Синонимдік сөздіктермен оқыту мәселесіне тоқталатын болсақ, ғалым
Ф.Ш.Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» атты
еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: «Кез келген тілді алсақ, синонимдер –
сол тілдің сөздік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін байқатар көрсеткіш.
Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем әдебиеттің, өнердің
кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне, күнделікті өміріміздегі
қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына тигізер әсері мол. Осы
тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық-тілдік қарым-қатынаста
атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден, әдеби тілдің жоғары талғамды
болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу тілінің әдеби тіл дәрежесіне
көтерілуіне әсерін тигізеді».
Әрбір адамның көңіл күйіне, көзқарасына, мақсатына сай ойды дәл, әрі
көркем етіп айтуда синонимдер маңызды қызмет атқарады. Осы тұрғыдан
келгенде, сын есім синонимдер эмоционалды сезім-күйлер мен әр түрлі нәзік
реңктерді білдіруде ерекше орын алады. Сын есім синонимдер тілде мынадай
мақсаттар үшін қолданады.
1. Затттар мен құбылыстардың қасиеттерін жан-жақты дәлме-дәл түсіндіру
үшін.
2. Қосымша эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіру үшін.
3. Бір сөзді ретсіз қайталамау үшін.
Бірыңғай синонимдік қатарға енетін сөздердің ұқсас, сәйкес
мағыналылықтан басқа да ерекшеліктері жоқ емес. Жалпы лексикалық
синонимдерді анықтау мәселесінде бір ұғымды білдіре келіп, түрлі
экспрессивтік-стилистикалық бояулар арқылы ажыратылатын, бір сөз табына
енетін тұлғасы әр басқа сөздердің мағыналық ұқсастығы қатар алынғаны жөн.
Синоним сөздердің мағыналық үндестігі оның басқа да белгілері мен
ерекшеліктеріне негіз болады:
1. Синонимдердің лексикалық мағыналары ұқсас, сәйкес болады.
2. Синонимдік қатарға енетін сөздер бір ұғымды білдіреді.
3. Өзара синоним сөздер бір сөз табына жатады.
4. Синонимдер бір-бірінен эмоционалдық реңк пен экспрессивтік мәндер
арқылы ажыратылады.
Синоним сөздер адамның жан дүниесіндегі арпалысты, іс-әрекетпен
байланысты береді. Мұндағы етістік түріндегі синоним сөздер мақал-
мәтелдерде стильдік мағынасы, салмағы басым түрде жұмсалған. Осы мақал-
мәтелдегі «Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре» түрінде айтылған
мақалдың мән-мағынасы айрықша. Себебі, халықта мынадай мақал бар: «Басқа
елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол». Алдыңғысы соңғысының
мағынасымен сабақтас, мазмұндас. Өйткені, кез келген адам, біріншіден, өз
елінің азаматы, сондықтан басқа елге, жерге барып атыңды шығарғанша,
халқыңа адал қызмет етіп, өз жеріңді, өз еліңді дүркірет, шамаң келгенше аз да
болса, өз еліңе қолқабыс тигізу керек мағынасында ұлттық намыс, ұлттық
таным, тәлім-тәрбие деген идеяны меңзейді.
Қазақ тілін оқыту барысында сөйлеу дағдысын қалыптастыру мынадай
салалар бойынша жүргізіледі:
- Сөздік қорын байыту
- Сөйлем құрап үйрету
- Мәтін түзе білуге жаттықтыру
- Стильдік қателерді түзету және болдырмау
Сөздік қорды дамыту жұмысы екі бағытта қарастырылады: немен дамыту
және қай деңгейде дамыту. Немен дамыту дегенде, баланы сөйлеуге үйрету
үшін қандай материалдар беру, нені оқытып, қандай лексикалық дағдылар
қалыптастыру қажет деген мәселелер күн тәртібіне қойылады
Лексикалық минимум арқылы сөздік қорды байыту мына бағыттарда
жүргізіледі:
- жаңа сөз игерту арқылы;
- бұрын игерген, бірақ қолданбайтын сөзді белсенді қолдана білуге
жаттықтыру;
-
өздердің қолданудағы ауыспалы мәнін, стильдік реңін, көркемдегіш
-
және бейнелегіш құрал ретінде ерекшеліктерін игеріп, пайдалана білуге
жаттықтыру.
