4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері. Қазақ тілі оқыту
мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның
негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің
өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен
жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне
көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша
тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылардың тіл мәдениетін
қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын
қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін
қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты
дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру
актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу;
оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында
еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы
еңбекке баулу .
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген
қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес,
ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік
проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне,
құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл
фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
1) Толық сауатты адамдар даярлау;
2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен
жұмыс істеу дағдыларын дамыту .
Практикалық бағыт бойынша:
1.
оқушының сауаттылыгын арттыру, әдеби тіл нормаларын меңгеру;
2.
тіл мәдениетін қалыптастыру, ауызекі сойлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің
талаптарына сай дағдыларды жетілдіру;
3.
әр сабаққа бейнелі мағынадағы, фразеологиялық байлаулы мағынадағы
бес-алты сөзді меңгеру.
Қандай адамды толық сауатты дейміз?
Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі
бір жиынтығын меңгерген адамды; ана тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана
алатындай болып қаруланған адамды; әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп
оқудың дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық тұрғыда
ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп
есептейміз.
Қазақ тілін оқыту міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру
жағдайлары, қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына
сияқты шарттарға (мектептің жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей
байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы
дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін
оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті құралдардың болуына байланысты.
Мұндай құралдардың қатарына мыналар жатады:
а) бағдарламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны мен
көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді;
ә) оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің
жәрдемімен оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін
сабақта және үйде пайдаланады;
б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп жасалған пәнді
оқыту әдістемесі.
5. Қазақ тілі және пәнаралық байланыс. Қазақ тілі мен басқа пәндер
арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ
тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс
көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту
жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ.
Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту
жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың
сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар
жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.)
жол ашылады. Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен,
грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде
кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік
туады.
Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас
грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы
ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және
шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге
жәрдемдеседі. Тұтас алғанда, барлық пән, жекелей алғанда әрбір пән
оқушылардың сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелік дағдылардың
бірыңғай сөйлеу режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді,
сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады. Ауызша жауап, әңгіме, айтыс - осының
бәрі ауызша және жазбаша тілді дамытуға толық әрі нақты жауап беруге,
оқушылардың жинақтау дағдыларын, әдеби тілмен дұрыс сөйлеу, ақыл-ойын
дамытуға негіз болады. Бұл іс тек ана тілі сабақтарында ғана емес, әдебиет,
тарих, география, математика, физика, жаратылыстану т.б. пәндердің
сабақтарында да жүзеге асырылып отырады.
Пәнаралық байланыс. Қазақ әдебиеті 1) тәрбиелік мақсатта. Ол үшін;
а) тілдік фактілерге мысал ретінде әдебиет сабақтарында өтілген көркем
шығарма мәтіндерін пайдалану, ә) жеке сөздердің, грамматикалық
формалардың, синтаксистік құрылымдардың, сөйлемдегі байланыс тәсілдері
мен мәтіннің бөліктеріне байқау жүргізу. 2) тіл ұстарту екі пәнге де ортақ
(мазмұндама, шығарма жазуға, оқығанын өз сөзімен айтып беруге үйрету). Орыс
тілі – шет тілі 1. Орыс тіліндегі көптеген ұғымдарды меңгеруде ана тілі
сабақтарында оқушылардың алған білімдері тірек болады. 2. Термин ортақтығы
бар, фонетика, алфавит, морфология, синтаксис, орфография, пунктуация,
орфоэпия. Тарих 1) Тәрбиелік; танымдық; 2) терминдер; 3) тарихи даталар.
Жаратылыстану пәндері 1) танымдық, 2) терминдер, 3) тәрбиелік.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны. Қандай?
2. Қазақ тілін зерттеу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы туралы не
айтасыз?
3. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне тоқталыңыз.
5. Қазақ тілі және пәнаралық ?
№ 2 дәріс тақырыбы. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі.
Негізгі сұрақтары:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлері.
2. Кітаппен жұмыс әдісі.
3. Көрнекілік әдіс.
4. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі.
5. Жаттығу әдісі.
Қысқаша мазмұны.
1. Қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлері Оқыту әдістемесі -
педагогиканың күрделі саласының бірі - дидактика тарауында қаралады.
Дидактика /оқыту теориясы/ гректің didaktikos - оқытамын деген сөзінен
шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оқу процесінің зандылықтарын,
принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді.
Ә.Исабаевтың "Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері" деген 1993
жылғы еңбегінде қазақ тілінен білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету
әдістері, теориялық жақтан үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету
әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады.
Оқытудың теориясын зерттеген ғалымдар ғылыми еңбектерінде оқыту
әдістерінің анықтамасын былай берген. И.Д.Зверев: "Оқыту әдістері дегеніміз -
мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары", -
десе, Ю.К.Бабанский: "Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың
өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру", - дейді.
Д.Әлімжанов, Ы.Маманов өз еңбектерінде: " Қазақ тілін оқыту әдістемесі -
казақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына
негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән", - деген.
Профессор Ә.Исабаев: "Қазақ тілінен білім беру әдістері сан алуан. Осы
әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден,
оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін
жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы
жеңілдейді.
Оқушылар тілді практикалық-теориялық және теориялық-практикалық
жағынан меңгереді.
Қазақ тілінен білім беру әдістерін топтастыру әдістемесінің соңғы
жетістіктеріне негізделеді", - дейді. Нұржанова Ж. өзінің «Қазақ тілін тиімді
оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге
жіктейді: 1. Түсіндіру әдісі. Бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгіме,
сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.
2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау -
анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б.
жұмыстар.
3. Көрнекілік әдіс, экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану
т.б.
4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс:
экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен
жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі: кодоскоп, эпидоскоп, компьютермен жұмыс,
т.б.
5. Жаттығу әдісі, ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен
жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін
пайдалану жұмысы.
6. Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша
берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті - ауызша баяндаудан
басталады. Мұғалімнің оқушыларға жаңа білімді баяндап айтып беруін - ауызша
баяндау әдісі дейміз. Ауызша баяндау әдісі оқушылардың жас шамасына қарай,
кысқа, не ұзақ баяндалуы мүмкін. Мұғалім күні бұрын өзінің баяндайтын сөзін
ойланып алуы керек, егер бұрын баяндау жолына ысылмаған болса,
мазмұндаманың жобасын жазып алғаны дұрыс. Ауызша баяндап, мазмұндап
берудің үш түрі бар: әңгіме әдісі, түсіндіру /объяснение/, лекция түрі.
7. Әңгіме әдісі - жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе
сұрақ-жауап әдісі.
Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге,
анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу, не жазған авторлардан
бастап әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Оқушыларға сол
материалды түсінікті, айқын, анық тілмен жеткізе отырып мазмұны баяндалады.
Орта жастағы оқушы 10 минут, жоғары сынып оқушыларына 15 минуттей
уақыт ішінде әңгіме сұрақ-жауап айтылады.
Әңгіме әдісі - көбіне сұрақ-жауап арқылы диалогтық сөйлеу формасында
жүреді. Мысалы, қазақ тілінен "сөз жасам", "сөз тіркестерін" өткенде,
оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап
қайтарғызу, жауаптарының дұрыс-бұрыстығын оқушылардан сұрап түзеттіру
арқылы жүргізіледі.
Әңгімелесу түрлері жаңа материалды түсін-діргенде, білім жүйесін
әңгімелеп, білімді қорытындылағанда, ауызша, жазбаша жаттығуларды
тексергенде, өткен материалдарды қайталағанда, баланың оқып білгенін, саналы
түрде меңгерген сәттерін білу үшін жүргізіледі.
Әңгіме әдісін жақсы ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Оқушылардың білімді түсініп, сабаққа белсенді қатысуы үшін әңгіменің
эвристикалық түрі кеңінен қолданылды. (Эврико - грек сөзі - табамын, ашамын
деген ұғымды береді). Қазіргі уақытта әр тақырыптың ережесін проблемалық
ситуация туғыза отырып, оқушыға таптыру әдісі кең өріс алуда.
Әңгіменің нәтижелі болуы - сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге
байланысты. Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып
жауап бере алмайды.
Оқушы қиналған кезде жетелеп сұрақтар беру мұғалімнің іскерлігін
көрсетеді.
8.Түсіндіру әдісі - қазақ тілінен берілетін белгілі бір тақырыпты
түсіндіруде мұғалім көрнекі құрал, таблица, т.б. құралдарды пайдалана отырып,
сабақтың мазмұнын түсіндіреді. Түсіндіру барысында оқушылардың назарын
аудара отырып, әр түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып қызықты түсіңдірсе, оқушы сол
тақырыпты ынталы түрде тыңдай отырып, сол проблемалық мәселені өздері
шешуге талаптанады. Мысалы: 6-сыныпқа қазақ тілінен зат есім, сын есім, сан
есімді
түсіндіргенде
сұрақ-жауап
арқылы
ережені,
анықтамаларды
оқушылардың өздеріне құратуға болады. Дәріс - жоғарғы сыныптардың
оқушыларына қазақ тілінен факультативтік сабақтарда, 9-сыныпта қазақ тілі
сабағында жүреді. Бағдарламада берілген тақырыптарды түсіндіруде лекция
әдісін пайдаланады. 8-9 сыныпқа 10-15 минут, 10-11 факультатив сабақтарында
15-20
минуттік лекция оқылады. Мысалы: 8-сыныпта «Қазақ тілі»
С.Аманжолов, А.Әбілқаев, А. Аманжолов жазған оқулығының /Алматы,
"Рауан"; 1993 жыл/ 9-бетінде «Тіл мәдениеті» деген тақырып бар. Онда:
«Мәтінді оқып шығып, тіл мәдениеті жайында айтылған аталы сөздің мәніне
терең бойлаңдар. Тіл мәдениетін фонетикадан, лексикадан және грамматикадан
алған білімдеріңнің қандай қатысы бар екендігі жөнінде өзара пікір
алысасыздар, - деп келеді де мұғалім: Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден
басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам
мәдениетінің алғы шарты дұрыс сөйлей білу. Сөйлей білу де өнер. Тілін
білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп, күйдіреді, сүйсіндірем деп
сүріңдіреді. Білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп
кетіреді, жұбатам деп жылатады т.б.», - деп, лекцияны жалғастырып оқи береді.
Сөйтіп, мектеп лекциясы жай темпте, көбіне қазақ тілінен өткен материалдарды
қайталауда, не соған қосымша ретінде, не күрделі түрде лекция оқылуы арқылы
тақырыпқа түсінік беріледі.
2. Кітаппен жұмыс әдісі Оқушыларға берілетін теориялық білім оқулық
пен оқу құралдары бойынша жеткізіледі. Бұл құралдар әрбір сыныптарға
арналған оқу бағдарламаларына негізделіп жасалады.
Мұғалім қазақ тіліне арналған материалдардың ерекшеліктерімен бірге
оларға байланысты берілетін анықтамалар мен ережелерді оқытып, түрлі
жаттығу жұмыстарын оқулық пен көмекші құралдар негізінде іске асырады.
Кітаппен жұмыс істеу әдісі сабақтың барлық кезеңінде қолданылады.
Себебі білі оқушылардың тілдік құбылыстарды бақылауы арқылы немесе
мұғалімнің сөзі арқылы ғана емес, басқа әдістер арқылы да меңгерілетіні белгілі.
Оқушыларға қазақ тілінен білім мазмұнын игеруіне оқулық пен көмекші
оқу құралдары, ғылыми көпшілік әдебиет, журнал мен газет материалдарының
мәні зор. Мұғалімнің түсіндіруі мен жаттығу жұмыстары кітапқа сүйенгенде
ғана нәтижелі болады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға кітпаты пайдалануды
үнемі үйретіп отыруы керек.
Мұғалім ережені түсіндіріп болып, оқушылардың сұрауына жауап берген
соң, оқулықты алдырып, өтілген материалды кітаптан оқып шығуды тапсырады.
Мұндай жағдайда көбіне ережелерді оқу ғана тапсырылады, кейде түсінігін оқу
да талап етіледі. Содан кейін жаңа материалдарға байланысты мұғалімнің
қойған сұрауларына жауап қайтарады. Көбіне мұғалім сұрақтарды жаттығуды
орындатып болып та қояды. Жаңа материалды пысықтарлық жаттығулар
оқулықтан да, дидактикалық материалдан да болуы мүмкін. Ол мүғалімнің
қалауымен шешіледі.
Мұғалімнің көрсеткен материалын оқушылар өздігінен оқып, жаңа
сабақты өздігінен меңгереді. Кейде сабақтың басында дидактикалық
материалдан жеңіл-желпі тапсырмалар беріліп, сол арқылы жаңа материалды
меңгеруге дайындық жасайды.
Оқулық пен дидактикалық материалдың оқушыларға үйде тигізетін көмегі
мол.
Дегенмен оқушылар оқулыққа тым иек сүйеп алыпжүрмес үшін, оларға
шығармашылық жұмыстар орындату керек. Алдымен оқушы кітпатан оқыған
ережелерін талдап, өз мысалымен дәлелдеп айта алатындай болуы қажет. Сонан
кейін оларға көркем әдебиеттен, газет-журналдан оқып кеуге тапсырмалар
беріледі де, соларда кездескен грамматикалық тұлғаларды ауызша талдау, теріп
жазып, олардың не үшін қолданылғанын біліп келу тапсырылады.
Көркем әдебиет немесе басқа кітаптар мен газет-журналдан
тапсырмаларды сабақ үстінде де орындатуға болады.
Міне, осылайша оқулық пен онан басқа да кітаптарды сабақтың мақсатына
лайықтап, икемдеп пайдалану аса тиімді.
Сонымен, оқулықты және басқа кітап, газет-журналды тиімді пайдалану
арқылы да оқушыларға қазақ тілінен саналы білім беруге, дағдысын
қалыптастыруға болады.
Әрбір сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы - оқушыларға тілден білім
беретін негізгі құралы. Мысалы: А.Ысқақов, К.Аханов, Б.Кәтенбаеваның бірігіп
жазған 5-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқулығы /Қазақстан Республикасы
Білім министрлігі бекіткен. Алматы, "Рауан", 1994 ж./ Қазақ тілінің жаңа
бағдарламасына сай өңделіп, көп өзгеріспен жазылған оқулық. 5-сыныпқа қазақ
тілінен сабақ беретін мұғалім осы оқу-құралымен жұмыс істейді. Осы кітаптың
154-бетіндегі "Болымды етістік пен болымсыз етістікті" түсіндіріп болған соң,
оқушылар кітаптағы ереже таблицамен танысады. Сол сияқты С.Исаев,
К.Назарғалиеваның 6-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқулығы /Алматы, "Рауан",
1994 ж./ оқушыларға қазақ тілінен білім беруде сүйенетін оқу құралы. Мысалы:
сын есімді өтуде /92 бет/, Сан есім /116 бет/, Есімдік /134 бет/. Етістік /167 бет/,
тағы басқа тақырыптарды түсіндіруде, не түсіндіріп болғаннан кейін, пысықтау,
қайталау сәттерінде оқушылар кітабын ашып оқып, жаттығу жұмысын ауызша
не жазбаша орындайды.
Оқушылардың оқу құралымен, не басқа әдеби кітаптармен жұмыс істеуі -
өз бетінше білім алуға, ізденуге бағыт алады. Кейде өз бетінше оқыған
кітаптарынан: жоспар құру, тезис, конспект жасау, т.б, айтылып шығарма, не
мазмұндама жазғызады. Көбіне кітаппен жұмыс істеуде сабақта, сабақтан тыс
кезде оқу құралдарын және жеке шағын мақала, балаларға арналған газет-
журнал материалдары, сөздік, балаларға арналған энциклопедия, т.б. сабақ
тақырыбына байланысты пайдалану үйретіледі. Кітаппен жұмыс істеу,
оқушылардың алған білімін толықтырады, екіншіден, өз бетінше білім алуға
үйретеді. Олардың келешекте мамандық таңдауына да мүмкіндік туғызады.
Мұның бәрі оқытушының үлкен шеберлігі арқылы іске асады.
3. Көрнекілік әдіс. Тілдің грамматикалық құрылысын, оның жекелеген
категорияларын оқушыларға жан-жақты түсіндіруде, тақырыптық, талапқа сай
жасалған көрнекі құралдарды пайдаланудың үлкен маңызы бар.
Қазақ тіліндегі берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен
материалды қайталау, не бекіту, жаттығу жаздыру кезінде пайдаланылған
көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға білімді
қызықты, жалықтырмай игеруге себебін тигізеді.
Білімді игерту үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуда, ғылыми білімді
игеруде, деректерді еске сақтауда көрнекілікті әрбір сабақ үстінде пайдалану
қажет. Мысалы, қазақ тілінен қай сыныпқа арналған оқулықтарында
салыстырмалы түрдегі таблицаларға, таблицаның басқа да түрлеріне кең орын
берілген.
Қазақ тілінің фонетика, морфология, синтаксис, пунктуация бөлімдері
бойынша ғалым-методистер құрастырған таблицаларды мұғалімдер сабақ
процесінде қолданып жүр. Мысалы: Қ.Тұрғанов "Тіл дыбыстары" жайлы,
Б.Кәтенбаеваның "Сөз құрамы", Б.Құлмағамбетованың "Жай сөйлем
синтаксисі", Х.Арғыновтың "Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі" көрнекі құрал,
т.б. таблица, схемалар арқылы оқулықтағы ережелерді, анықтаманы оқушылар
өздігінен салыстырып байытуда.
Кейде оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес келетін
жылжымалы таблица және түсіндірме таблица, перфокарта пайдалану жақсы
нәтиже береді. Бұлар кейбір жазылуы қиын сөздер, сөз тудыру, түрлендіру,
қиын әріптер, буын құрау, т.б, жағдайда қолданылады /Б.Кәтенбаева.
Грамматикалық таблицалар. А.: Мектеп, 1979 ж./ Орыстың ұлы педагогі
К.Д.Ушинский: "Бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады", - дей
келе, күнбе-күн көрнекілікпен жұмыс істеудің жақсы нәтиже беретінін айтады.
Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин: "...шәкірттердің барлық
сезім мүшелерінің - көз, қол, есіту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру
баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттықтыру арқылы жұмыс істеу"
керектігі жайында әдістемелік нұсқау берді.(Ы.Алтынсарин. "Таза бұлақ".
Алматы: Жазушы, 1988 ж., 156 б.). Көрнекіліктің түрлері көп. Оны сабақтың
мазмұнына қарай, мұғалім басшылығымен жүзеге асырылып отырады. Қазақ
тілі сабағында көбірек қолданылатын көрнекіліктер: схемалар, кестелер,
картина, табиғат суреттері, техникалық құралдар, т.б. Қазақ тіліне арналған
кестелер: фонетикалық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық кестелер.
Кестелер бір тақырыпқа арналған, не жинақтау түрінде болуы мүмкін.
4. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі. Мектептерде техникалық
құралдарды оқу-тәрбие жұмысына енгізу 1960-70 жылдары басталды.
Алғашқылардың бірі болып С.И.Архангельский, Н.М.Шахмаев, Т.К.Кирш, тағы
басқалары оқу-тәрбие ісінде техникалық құралды пайдалануға зор мүмкіндіктер
барлығын ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы дәлелдеп берді. Соңғы кезде
біздің елімізде сабақта жаңа технологиямен жұмыс істеу - мысалы,
компьютермен жұмыс істеу де қолға алынуда.
Қазақ тілі сабағы бойынша сабақта техникалық құралдарды пайдалану
жолдарын Б.Құлмағамбетова зерттеп, құнды пікір айтты: "...техникалық
кұралдарды пайдаланып өткізген сабақта оқушылар жалықпай тыңдаған жаңа
оқу материалын қабылдау процесінде олардың әр түрлі сезім мүшелері /көру,
есту, т.б,/ қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы
артып, түсіндірілген материалдардың бәрін қабылдауға мүмкіндік туғызады", -
деді. /Б.Құлмағамбетова
Қазір мектептерде қолданылып жүрген техникалық құралдар интерактивті
тақтамен жұмыс жүргізу.- (эпидоскоп, кодоскоп, магнитофон). Осыларды қазақ
тілі сабағында пайдалана отырып оқыту мұғалімнің уақытын үнемдеп,
оқушыларды білім алуға қызықтыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |