төл дыбыстарымызбен жазудык қиындық тудырары анық.
Жауабы: Ауызша тіл дегеніміз ішкі сөйлеуді дыбыстау мүшелері арқылы дыбыс толқындарымен сыртқа шығаратын, белгілі бір тілдік таңбаға кодталған, естілетін және айтылатын тілдік жүйе немесе ойдың дыбысталуы, ойдың дыбыстық кодқа айналуы.
Ауызша тіл – уақыт пен кеңістік жағынан мобильді, айтылатын сөзді сол мезетте сол қалпында қайталау мүмкіндігі жоқ тіл.
Ауызша тілде ең алдымен, сөз экономиясы болады. Ол: коммуниканттардың паралингвистикалық, экстралингвистика- лық, суперсегментті тәсілдер қорына: интонация, жест, тон, темп, мимика, затты көрсете алу, имплицитті семантика, фонға ие болуынан;
- конситуация коммуникацияның толық мүшесі болуынан,
қоғамдық-әлеуметтік контекстің болуынан; - осыған байланысты сөздердің
байланысының күштілігі, морфологиялық шылауларсыз байланыса беруінен;
- аналитизм, инверсияның күштілігінен;
семантикалық формасыз,
- коммуниканттардың санасында вербалданбайтын жасырын мазмұнның болуынан шығады.
Ауызша тілдің көбіне екі жақты болатыны, яғни коммуни- канттардың бір-бірін көріп отыруы, мобильділік, қайта реак- ция жасау мүмкіндігі оның құрылымына әсер етеді. Сондықтан бір сарынды баяндау болмайды, сөз тіркестері қарапайым, коммуникантқа әсер етуші функциясы динамикалық түрде ашық болады, автокоментатор, сөз қайталау, хезитация жиі пайдаланылады.