- Сирек қолданылатын сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру;
- Ол үшін мынадай бағытта жұмыстар жүргізіледі:
- жаңа сөздің мағынасын, ұғымын меңгерту;
- жаңа сөздің қолданылуын игерту мен оны қолдану дағдысын
қалыптастыру
-
Жиілік минимум сөздер арқылы оқушының тілін дамытудың өзіндік
тиімді жолдары мен әдіс- тәсілдері бар.
Сөздерді топтастырып беруде сөз тіркесі және сөйлем ішінде өзара
мағыналық байланыс жолын аңғартумен байланысты мағынаны игерту
көзделеді. Өйткені қандай сөз болмасын оның мағынасы қандай да бір
сөзбен, ұғыммен байланыста қолдануда анықталады. Мысалы, есік сөзі ашу,
жабу етістігімен байланыста айтылғанмен, ұшу, жүру, кету, келу сияқты
қозғалысты білдіретін сөздермен байланыспайды.
Сөздердің мағыналарын игертуде түсіндіру әдісі қолданылады.
а) Кіші жастағы оқушыларға жаңа сөздің мағынасын түсіндірудің ең қарапайым
тәсілдерінің бірі – сол сөз бейнелейтін заттың не құбылыстың өзін көрсету.
Оқушыларды бақша, бауға т.б. апарып, көкөніс, жеміс түрлерімен және оларды
егіп, баптау жолымен таныстыруға болады (бағбан, жүйек т.б.)
ә) Зат не құбылыстың суретін, макетін, қатырылған тұлыбын көрсетіп түсіндіру
тәсілі. Жыртқыш құстар (бүркіт, лашын, сұңқар, қаршыға, қырғи, күйкентай
т.б.) жөнінде түсінік бергенде әрқайсысының суретін көрсете отырып, олардың
бір- бірінен айырмашылықтарын, ерекшеліктерін салыстыра отырып
түсіндіретін болса, оқушылар жыртқыш деген сөздің мағынасын жеңіл
қабылдайды.
б) Берілген сөз мағынасын синонимдер арқылы анықтап түсіндіру тәсілі.
Басында көнетоз қоян тымақ, селдір мосқал кісі сырғышпен көпене қарды
шірене итеріп келеді (Ғ.Мұстафин). Мұндағы мосқал сөзінің мағынасын кәрі,
қарт, егде, кексе, т.б. синонимдер арқылы танытуға болады. Ол үшін синонимдік
сөздікті дұрыс қолданудың әдістемесін меңгеру шарт.
в) Сөздің морфологиялық құрамын талдап- түсіндіру тәсілі. Мысалы: бастық,
басшы, баспана, бастау, т.б.
г) Жаңа сөз мағынасын логикалық анықтама беру арқылы түсіндіру.
Сахна - әртістер мен әншілердің өнер көрсететін орны; шаңырақ – уықтар
бекітетін киіз үйдің дөңгелек шеңберлі төбесі.
ғ) Жаңа сөзді сөйлем ішінде қолдану арқылы түсіндіру тәсілі. Мысалы.
Шөпке жүгірген қойлар маған ырық берер емес.
д) Сөздіктермен, әсіресе, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жүргізу.
Сөздің мән- мағынасын болмысымен салыстыру арқылы игерту. Бұл әдіс
сөздің лексикалық топтарын оқытуда көп мағыналы сөздер, синонимдер,
омоним сияқты категорияларды танытуға нәтижелі болып есептеледі. Демек,
бір ұғым екі немесе одан да көп сөзбен аталса, ондай сөздердің синоним
болатыны сол ұғым мен сөздер салыстыра игеріледі. Салыстыру арқылы
ұғымдар мен дыбысталудың, мағыналар мен сөздердің ерекшеліктерін таниды.
Мысалы; а) омоним мен полисемиялы сөздердің бір- бірінен өзгешеліктері
салыстырылады. 1. Олар жатқан орындарынан атып тұрды. 2. Қараңғыдан шыға
келген адам мылтығын атып жібереді. 3. Жас ағаштар шешек атып құлпырып
кеткен. 4. Атты ертте, жылдам жүреміз. Мәтіннен синоним мен полисемиялы
сөздерді таптырып, олардың мағыналарын салыстыру арқылы ерекшеліктері
игертіледі.
Лексикалық материалды игертудегі әдістің бірі- байлығының пайда болу,
жасалу, қалыптасу тарихын халық өмірімен салыстыра отырып, мағынасын ашу.
Бұл тәсіл көбінесе басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер,
кәсіби сөздер туралы ұғымды оқушыларға түсіндіруде жиі қолданылады.
Мұндағы мақсат – оқушыларға сөздің тарихын, шығу тегін не пайда болу
себебін ашып түсіндіру жолымен лексикалық мағынаны анықтау. Мәселен,
архаизм сөздердің ескіріп, халықтың тұрмыс- тіршілігінде күнделікті
қолданудан шығып қалатындығы туралы ой қорытындыға келеді.
Сөздікпен жұмыс – қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең
маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған
тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе
білу, мәдениетті де сауатты жаза білу әрекеттері жүзеге асады.
Қорыта
келгенде, антонимдік, омонимдік, синонимдік сөздіктердің
қолданылуы, сөздің мәнін танытып, экспрессивті-эмоционалдық бояуын
айқындау үшін, халықтың тәлім-тәрбиелік, өмірлік көзқарасын шынайы
бейнелеу үшін ойды тереңдетіп беруде өте ұтымды әдістемелік мақсатта
болуды көздейді.
Өзің-өзі бақылау сұрақтары:
1. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгертудің тиімді жолдары қандай?
2. Лексикалық негізгі ұғымдарды меңгеруде оқушыларға кездесетін
қиыншылықтар және оларды шешу жолдары.
3. Лексиканы оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды
пайдаланудың жоспары.
№ 6 дәріс тақырыбы. Қазақ тілінің фразеологиясын оқыту әдісі
Негізгі сұрақтар:
1.Фразеологияны меңгертудің тиімді жолдарын қарастыру.
2.Фразеологияны окытудың мақсаты мен міндеттері.
3. Фразеологияны оқытуда көрнекі кұралдарды пайлалану жолдары.
Қысқаша мазмұны.
Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері, жасалу жолдарын
меңгерту.
Фразеологияны
меңгерту
барысында
ұлттық
дүниетаным
ерскшеліктерін таныту. Фразеологияның жасалу жолдары. Фразеологияны
оқытуда көрнекі кұралдары, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Сөз тіркесінен алған білімдерін тереңдету.
Тұрақты тіркестер
Сабақ мақсаты.
А)Білімділік: сөз тіркестерінен алған білімдерін тереңдету.
Ә)Тәрбиелік: сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге,
шапшандыққа, іскерліккетәрбиелеу.
Б)Дамытушылық: өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету,
оқушылардың дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: танымдық әрі жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жарыс, әр түрлі ойын түрлері, суретпен жұмыс,
мәтін құрастыру.
Сабақтың көрнектілігі: тұрақты тіркестерге арналған сызбалар, тақырыпты
ашуға арнап салынған суреттер (жыл мезгілдерінің, төрт түлік малдың, адамның
бейнесі).
Пәнаралық байланыс:орыс тілі, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы.
1)Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу т.б.
2)Қайталау үшін қойылатын сұрақтар
1.Лексика нені зерттейді?
2.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
3.Тұрақты тіркес пен еркін тіркестің арасында қандай айырмашылықтар бар?
4.Олардың қандай ортақ белгілері бар?
5.Антонимдес тұрақты тіркестер ойлап көріңдер?
6.Синоним болатын тұрақты тіркестер бар ма, мысал келтір.
3.Сызбаны үлгі бойынша толтыру
р.с.
Еркін сөз тіркестер
Тұрақты тіркестер
1.
2.
3.
4.
Тайға таңба басты.
Ол көзін ашып, қайта жұмды.
... ... ...
... ... ...
Оның жазуы тайға таңба
басқандай анық еді.
Концерт көзді ашып-жұмғанша
аяқталды.
... ... ...
... ... ...
4.Мына сөздердің фразеологиялық синонимдерін жаз.
1.Бақытты-маңдайы ашылған,қыдыр дарыған,бақ қонған.
2.Анық-
3.Алыс-
4.Аз-
5.Мына фразеологизмдердің мағынасын білдіретін сөздерді жаз.
1.Жүрегі алып ұшты-қобалжыды.
2.Төбесі көкке жетті-...
3.Бармағын тістеді-...
4.Жермен-жексен ету-...
5.Қол ұшын берді-...
6.Мына тұрақты тіркестердің антонимдерін жаз.
1.Жүрек жұтқан-су жүрек
2.Ит терісін басына қаптады-...
3.Жүрегі қарс айырылды-...
4.Ұшан-теңіз-...
5.Қой аузынан шөп алмас-...
7.Өзара синонимдес тұрақты тіркестер ойлап жаз.
1.Көз ілмеді.Түн ұйқысын төрт бөлді.Кірпігі айқаспады.Көрер таңды көзімен
атырды-ұйықтамады.
2.Жұмған аузын ашпады... ... ...
3.Төбе шашы тік тұрды... ... ...
8.Сурет бойынша жұмыс.
Адамның портреті ілінеді. Адамның бет-әлпеті, мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі,
жағы т.б. қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тұрақты тіркестер ойлау. (Ойын
түрінде «Кім көп айта алады?»).
1-қатар. Бет , жақ қатысына қарай айтады. Мәселен, бетің бар, жүзің бар
демейді-тура айтады, бетінен оты шықты-ұялды.
2-қатар.Сөздің қатысына қарай айтады. Мысалы:көздің жауын алады-әдемі,
керемет;көзінің жасы көл болды-жылады, уайымдады.
3-қатар. Мұрын, езу қатысына қарай айтады. Мысалы, Танауы тасқа тиді-жолы
болмады;
Мұрнына су жетпеу-уақыты болмады; «екі езуі екі құлағына жетті»-қуанды.
4-қатар.Тіл мен тістің қатысына қарай айтады. Мысалы: Тілі мірдің оғындай-
өткір, шешен; тісінен шығармады-айтпады.
Төрт түлік малдың суреті ілінеді. Төрт түлік мал, олардың жеке түрлерімен
байланысты толып жатқан тұрақты тіркестер бар.
1-қатар. Түйенің суреті бойынша айтады. Түйені түгімен жұтқан, түйе үстінен
сирақ үйту.
2-қатар. Қойдың суреті бойынша айтады. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған,
қой аузынан шөп алмас, қой мінезді.
3-қатар. Сиыр малы мен ешкінің суреті бойынша айтады. Қой бастаған
серкедей, желіні жер сызған, Сиыр құймышақтату, сиырдың бүйрегіндей,
өгіздей өкіреді, оқыра тигендей болды, бұзау жалағандай, сиыр сілекейленді.
4-қатар. Жылқының суреті бойынша айтады. Тайға таңба басқандай, ат
құйрығын кесісті, тайлы-таяғымен келді, ат шаптырым жер, ат төбеліндей ғана
т.б.
Жыл мезгілдерінің суреті ілінеді.
Жаз-аспан айналып жерге түскендей, жаны жаз, көңілі көктем,т.б.
Қыс-қабағынан қар жауып, кірпігінен мұз қатты, ақ қар, көк мұзда, түкірігі
жерге түспейді, суық көзбен қарады т.б.
Күз-күрең қабақ болды, жылауық күздей, құс қайтқандай болды, балапанды
күзде сана, жүзі күңгірт тартты, түнере қалды т.б.
Көктем-май тоңғысыз, көгеріп көктеді, жапырағын жайды т.б.
9.Дәптермен жұмыс. Жаттығу жұмысы.
«Менің досым» тақырыбына партада қатар отырған екі оқушы бір-біріне
мінездеме жазады. Ішінде тұрақты тіркестері болуы керек. Осы үлгіде төрт
қатардан ең үздік оқушыларға ішінде тұрақты тіркестері бар мәтін құрастыру
тапсырылған ,сол әңгімелер оқылады:
«Менің анам»
«Асыл әжем»
«Саяхат»
«Ана мен бала»
Оқылған мәтіндердің ішінде кездескен тұрақты тіркестер талданады,
мағыналары ашылады.
10.Венн диаграммасын құрғызу.
Тұрақты тіркестер мен еркін тіркестердің айырмашылығы, ортақ белгілері
табылады.
Еркін тіркес .......Ортақ белгілері Тұрақты тіркес
1.Орны ауыса береді.....................1.Екі немесе одан 1.бір ғана мағынаны
білдіреді
2.Қажетіне қарай басқаша да көп сөзден болады.....2.орнын ауыстыруға
болмайды
құрастыруға болады.......................................................3.басқа тілге еркін аударуға
келмейді.
3.Құрамындағы сөздердің....................................4.Құрамындағы сөздер бір ғана
әрқайсысы жеке мағынаға ие.....................................мағынаны білдіреді.
11.Пәнаралық байланыс.
Орыс тілімен байланыстыру.
1.Рано-ни свет, ни заря.
2.Недалеко-в двух шагах.
3.Быстро-сломя голову.
4.Исчез-как в сквозь землю провалился.
Мысалы. Мой дед просыпался рано. Мой дед просыпался ни свет, ни заря.
Я живу недалеко от школы. Я живу в двух шагах от школы.
Мальчик бежал быстро. Мальчик бежал сломя голову.
Мой друг куда-то исчез. Мой друг как в сквозь землю провалился.
Оқушы білімін бағалау. Сабақты қорыта отырып, оқушыларды білімдеріне
қарай бағалау.
Үйге тапсырма. Тұрақты тіркестерді қайталау. «Менің мектебім» тақырыбында
тұрақты тіркестері бар, шағын мәтін құрастыру.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 . Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері қандай?
2. Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерскшеліктерін
танытудың жолдары.
№ 7 дәріс тақырыбы. Сөзжасамды оқыту әдісі
Негізгі сұрақтар:
1.Оқушыларға грамматикалық және сөзжасам ұғымдарын қалыптастырудың
әдістемелік негіздері.
2.Сөздің морфемалық құрамын және жасалуын оқытудың маңызы мен міндеті.
3.Оқушылардың сөз құрамын талдауда жіберетін қателері, оны түзетудің
жолдары.
Қысқаша мазмұны.
Сөзжасам туралы түсінік бергенде, мысалға келтірілген сөздерге
сөзжасамдық талдау жасатылады да, сөзжасамның синтетикалық, аналитикалык
тәсілдерін керсететін тілдік тұлғаларға көз жеткізіледі.
Сөзжасамдық талдауды сөз құрамына талдаумен ұштастырып жасаған
тиімді. Солай еткенде ғана сөздің лексикалық мағынасы нақты көрсетіледі.
Уақыт оздырмас үшін, грамматиканы оқытқанда, көбіне талдаудың толық
емес түрінің жүргізілгені де пайдалы. Алайда қайталау сабақтарында
грамматикалық талдаудың барлық түрі толық жүргізіледі. Бүл - фонетика,
морфология, синтаксистен алған оқушылардың біліміи еске түсіруге, тілдің іщкі
заңдарын үмытпауына және алдағы уақытта етілетін материалдарды жеңіл
меңгеруге көмектеседі.
Мектептің окушылары төменгі сыныптан бастап грамматикалық талдау
жасауға үйренеді. Сондықтан да мұғалім оқушыларынан талдауды өздігінен
жасауды талап етуі керек. Мәселен, жазушыларымыздан деген сөзді талдағанда,
бұл қандай сөз, түбір сөз бе, туынды сөз бе, қанша морфемадан тұрады... деп
ежіктеп сұраумен уақытты алмай, оқушыларға мына сөзге сатылай кешенді сөз
құрамы және сөзжасам бойынша талдау жаса немесе осы сөзді мағынасына,
құрамына қарай талда деп қана айту керек. Сонан кейін оқушылар ешбір
қосымша сұрақсыз өздігінен талдауға тиіс.
Осындай жағдайда грамматикалық талдауға көп уақыт кетпейді, әрі
оқушылар кез келген сөзді, сөз тіркесін тез, оздігінен талдауға жаттығады.
Соңғы
грамматиканы
оқытуға
байланысты
түсіндірмелі
жазу
(комментированное письмо) жүмысы жүргізіле бастады. Мұның өзін
грамматикалық талдаудың бір түрі есебінде қарауға да болады. Өйткені олар
бір-бірімен байланысты. Түсіндірмелі жазудың толық және толық емес түрлері
бар. Түсіндірмелі жазудың толық түрінде оқушы жазып отырған сөйлемінде
грамматикалық талдаудың барлық түрін бірдей жасайды да, әр сөздің калай
жазылатынын, сейлемде тыныс белгілерінің койылу себебін айтады. Ал толык
түсіндірмелі жазуда сөйлемді мұғалімнің талабына сай ғана түсіндіреді.
Мысалы, «Көркемдеп сөйлеуді жазушыларымыздан үйренейік» деген
сөйлемдегі жазушыларымыздан деген сөзді құрамына және сөзжасамдық
сипатына қарай түсіндіріп жазады:
1.
бұл сөз алты құрамнан (морфемадан) тұрады: сөзде 3 лексикалық мағына,
3 грамматикалық мағына бар;
2.
жаз — негізгі (түбір) морфема, себебі сөздің әрі қарай бөлшектеуге
келмейтін мағыналы белігі, етістік (сабақты) кайт? не істе? нені істе? деген
сүрақтарға жауап береді;
3.
жазу - туынды түбір, негізгі түбірге сөз тудырушы - у жүрнағы жалғану
арқылы жасадған зат есім, сүрағы - не?;
4.
жазушы - туынды түбір, туынды түбірге сез тудырушы - шы жұрнағы
жалғану арқылы жасалған, зат есім сүрағы— кім?;
5.
-лар - қосымша морфема, беретін грамматикалық мағынасы - көптік
мағына;
6.
-ымыз - қосымша морфема, тәуелдік жалғаудың І-жағы, беретін
грамматикалық мағынасы - меншікгік мағына;
7.
-дан
— қосымша морфема, шығыс септігі формасы, беретін
грамматикалық мағынасы - объектілік мағына.
8.
Түсіндірмелі жазудың жетістігі де, кемшілігі де бар: жетістігі - окушы
ойын жүйелеп айтуға дағдыланады, түсіндірмелі жазу кезінде оқушының қазақ
тілінен білімі қаншалықты екені бірден аңғарылады, оқушының белсенділігі
артады; ал кемшілігі - кейбір жалқау оқушьшар түсіндірмелі жазу кезінде
өздігінен ештеңені ойламайды, түсіндірген оқушының айтуы бойынша жаза
береді, түсіндірмелі жазу өте көп уақыт алады, білім көлемі нашар сыныпта
сабақтың басынан аяғына дейіи екі сөйлемді ғана түсіндіріп жазады. Кейде
мүндай жүмыс оқушыларды шаршатып, қажытып та жібереді.
9.
Бұл сияқты фактілер грамматиканы оқытқанда, түсіндірмелі жазуды қалай
болса солай ұйымдастыра, жүргізе бермей, тиімді деген жағдайда ғана қолдану
керектігін аңғартады.
2.Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен
ұстанымдары. Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен
және стилистикамен байланыстыра оқыту. Жаттығулар жүйесі. Сөз құрамын
талдау мен сөзжасам жолын талдау, бұлардың ұқсас жақтары мен
айырмашылықтары. Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық
құралдарды, сөздіктерді пайдалану.
Тақырыбы: Біріккен сөз
Мақсаты:
Білімділік: Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру. Кейбір сөздер бірнеше
түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
Тәрбиелік: Әдемі, таза, сауатты жазуға төселдіру.Ұйымшылдыққа, белсенділікке
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармашылықпен, топпен жұмыс істеуін қалыптастыру.
Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап, ойын, жеке, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: Ашық журнал, интерактивтік тақта, слайдтар
Сабақ барысы:
І. Кезең.
а) Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
ә) Үй тапсырмасын тексеру.
1. 225-жаттығу. Күрделі сөздерді қатыстырып туған жердің қысқы тіршілігі
туралы шығарма жазу.
2. Тірек сызбамен жұмыс.
Күрделі сөздер
қос сөздер біріккен сөздер тіркескен сөз қысқарған сөз
ІІ.Кезең. Жаңа сабақ
а) «Фигураны тап» ойыны.
1. Фигуралардың аттарын жазу. (Шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш,
кесінді)
2. Сөздердің ішінен күрделі сөздерді табу. Бұл күрделі сөздер қалай жасалған?
ә) «Эстафета» ойыны. Топтық жұмыс.
Екі бағандағы сөздерді біріктіріп жаңа бір сөз жаса.
түйе құс
ақ сүйек
ас қазан
ала бұға
Бағандағы жеке сөздер мен біріктіру арқылы алынған сөздерді салыстыр,
қандай қорытынды шығаруға болады?
Ереже шығару: Түйеқұс- құстың атауы, ақсүйек ұлттық ойын, асқазан- адамның
ішкі ағзасы, алабұға - балықтың атауы болғандықтан бірге жазылады. Бұлар
біріккен сөздер деп аталады.
б) Оқулықпен жұмыс.
Ережені оқыту
1. Сөздерді оқу, сөз құрамына талдау. Әр сөз неше түбірден құралғанын айту.
(226-ж.)
2. Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді табу. Біріккен сөз құрамындағы
түбірлердің арасына қосу (+) белгісін қойып жазу. (227-ж.)
Сергіту сәті. « Ой ашар»
3. Өлеңді көшіріп жазу. Біріккен сөздерді тауып, астын сызу. (228-ж.)
4. Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді табу.
«Кім көп біледі?» ойыны. Топтық жұмыс. Аң, құс, балық, жәндік аттары болып
келетін біріккен сөз жаса.
І топ
Қар,бақа,тас,сақ,қас, серке, көк,қыр, жол, құйрық, қара, барыс.
ІІ топ
Мүйіз, қанат, көп, тас, ақ, құс, түйе, бөкен, бір, аяқ, қос, қазан.
ІІІ. Кезең. Деңгейлік тапсырмалар
І. 1.Біріккен сөз дегеніміз не?
2.Сөздік диктант
3. Бірікккен сөздерге көбіне қандай атаулар жатады?
ІІ. 1.Біріккен сөз қалай жазылады?
2.Біріккен сөз ойла, сөз құрамына талда.
3.Біріккен сөздер құрамындағы сөздердің мағынасын түсіндір.
ІІІ. 1.Біріккен сөзден тұратын жер, су атауларын жаз.
2. Біріккен сөзден тұратын адам аттарын жаз.
3. Біріккен сөздері бар шағын әңгіме жаз.
ІҮ. Қорытындылау
Ү. Үйге тапсырма: 230-жаттығу. Тапсырмаларды аяқтау
ҮІ. Бағалау. Жинаған балдарын есептеліп бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |